2871 ТҰРҒЫН БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

2871 ТҰРҒЫН БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Биыл облыс орталығында жергілікті бюджет қаржысына 10 көппәтерлі тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Петропавл қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше, оның 9-ы Копай шағынауданында тұрғызылатын болады.

Қазіргі уақытта баспаналарды тұрғызу бойынша байқау өткізілді. Алдымен Копай шағынауданындағы ескі үйлерді сүру жұмыстары басталды. Олардың орнын су жаңа көпқабатты үйлер баспақ. Жалпы 44,6 гектар жерді алып жатқан құрылыс алаңында 27 көппәтерлі баспана тұрғызылады, оның жалпы аумағы 278 мың шаршы метрден асады. Нәтижесінде қаланың 2871 тұрғыны қоныс тойын тойлайтын болады. Сондай-ақ, үстіміздегі жылы жеке инвестициялардың есебінен 10 көпқабатты тұрғын үйдің, 18 бюджеттік және 10 коммерциялық баспананың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. 2021 жылы құрылысы басталған 35 көпқабатты тұрғын үйді тұрғызу жұмыстары биыл жалғасын тапты. Оның 21-і жалдамалы пәтерлер болса, 14-і – несиелік. 2020 жылы қолданысқа 183,4 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, былтыр өсім 21 пайызға жетіп, 222,2 мың шаршы метрді құрады. Соның арқасында облыс орталығында өткен жылы 16 баспана салынды.

Нұрсайын ШӘРІП, СҚО облысы
23.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ордабасы» президенті маңызды мәлімдеме жасады
«Ордабасы» футбол клубының президенті Абдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы - 25.04.2024 10
ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 19
КЕНТАУДА ҚОҚЫС ЖИНАУ БОЙЫНША  «ПЛОГГИНГ» МАРАФОНЫ ӨТТІ
Түркістан облысының әкімінің баспасөз қызметі - 25.04.2024 25
 ШАРДАРАЛЫҚ 9 ОҚУШЫ РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ИСПАНИЯДАҒЫ ЖАРЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.04.2024 22

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 995
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7045
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10889
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7114
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7256