37 жылу электр орталығының 10-ы ғана мемлекет меншігінде

37 жылу электр   орталығының 10-ы ғана мемлекет меншігінде

ҚР Энергетика министрлігі: «Елімізде 37 жылу электр орталығы бар. Ведомство тізіміндегі 37 жылу электр орталығының 10-ы мемлекет меншігіне тиесілі. Ал бесеуіне квазимемлекеттік сектор иелік етіп отыр. Қалған 22 жылу электр орталығы – жекеменшік. Мемлекеттік ЖЭО-лар Астана, Шахтинск, Арқалық, Тараз, Семей, Қостанай, Орал, Кентау, Қызылорда қалаларында, квазимемлекеттік сектор иелігіндегі ЖЭО-ның үшеуі Алматыда, ал екеуі Ақтауда орналасқан. Қалған өңірлердегі орталықтар жекеменшіктің қолында», – деп хабарлайды.  Айта кетерлігі, еліміздегі жылу электр орталықтарының орташа жұмыс істеген мерзімі 61 жыл. ЖЭО-лардың 76 пайызға жуығы 50 жылдан астам уақыт бойы халыққа қызмет көрсетіп келеді. ЖЭО-ның негізгі жабдықтарының орташа тозуы – 66 пайыз. 37 жылу электр орталығының жалпы электр қуаты – 6 517 МВт, ал жылу қуаты – 20 135 Гкал/сағат. Аталған орталықтарда 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді.

Ермек Сахариев
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 423
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 431
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 382

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20747
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20536
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35646
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34191
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38065