6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

6 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

 Елордада екі арнайы экономикалық аймақ – «Астана – жаңа қала» және «Астана – Технополис» жұмыс істейді, олар инвестициялар тарту және басым салаларда бәсекеге қабілетті өндірістер құру арқылы қаланың экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылған. АЭА резиденттерге бизнесті жүргізу және перспективалы жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, бірегей жеңілдіктер мен преференциялар береді. «Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін инвесторға қойылатын негізгі талаптардың бірі заңды тұлғаны Қазақстан Республикасында тіркеу және қызметтің басым түрлерінің бірін жүзеге асыру болып саналады. Қазіргі уақытта «Астана Технополис» және «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарының қатысушылары 346 компания болып саналады, олардың 110-ы №1 Индустриялық паркте орналасқан. Экспорт көлемі олардың қызметі басталғаннан бері 140 млрд теңгені, салық аударымдарының көлемі – 341 млрд теңгені құрады», – деді «Astana Invest» ЖШС инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары Руслан Чилиманов. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге табысқа жету жолында кездесетін қаржылық және ұйымдастырушылық кедергілерді жеңуге көмектесетін негізгі құралдар болып саналады. «Біз «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларымыз. Наурыз айында газдалған бетон блоктарын шығаратын зауытты іске қостық. Қазір 90% қуатқа шықты, маусым айында 100% қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз. Зауыт 95% автоматтандырылған. Бұл бізге барлық техникалық шарттарға сәйкес келетін сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Біздің болашақ жоспарларымыз – қаланы тұтынылатын өніммен қамтамасыз ету және басқа елдерге экспортқа шығу», – деді «DAT KZ» ЖШС өндіріс бастығы Юрий Великанов. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында елорданың арнайы экономикалық аймақтарының қатысушылары тұрғындар үшін 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашты.

ЕРҚАЗЫ СЕЙТҚАЛИ
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Заңға қол қойды
Алишер Сатвалдиев - 08.07.2024 61
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК БАЙЛАНЫС НЫҒАЯДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.07.2024 58
ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сарысу ауданы әкімдігі - 08.07.2024 40
Театрға барып жүрміз бе?
Гүлнұр ӘДІЛХАНҚЫЗЫ, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының әкімшісі. - 08.07.2024 38
«Ұлттық дәстүр-тәрбиенің бастауы»
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ - 07.07.2024 169
САЙРАМДА АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫ АЯСЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.07.2024 220

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1232
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 781
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2126
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 1764
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 2869