«Әділет» партиясы Достық үйі – келісім орталығының ұжымына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

«Әділет» партиясы Достық үйі – келісім орталығының ұжымына Президент Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді

«Әділет» партиясының өкілдері Өскемен қаласындағы Достық үйі – келісім орталығының ұжымымен кездесіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттарды түсіндірді.

Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру, адами капиталды дамыту және қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Президент Жолдауында көтерілген бастамаларды өңірлік деңгейде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Әсіресе, қоғамдық келісімді сақтау, этносаралық татулықты нығайту және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бағыттарына ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысқан Зоя Новолодская Мемлекет басшысының бастамаларының маңыздылығына тоқталды. Оның пікірінше, елдің тұрақты дамуы үшін экономикалық өзгерістермен қатар, қоғамдағы өзара түсіністік пен бірлікті сақтау да маңызды. Әрбір азамат ел өміріндегі өзгерістерге бейжай қарамай, ортақ мақсат жолында белсенділік танытуы қажет. Сондай-ақ Жолдауда белгіленген міндеттердің нақты істермен ұштасуы халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

Кездесу соңында қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің белсенді қатысуы маңызды екенін атап өтті.

«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған бастамаларды халық арасында түсіндіру және олардың өңірде жүзеге асырылуына қоғамдық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

23.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29782
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29336
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46561
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42140
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46913