Әйел теңдігі – әлемдік мәселе

Әйел теңдігі –  әлемдік мәселе

Қазақстан Республикасының Ата заңының 14-бабы 2-тармағы:

«Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»

 Бүгінгі қоғамда этногендерология саласы жайлы жиі сөз қозғалып жүр.

«Гендер» деген сөзді көп адам дұрыс түсіне бермейді. Көпшілік бұл терминді ер адамға қысым немесе әйелдің билікке таласуы деп қабылдайды. Ал, шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы.

Әйелдер қауымы ғаламшар халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Олардың жалғыз қалауы гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу. Өкінішке орай, ерлер әйелдердің толық құқығына қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек.

Гендер туғаннан бастап беріледі . Мысалы, ер балалар мен қыздар арасында түстердің бөлінуі(көгілдір түс- ер балаларға, қызғылт- қыз балаларға) Немесе Ерлер-отбасы басшысы, әйел - мінсіз ана, ошақты сақтаушы.        

Бүкіл әлем бойынша әйелдер ерлер қауымына қарағанда қамқорлық жасау үшін ақы төленбейтін жұмысты екі-он есе жиі жасайды. Осыған байланысты әйелдер көбінесе оқуға немесе ақша табуға уақыт бөлмейді.

Осы жағдайға БҰҰ Бас ассамблея­сы ерек­­­ше мән беріп, 1975 жылы Мехикода әйелдерге арналған бірін­ші дүниежүзілік конференция ұйым­дас­тырды. Конференциядан кейін 1976-1985 жылдар аралығы Әйелдер онжылдығы деп мақұлданды және арнайы қор құрылды. Содан 1979 жылы БҰҰ-ға мүше 187-ден аса мемлекет әйелдерге қатысты кемсіту­ші­лік­тің барлық түрін жою жөніндегі кон­венцияны қабылдады. Оның ішін­де Қазақстан да бар.

Қазақстанның Конституциясы адам­ды жынысына қарап кемсітуге тыйым салады. Соңғы жылдары осы бағытта бірқатар стратегия мен заң қабылданды. Атап айтсақ, 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Рес­пуб­ли­касының гендерлік теңдігі стратегиясы әзірленіп, 2009 жылы Ерлер мен әйелдердің тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заң қабылданды. Бұған қоса 2030 жылға де­йін­гі отбасылық және гендерлік сая­сат тұжырымдамасы жарияланды.

 Гендерлік теңдік экономикалық өсуге ықпал етсе де, экономиканың өсуі гендерлік теңдікке қол жеткізуге көмектеспейді. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, айналасын үйлестіріп, жарастырып отырған әйелге өзіне тең дәрежеде, зор құрметпен қараған абзал.

 

АЯУЛЫМ ДИЛДАБАЙ

 

 

27.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685