Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – өңірлік экономика басымдығы

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамыту – өңірлік экономика  басымдығы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған ұлттық жобасына Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қуатты АӨК» деген атау берген болатын. Нарықта орнықтылық пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірлік экономиканың басымдығы болып табылады. Алға қойған жоспарлар өндірістік қуаттылықты одан әрі кеңейтіп, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылшаруашылығы өндірушілерін қолдауға бағытталып отыр. Саланы құлдыратпай сақтап қалу, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бұл күндері маңызды мәселе болуда. Ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқ аев ауыл халқының 85 пайызы тұратын тірек ауылдарды өркендету жайында айтқан болатын. Тірек ауылдарды дамыту үшін тізімге кірген елді мекендерді ең әуелі инфрақұрылыммен, жолмен, қолжетімді байланыспен, интернетпен қамтамасыз еткен жөн. Сондай-ақ ауыл халқы үшін заманауи білім, мәдениет және спорт нысандары да салыну қажет. Міне, осылардың бәрі тірек ауылдарды дамыту үшін керектігін ел басшысы атап айтқан болатын. 

Жалпы өңірлік өнімнің 10,2%-ын құрайтын өңір экономикасында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта мәселен Алматы облысында ауылшаруашылығы өндірісінің көлемін 946,4 млн теңгеден асыра ұлғайту жоспарлануда. Яғни бұл 5,0%-ға өсуді білдіреді. Бұл ағымдағы жылдың алғашқы бес айында болған нәтиженің жемісі. Сондай-ақ ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 5,9%-ға өсіп, республика бойынша екінші орын алып, 189,5 млрд теңгеге жетті. Өрік, алмұрт өндірісінде аймақ алдыңғы орын алады, ал алма, жүгері, соя, жүзім, картоп және күріш бойынша екінші орында тұр. Егіс алқаптарын 461,6 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланды. Бұл жағдайлар әртараптандыруға және өнімділікті арттыруға ықпал етеді.
Мал шаруашылығында да біршама өсім болды, айталық, жыл басынан бері мал басы 2,3%-ға дейін өсті. Ет, құс және сүт өндірісі бойынша өңір алдыңғы орында. Қой мен ешкі саны бойынша және жұмыртқа мен ІҚМ саны бойынша 3-4 орындарда тұр. Сондай-ақ асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға 6 млрд теңге шамасында біршама едәуір ақша бөлінді. Ал мұның өзі мал басын едәуір көбейтіп, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын молайтуға септігін тигізбек.
Міне, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған ұлттық жобасының мәні мен мақсаты да осында жатыр. Яғни алдында атап өткеніміздей, елімізде нарықта орнықтылық пен бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту өңірлік экономиканың басымдығы болып табылмақ.

Шаргүл Қасымханқызы
27.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 46
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 97
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 30
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАШИНА ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 127

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3439
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18572
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17257
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20676