АЭС САЛУҒА «ҚҰШТАРЛЫҚ» РЕФЕРЕНДУМДА «ІШТАРЛЫҚ» ЖАСАУҒА ЖОЛ АШПАЙ МА?

АЭС САЛУҒА «ҚҰШТАРЛЫҚ» РЕФЕРЕНДУМДА «ІШТАРЛЫҚ» ЖАСАУҒА ЖОЛ АШПАЙ МА?

Мен еліміздің бір азаматшасы ретінде Президент саясатын қолдаймын. Қолдап та келемін. Өйткені дәл қазір қазаққа ынтымақ пен бірлік керек. Шығысы мен солтүстігі көптігімен, қарулы күштерімен қорқытса, батысы мен оңтүстігі де аяғының шалыс басқанын күтіп отыруы әбден мүмкін. Осындай кезде бір тудың астына жиналып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару – ұлы мұрат! Президент Тоқаевтың өзі жаңа да Әділетті Қазақстан құруға шақыруда. Бұл дегеніңіз – «Ей, қазақ, жаңаша ойлан, жаңаша қадам бас! Ескіден жирен, жаңадан үйрен» деген ақыл-кеңес! Президенттің өзі осылай деп тұрғанда, демократияға шақырып, әділдіктің ақ туын тік ұста деп меңзеп тұрғанда қазақ баласының кежегесі кері тартып, баяғы батпақтан шыққысы келмей көткеншектей беруі жақсылық нышаны емес. АЭС секілді халықтық маңызы бар мәселені елдің талқысына салуының өзі «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегені. «Елім, не айтасың?» деген сұрауы!

Қазір елдің аузында жалғыз ғана әңгіме жүр. Ол – алдағы референдум. АЭС жайлы толғам. Тыңдап отырсаң, бәрі шешен. Бәрі көсем. Әлеуметтік желідегі пікірлердің өзі сан алуан. Біреулер АЭС-ті жатып келіп мақтайды. Баз біреулер жерден алып, көрге салып даттайды. Әйтеуір, дүрліккен қоғам. Қазақта «Шымшық сойса да, қасапшы сойсын» деген тәмсіл бар. Мен өзім осыған бас ием. Сөйлесе мамандар сөйлесін. Бірақ өкініштісі, елдің көбі (ішінде әншілер де бар) атом мен ядро саласының білгірі секілді АЭС-ті қолдауға шақыруда. Депутаттар тіпті ел-елді аралап насихат жұмысын да бастап кетті. (Көпке топырақ шашпаймын. Елдің сөзін сөйлеп жүрген депутаттар да баршылық). Бұл біржақтылық. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС мәселесін елдің талқылауына ұсынып отыр. Бұл жай емес қой. Референдум – халықтың қалауымен қабылданатын шешім. «Халық қаласа, хан түйесін сояды». Бітті. Ал бізде алашапқын болып жүргендер көп. Бұл не, «болмайтынды болдырамыз, күшке салсақ АЭС-ті де Балқаштың маңына қондырамыз» деген емеурін бе? Референдумға санаулы күн қалғанда үнсіз қалмайын деп, Абай атам айтпақшы, «...Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған бел байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ» дегеннің кебі менің де басымда. Еланасы атанып жүргенім де елдің арқасы. Қалың қазақтың ортасынан шыққан ананың бірімін. Еліме, жеріме, болашаққа алаңдаймын. Кешегі кеңестік заманда Семейдің атом зардабын тартқанын, Байқоңырдың қалың мұңға батқанын, Аралдың суы тартылып, зар еңіреп жатқанын, Маңғыстауда бірнеше рет атом және сутегі бомбаларының жер астында жарылып, тыным тапқанын көрген, естіген анамын. Қазақтың әр белесі, әр тасы шертіп қалсаң зарлай жөнелуге дайын. Себебі қасіретін тартып, әлі күнге азабынан айыға алмай келе жатыр...

ӘРІ МАМАН, ӘРІ ДЕПУТАТ АЗАМАТТЫҢ АЩЫ ШЫНДЫҒЫ

Мен Еланасы ретінде Президент саясатын қолдаймын. Қолдап та келемін. Өйткені дәл қазір қазаққа ынтымақ пен бірлік керек. Шығысы мен солтүстігі көптігімен, қарулы күштерімен қорқытса, батысы мен оңтүстігі де аяғының шалыс басқанын күтіп отыруы әбден мүмкін. Осындай кезде бір тудың астына жиналып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару – ұлы мұрат! Президент Тоқаевтың өзі Жаңа да Әділетті Қазақстан құруға шақыруда. Бұл дегеніңіз – «Ей, қазақ, жаңаша ойлан, жаңаша қадам бас! Ескіден жирен, жаңадан үйрен» деген ақыл-кеңес! Президенттің өзі осылай деп тұрғанда, демократияға шақырып, әділдіктің ақ туын тік ұста деп меңзеп тұрғанда қазақ баласының кежегесі кері тартып, баяғы батпақтан шыққысы келмей көткеншектей беруі жақсылық нышаны емес. АЭС секілді халықтың маңызы бар мәселені елдің талқысына салуының өзі «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегені. «Елім, не айтасың?» деген сұрауы! Бізде қалай, референдумды билік тарапы күні үшін мақтап, блогерлер тамсанып ақтап, жалдамалы жазғыштар ар-ұятын таптап, халықтың бір тобы үрейі ұшып жалтақтап отырған жайы бар. Әрине, көпшілік бар жерде сан түрлі пікірлер болады. Бірақ ең маңызды мәселе – ел мен жердің амандығы, ұрпақтың сау болуы. Бізден кейін де өмір болады Алла жазса. Келер ұрпақ бізге алғыс емес, қарғыс айтып жүрмей ме? Біз оларға ну емес – у, отан емес – атом қалдырсақ, кім болғанымыз? Осыны естен бір сәт шығармауымыз керек! Отыз жылдан аса уақытта сыртқа 150 миллиардтан аса доллар қарыз болыппыз. Салынған дені дұрыс бір зауыт не бір фабрика жоқ. Шиедей қарызбыз. Тап осындай күйде тұрып АЭС саламыз деу қаншалықты дұрыс? АЭС салуға кемі 15-20 жыл керек дейді. Қаржысы да қомақты. 10-15 миллиард көк қағаз. АЭС-ті кім салады? Ресей ме? Қытай ма? Мен өзге дамыған елдерді айтқым келмейді. Неге дейсіз бе? Себебі Ресей мен Қытай қолда тұрған майлы шелпекті өзгелерге ұстатуға құлықты емес, ағайын! Айтпақшы, жуырда ғана дамудың шыңына шыққан Германияда Графенрайнфельд АЭС-і жойылды. Басқа да АЭС-тен бас тартып жатқан елдер көп. Кейінгі жылдары Еуропалық одақ елдері, жалпы әлемдегі дамыған мемлекеттер АЭС-тен біртіндеп бас тартып жатыр. Мәселен, Франция, Германия, Испания, Бельгия секілді мемлекеттер 2035 жылға таман 32 ядролық реакторды жабуды жоспарлап отыр. Аталған стансалардан 31,9 гигаватт электр тогы өндіріледі. Ертең АЭС салсақ, оның тағдырын кімге сеніп тапсырамыз? Мені осы қатты алаңдатады. Себебі бізде жемқорлық бар. Ол жүрген жерде қауіп бұлты сейілмейді. Осы АЭС-ті салу, ұмытпасам, 1994 жылы Назарбаевтың тұсында көтеріліп, халық қарсы болып тоқтап еді. Енді қайта көтеріп жатыр... Неге? Осының бәрін саралай келе, келер ұрпақтың алдында жүзім жарқын болуы үшін осы мақаланы жазуға отырдым. Мысалы 2011 жылы бүгінгі депутат Еділ Жаңбыршин АЭС туралы «Адамзат ең бірінші Атом энергиясын адамды құрту үшін пайдаланды. Сол үшін атом бомбасын ойлап шығарды. Ол ешқашан қауіпсіз болмайды. Егер мемлекет халықтың экономикалық, экологиялық болашағын ойлайтын болса, бұл жобаны мүлдем жауып тастау керек» деген болатын. Азамат екен, әлі де сол сөзінен қайтпай отыр. Демек, елімізде демократияның желі соғып тұр. Нартайға берген сұхбатында «Мен сөзімді айтарда айтар ойымды зерттеп алам. Әсіресе осындай мәселелерде. Менің өзімнің азаматтық позициям бар. Қазақстан азаматы ретінде. Маман ретінде. АЭС-ті бізде салуға әлі ерте. Оның үлкен проблемалары бар. Ол өз алдына бөлек тақырып. АЭС салу экология жағынан өте лас. Президентке де әртүрлі адамдар барып айтатын шығар. АЭС пайдалы, оның тарифі ертең төмен болады деп. Біріншіден, АЭС үлкен қаржыны қажет етеді. Екіншіден, бізде маман жоқ. Ол жерде кемі екі мыңға жуық адам жұмыс істеуі тиіс. Үшіншіден, біз ондай технология шығармаймыз. Сондықтан ертең біреуге тәуелді боламыз. Құрал-жабдығына, қосалқы бөлшектеріне. Бұл бер жағы ғана. Төртінші, бұл әскери террористік қаупі бар нысанға жатады. Украинадағы Запорожескаядағы жағдайды көрдіңіздер. Бесінші, экологиялық жағынан проблема. Экономикалық жағынан тиімсіз. Уранның жартылай бөлінуі төрт жарым миллиард. Платнидікі екі жүз миллионның үстінде. Олар соған дейін адамның ағзасына әсер етіп отырады. Ертең одан шығатын қалдықтарды бір жерге сақтау керек. Әлемде улы қалдықтарды сақтайтын қойманы әлі ешбір мемлекет жасаған жоқ» дейді. Бұл кәнігі маманның сөзі, Парламент депутатының сөзі. Ал белгілі эколог Мелс Елеусізов бір-ақ ауыз сөзбен: «АЭС салынса, Балқаш өледі» деп отыр. Бұған сенбейін десең, білікті мамандардың пікірлері бірдей. Жан шошырлық.

KEGOC-ТЫҢ БҰРЫНҒЫ БАСШЫСЫ АЭС-ке НЕГЕ ҚАРСЫ?

Қазақстанда АЭС салу төңірегіндегі пікірталас көптеген сұрақтар туғызуда. «ҰХДБИ» («Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» ҚҚ) қоғамдық қорының әріптестері энергетика және экономика саласындағы сарапшы, KEGOC («Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» Акционерлік қоғамы) бұрынғы басшысы Әсет Наурызбаевтан Қазақстандағы электр энергетикасы туралы ең ауыр мәселелерді түсіндіру үшін сұхбат алды. Неліктен елдегі электр энергиясы жыл сайын қымбаттайды? АЭС құрылысы қазақстандықтар үшін жалпыға ортақ игілікке айнала ма? Атом энергиясы көмір мен газ генерациясынан арзан бола ма? Бірден айтайын, білікті маман Әсет Наурызбаев «Қазақстандағы АЭС арзан электр энергиясын өндіретініне сене алмаймын» дейді. Алайда өзі электр энергиясының жаңартылатын көздері – жел және күн батареяларын қолдайды. Әсет Наурызбаев: «Атом энергетикасы – қазір «тұтқасы жоқ чемодан». Егер сізде елде атом электр станциясы болса, онда сіз оны тастай алмайсыз, өйткені сізде көптеген реакторлар салынған, оларды қадағалау керек. Оларды сүйемелдеу үшін зауыттар қажет, бұл жүздеген мың жұмыс орындары. Бұл саланы жабу мүмкін емес. Бірақ Атом станциялары баяу жұмыс істемейді. Және оларды ауыстыру керек. Мысалы, Германия қазір атом станцияларынан бас тартуда. Оларға оңай – олар бәрін сатып алды, оларда үлкен өндіріс жоқ. Франция, Америка Құрама Штаттары толық ядролық циклге ие. Олар үшін атом энергетикасынан бас тарту – ауыр мәселе. Электр энергиясының бағасына қатысты айтсақ, атом электр станциялары арзан электр энергиясын өндіреді деп сене алмаймын. Сіз ең керемет атом станциясын сала аласыз, бірақ одан арзан электр қуатын аламын деп ойламаңыз. Атом электр станцияларының құны өте жоғары, өйткені оларда көптеген қауіпсіздік жүйелері бар және олардың барлығы өте қымбат. Құдай сақтасын, оның жарылып кетпеуін қамтамасыз ету өте қымбат. Атом энергетикасы – ұзақ мерзімді сала. Ол капиталды қажет етеді. Оның өтелу мерзімі өте үлкен. Осыған байланысты Атом энергиясы тек қымбаттайды. Атом электр станциясының соңғы белгілі жобасы – Түркиядағы Аққу. Онда электр энергиясы 1 кВт/сағ үшін 12,35 цент тұрады (теңгеге қайта есептегенде – 55 теңгеден сәл артық). Қазақстандағы соңғы аукциондарда жаңартылатын энергия көздерінен (жел турбиналары мен күн батареялары) электр энергиясының бағасы 1 кВт/сағ үшін 10,5 теңгені құрады (5 есе аз). 60 жыл – АЭС пайдалану мерзімі. Қазақстандықтардың 3-4 ұрпағы одан электр энергиясын алатын болады. Содан кейін кейінгі ұрпақ қолында автоматтары бар радиоактивті қалдықтардың үйіндісін күзетуге мәжбүр болады, ол одан бөлінеді. Олар бір кВт/сағ электр энергиясын алмайды, тек қалдықтарды күзетеді, кейбір адамдар олардан лас бомба жасамас үшін. Бірақ қазір ешкім болашақ ұрпақ үшін бас ауыртпайды», – дейді білікті маман қынжылып.

 

АСЫҒЫСТЫҚ ЖАСАУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Мезгілсіз уақытта, адамзаттың тыныштығы тығырыққа тіреліп тұрған сәтте, ұлт тағдырын қазыққа байлап, іңірде тұрып көшкендей асығыс қадам жасаудың қажеті жоқ. АЭС САЛУҒА ҚАРСЫМЫН! ҚР азаматы ретінде өзімнің жеке пікірімді білдіріп отырмын.

Сабыр Адай

 

АЭС ЭКОНОМИСТКЕ ЭКОНОМИКА ЖАҒЫНАН ТИІМДІ...

Мен біржақтылықты жек көретін адаммын. Бұра тартып бұрмалауға да жаным қарсы. Елдің көзін ашу үшін, сан пікірлердің тоғысқаны дұрыс. Ел одан өзінің керегін алады. Өмірдің өзі жақсылық пен жамандықтан тұрады емес пе! Мысалы АЭС құрылысының егеменді еліміздің экномикасының дамуына қалай әсер ететіні жөнінде экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ғалымжан Есқараұлы El.kz ақпарат агенттігіне берген пікірінде түсіндіріп беріпті. – Бүгінде Қазақстанда АЭС-тің орналасу аймағы ретінде Абай облысындағы Курчатов қаласы және Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалған. 2035 жылға қарай ел экономикасы мен халықтың қосымша электро энергетикалық сұранысы 18 ГВт-тан астам жаңа буынды қажет етеді. Яғни, ол уақытқа дейін қолданыстағы электро станциялардың генерациясы тек 135 млрд кВт/сағат құрайтын болса, қазіргі таңда тұтыну мөлшері 152,4 млрд кВт/сағатты құрап отыр. Бұл – ағымдағы энергия көздері болжамдалған мөлшерден бөлек, тіпті қазіргі жүктемелерді толықтай қамтамасыз ете алмайды, – дейді Ғалымжан Есқараұлы. Сарапшы ядролық генерацияны дамыту үшін елдегі электр энергиясын өндірудегі таза электр энергиясының үлесін арттыру қажет екенін және ел экономикасындағы көміртегі ізін азайту қажеттігін айтады. – Қазақстандағы АЭС – еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыты. АЭС елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелдіті азайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ атмосфераға парнтік газдар шығарындыларын азайтатын экологиялық тэнергия көзі болып табылады. Атом энергиясы энергияқамтамасыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. СеАЭС үздіксіз жұмыс істейді және ауа райы жағдайына елді емес, – деді экономист. Сонымен экономист атом энергетикасы еліміздің нологиялық дамуына және жаңа жұмыс орынданың ашылуына ықпал етеді деп есептейді. Бұөзге АЭС-тың жұмыс істеуі олар орналасаймақтардың экономикалық өсуіне ықпал езаманауи АЭС энергия тиімділігін арттотырып, смарт-желілік жүйелерге біріктірмүмкін екенін жеткізді. Мемлекет басшысы АЭС құрылысы млесін дестратегиялық сипаттағы жоспарлақоғам талқысынан кең көлемді талқылап, ой елнен өткізіп барып шешім қабылдау қажеттігін аты. Оған қоса Президент энергетиканың Қазақсэкономикасындағы рөлінің маңызын, энергетилық қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндебірі екенін айтты. АЭС құрылысына қатысты айтын болсам, оны салу кезіндегі 1 жұмыс орны іргелеслаларда 10-нан астам жұмыс орнын ашады. Экономикаәсері жергілікті кәсіпкерлікті қолдау (құрылыс-монтажжұмысы кезінде шамамен 2,5-3,5 миллиард доллар татүседі). Бүкіл өмірлік цикл кезіндегі салық түсімдері 2миллиард доллардан асатын болады. Елдің инвестицияөсімі артады, – дейді экономист Ғалымжан Есқараұлы. Иә, АЭС-ті қолдаушылар қарасы да басым. Оны жошығаруға болмайды. 

АЭС-ті пропаганда жасап интернет желісінБАҚ-та, депутат пен шенеуніктер т.б. мақтаушлар көбейіп кетті. Неге олар Еуропаның алпауыттары Германия (17 АЭС-ы болған), ИталияАЭС-і болған), Австрия (құрылысы біткен АЭін референдум арқылы жапты) т.с.с. елдер атоэлектр станцияларының жұмысын тоқтатқанжайлы айтпайды? Осы елдер өздерінің АЭС-нжұмысын тоқтатқаны ақымақтық емес шығаАл бізде, тек қана халықтың миына «АЭС кередегенді құйып жатыр, құйып жатыр. Осы жағдҚазақстан халқын ойландыру керек. Ғылымытехнологиясы дамыған, жемқорлығы бізден әдеқайда төмен елдер АЭС-тен бас тартып жатқда, бізге керек пе? Бұл үлкен сұрақ.

Өткенде ғана мақтағанда аяқ-қолын жерге тигізбейтін, бүкіл қазақтың сүйіктісіне айналып үлгерген Мұхтар Жәкішев атомның қазаққа қажет еместігін айтып, оған балама энергия көздері бар екенін дәлелдеп сөйлегенін көріп едім. Жуырда фейсбyкты ашып қалсам, керісінше айтып отыр, ендігі айтқаны қазаққа атомсыз күнкөріс жоқ. Оның айтуынша, Еуропа елдері бір-біріне тығыз көршілес орналасқан, олар қиыншылық жағдайда бір-бірінен энергия қуатын ала береді. Ал біз жапандағы жалғыз үй сияқты екенбіз. Жайшылықта мұнайымызды, басқа байлығымызды аларда шетелдіктерге жер қашық емес, ал бізге энергия қуаты керек болса, алыстап кетеді екенбіз. Алдыңғы сөйлеген сөзінде Жәкішев мырзаға ол жағдай қалай есіне түспеді екен. Бәрін білгенде біздің географиялық орнымыз туралы білімі жетпей қалған ба? Әлде орысша оқығандар «ердің екі сөйлегені – өлгені» дегенді білмейтін шығар.

Әлеуметтік желіде белгілі журналист Қайнар Олжай былайша ағынан жарылыпты. «А»-НЫ АЙТЫП, «Б»-НЫ БУЫП ТАСТАҒАН жерде шынайылық болмайды. Үкіметке бағынышты ақпарат құралдарынан Қытай мемлекетінде АЭС-ке көңіл бөлініп жатқанын білдік. Тілшілер ат терлетіп барып қайтыпты. Болсын. Ал сол Қытайда жуырда ғана әлемдегі аса ірі күн электр стансасы салынғаны туралы тіс жармады. Өкінішті.

Мемлекеттік БАҚ журналистері елемей өтіп кеткен бұл КЭС туралы мәліметтер мынандай. «Midong PV farm» деп аталады. Қазақстанға іргелес Шыңжанда салынған. 81 мың шаршы шақырым құмды аумақты алып жатыр. Жауынды-бұлтты күні де панельдері жұмыс істей береді. Жалпықытай электр желісіне қосылды. Енді қуаты өндірісті оңтүстік-шығыс аймаққа жұмсалып жатыр. Жылына 6,09 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын өндіреді. Жарылып кетпейді. Ешқашан айналаға радиация таратпайды. Ешқандай су керек емес. Қытайдың өзі шығарған 1 электромобильге жылына 3 000 киловатт-сағат қуат керек десек, бұл 2,03 миллион электромобильді еркін қуаттандырады. Жалпы ҚХР ғаламат «жасыл қуат» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Ел бойынша қуаты 455 гигаватқа тең жел және күн электр стансалары салынуда және жобалануда. Енді қараңыз. Біздің билік қайткенде Балқаш көлінің жағасына салғызуға тырысып отырған АЭС-ті екі реакторлы деп жобалап қойған. Оның әрбірі жылына 1,4 гигаватт, қосарланғанда 2,8 гигаватт қуат бермекші. Осыны Қытайда еш қатерсіз (көлді құрту, радиация жайылуы, реакторға отын сатып алу, оны тасыған кезде апатқа жол беріп алмау) жұмыс істейтін «жасыл қуатпен» салыстырып көрсе, аспан мен жердей айырманы байқауға болады. Қытайдың бір АЭС-ін аузының суы құрып мақтағандар мына КЭС-ке келгенде аузын буып алғаны анық. Өз тарапымыздан қосарымыз, бұған журналист іні-қарындастарымызды айыптай алмаймыз. Олар қызметтік міндетті атқарып отыр. Азаматтық ұстанымын референдум барысында білдіре жатар», – депті Қайнар Олжай. Міне, нағыз ағалық пікір.

АЭС-ТЕ БОЛҒАН АПАТТАР НЕГЕ АЙТЫЛМАЙДЫ?

АЭС қауіпсіз дейтін сарапшылар тарихта 3 апат қана болғанын айтады. Шын мәнінде, әлемде 20 шақты апат болыпты. Олар: 1. 12 желтоқсан 1952 жыл – Канада, Онтарио провинциясы, Чок-Ривер. 2. 17 қазан 1969 жыл – Франция, «Сен-Лоран-дез-О» АЭС-і. 3. 1969 жылы – Швейцария, Люсанс қаласы, жерасты ядролық реакторындағы апат. 4. 30 қараша 1975 жыл – СССР, Ленинград АЭС-і. 5. 22 ақпан 1977 жыл – Словакия, «Богунице» АЭС-і. 6. 31 желтоқсан 1978 жыл – СССР, Свердлов облысы, Белоярск АЭС-і. 7. 28 наурыз 1979 жыл – АҚШ, «Три-Майл-Айленд» АЭС-і. 8. 8 наурыз 1981 жыл – Жапония, «Цугура». 9. 26 сәуір 1986 жыл – СССР, Чернобыль АЭС-і. 10. 9 желтоқсан 1986 жыл – АҚШ, «Сарри» АЭС-і. 11. 21 қаңтар 1987 жыл – СССР, Ленинград АЭС-і. 12. 22 желтоқсан 1992 жыл – Россия, Белоярск АЭС-і. 13. 25 шілде 1996 жыл – Украина, Хмельницк АЭС-і. 14. 30 қыркүйек 1999 жыл – Жапония, Токаймура. 15. 10 сәуір 2003 жыл – Венгрия, «Пакш» АЭС-і. 16. 9 тамыз 2004 жыл – Жапония, «Михама» АЭС-і. 17. 25 тамыз 2004 жыл – Испания, «Ванделлос» АЭС-і. 18. 11 наурыз 2011 жыл – Жапония, «Фукусима» АЭС-і. Бұның ішінде ең ірі апат үшеу: АҚШ-тың «Три-Майл-Айленд» станциясындағы апаттан соң 200 мың адам эвакуацияланған. Чернобыльдегі апатта айналадағы 30 километр аумақтан 115 мың адам әкетілген. «Фукусимадағы» апаттан соң ластанған аумақтан 164 мың адам көшірілген. Демек, қазіргі III-IV буын реакторлары қаншама қауіпсіз десе де тәуекел бар деген сөз. Жай ғана фактілер, басқа ештеңе емес. АЭС салатын ел болашағын әріден ойлайды. АЭС-тің «тамағы» – байытылған уран. Уран өндіретін әлемдегі алпауыт компанияның бірі – «Қазатомөнеркәсіп» байытылған уран шығаратын ресейлік-қазақстандық кәсіпорындағы (ЦОУ) 50 пайыз үлесін 2020 жылы Ресейге сатып жібергенін бір жерден оқыдым. Рас болса масқара жағдай. Қазір 1 ғана акцияға ие екен. Енді миллиардтаған теңгеге солардан сатып алып отырмыз. Мысалы 2023 жылы байытылған уранды 40,6 миллиард теңгеге сатып алған. АЭС салынса, қанша миллиардқа сатып алатынын болжай беріңіздер. Қайран шылқыған байлық, шикізат боп шетке кетіп жатқан.

РЕФЕРЕНДУМ ӘДІЛ ӨТУІ, ХАЛҚЫМЫЗ ЕШКІМНЕН ЖӘБІР КӨРМЕУІ ТИІС!

Түйін: Бір жерден оқыдым, ардақты азаматтың бірі болған Заманбек Нұрқаділов: «Ақылды билік наразы халықтың себебімен күреседі, Ақымақ билік наразы халықтың өзімен күреседі», – депті. Шын сөз! Мен еланасы ретінде АЭС-тің заң шеңберінде, референдумның әділ түрде өтуін қалаймын. Себебі АЭС салу – ұлттық мәселе! Асығыс шешім, ел мен жердің, ұлан-байтақ даланың экологиялық проблемасына айналып кетпеуі тиіс! АЭС елді екі бөлуде. Ұлтты бір-біріне айкәпір етуде. Оны күнде көзбен көріп отырмын. Оқығандар мен тоқығандар, қарапайым халық, көрші мен көрші екіұдай көзқараста. Біреуі қолдайды, екіншісі өз ұстанымын қорғайды. Уақыт шіркін осылай текетіреспен өтіп жатыр. Осы тұрғыдан келгенде ел ертеңіне алаңдаймын. Келер ұрпақ бізге алғыс емес, қарғыс айтып жүрмесе екен деймін. Қазір үлкен науқанның алдындамыз. Халық алаңдаулы. Өйткені референдум ел мен жердің тағдырын шешпек. Халықтың арасында жүргендіктен, АЭС-ке қатысты пікірлердің сан алуандығына қарап тұрып, халықтың ел үшін өзекті мәселеге немқұрайлы қарамайтынына қуандым. Иә, «мың өліп, мың тірілген халық» болашағына алаңдайды. Оған негіз де жоқ емес. Меніңше, еланасы ретінде АЭС салуға әлі ерте. Бізге етек-жеңімізді жинап, кем-кетігімізді түгендеп алып барып, мұндай алпауыт АЭС салуға түрен салған дұрыс секілді. Халық Азғыр, Тайсойған, Сарышыған полигондарын әлі ұмыта қойған жоқ. Осылардың қатарына Балқаш пен Ұлытау қосылмақ па енді?.. Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол – Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды. Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары. Жоғарыдағы атомдық сынақтардың қайғы-қасіретін әлі күнге кешіп отырған Абай облысы Семей өңірінің ақсақалдары, сол жердегі мамандар мен дәрігерлер АЭС тақырыбының ақиқатына үңіліп, өзгелерден гөрі ұлтқа деген жанашырлықпен өз пікірлерін айтқандары дұрыс болар еді. Осы орайда көпшілік жұртқа видео архивтерді ұсынып, сол заманның куәгері іспетті суреттер мен деректі сериалдарды қайта жаңғыртып көрсету әділдіктің шырағындай болар еді. Халық саналы түрде сараптап, жастар жағы өткен тарихты саралап көруге мүмкіндік туар еді. Тағы айтқым келгені, референдум тұсында Халықты, оның жанайқайын «Еститін мемлекет» естісе екен. Жоғарыдағы атом сынақтарының қасіретін қазағым осы күнге дейін тартуда. Ел игілігі үшін салынатын АЭС-ті халықтың пікірімен санасып, мамандардың тәжірибесін тыңдап барып салу керек! Қазақ атамыз «келісіп пішкен тон келте болмас» дейді. Неге басқа елдер бар АЭС-ін жауып жатыр? Оны да зерттеп алған дұрыс болмақ. Тек бір жақты айтып, АЭС жақсы не жаман дегеннен ешкім ұтпайды. Себебі АЭС салу – тарихи шешім. Ол үй немесе қора салу емес. Ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Олардың алдында қарабет болып қалсақ, кім жауап береді? Билік пе, әлде можантопай халық па? Ел арасында әңгіме көп. Шекара маңында әскер қаптап тұрған көрінеді. Ақорда темір құрсаумен құрсаулануда. Дәл референдум кезінде әскери ойындардың (учения) қандай қажеті бар еді? Халықты құр босқа дүрліктіргеннен басқа. Мен аналық пікірімді жеткіздім. АЭС-ке қатты алаңдаймын. Референдумға да санаулы күн қалды. Халық өзі шешуі тиіс. Тек бұра тартып бұрмалауға, дауыстарды жұлмалауға, өз пікірін айтқандарды қудаламауға билік серт берсін! Сонда ғана референдум әділ өтпек. Халықтың әділ дауысы АЭС-ті қолдап шықса, «өз обалың өзіңе» деп айтуға оңай ғой. Әйтпесе көптің көңілі күпті болып, кейін тағы да бір бүлікке түрткі болмасына кім кепіл? Болашақ ұрпаққа экологиялық апатты аймақ емес, жарамды жер қалдыру үшін әрбір қазақстандық референдумда өз ойын білдіруі қажет-ақ. Референдум әділ өтуі тиіс. Дауыс ұрланып, қара бастары үшін биліктің сөзін сөйлеп жүргендердің жүзі «нұрланып» кетпесе болғаны.

Иә, алмағайып заманда ел басқару оңай емес. Жанжақтан түрлі шабуылдар, қысымдар болып жатуы да мүмкін. Оны қалың қазақ қайдан білсін. Бәлкім АЭС көз алдау ма! Көршің тыныш болу үшін кейде айлакерлік те керек-ау. Баяғыда залым патша Қожанасырға: «Есегімді он жылда адамша сөйлетпесең, басыңды аламын. Егер сөйлететін болсаң, алдын ала бір қап алтын беремін», – депті. Сонда Қожанасыр «Сөйлетемін, патшаеке, сөйлетемін» деп бір қап алтынды арқалап келе жатса, алдынан көршісі шығып, «ой, сорлы-ау, есек адамша сөйлеуші ме еді» дегенде, Қожекең «Он бес жылда не мен, не есек, не патша өлер» дегені де ойға оралады. Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ! Бүкіл елімізді дүбірлетіп жатқан АЭС мәселесіне пікірімді айтып, «Айтылмаса сөз жетім» дегендей, аналық, азаматтық пікірімді мен де ортаға салдым. Қайта-қайта шетін шығарып отыратын «Қазақстандық ұлт», одан қалды тілдің мәселесі бар ушығып тұрған. Мына қарқынмен 1-2 жылда тағы референдум жасай ма деп қауіптенемін. Бұл тәуелсіздігімізге, ұлтымызға үлкен қауіп болмай ма? Алла сақтасын! Қазір билік басындағылардың 97-98 %-ы өз қазағымыз ғой. Ел ішінде олардың да ұрпақтары бар, ел үшін жандары ауыратындары да белгілі. Не шешсе де, ел тізгінін ұстаған азаматтар ойланып шешсе екен, шешімдерінің обал-сауабы биліктегілердің мойнында. Ұлтымыздың болашағына Ақиқат таразысына салу керек деп ойлаймын. Сонда ғана әділеттілік салтанат құратыны сөзсіз. Пәлен жылдардан кейін айтқан күдіктеріміз, қаупіміз расқа айналып жатса, онда обал-сауапты, жауапкершілікті билік көтеретіні анық. Сондықтан әлі де ойланайық. Жеті рет өлшеп, бір рет пішелік, ағайын! Бұл – өмір заңы. Осы тұрғыдан кейде Президентке аянышпен қарайтыным рас. Геосаяси жағдайға байланысты не болып жатқанын білмейміз ғой... Бәрі тыныш болса екен! Қалай болғанда да еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Тәуелсіздігіміз ұзағынан сүйіндіргей! Ұлан-байтақ даланың ұландары мен қырандары аман болсын! Билігіміз әділ, халқымыз ешкімнен жәбір көрмесін! Әумин!

Сәуле Мешітбайқызы

Қазақстан Республикасының Еңбексіңірген қайраткері

03.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9238
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233