Әлеуметтің әлжуаз тобы – мемлекет қамқорлығында

Әлеуметтің әлжуаз тобы – мемлекет қамқорлығында

«Amanat» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Алдымен Маңғыстау облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының орынбасары Жайсангүл Досполова баяндама жасады. 

«Әлеуметтік сала бойынша Маңғыстау өңіріндегі ең өзекті мәселе - жұмыссыздық деңгейінің ұлғаюы.Оның негізгі себебі облыс аумағында жұмыс орындары өте аз. Бұл мәселе бойынша Жаңаөзен халқының тұрмыс деңгейін көтеру, еңбекке жарамды жастағы азаматтарды жұмыспен қамту бағытында облыс және республика деңгейінде арнайы штаб құрылған еді. Штаб жұмысының нәтижесінде облыс тарапынан кейбір заңнама актілеріне,мәселен ҚР Еңбек кодексінің өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар жолданды. Мемлекеттік, сондай –ақ квазимемлекеттік сектор субьектілері мен жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен бірлескен жоба аясында жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты жұмыспен қамту мақсатында іс-шаралар атқарылды.  Жеке кәсіпкерлерді тиісті орталықта тіркелген жұмыссыздырады жұмысқа қабылдауына міндеттеу құзыреті бізде жоқ. Осы мәселе шешімін табуы тиіс. Ақтаудағы 20 шағынауданға    жаңаөзендіктерді қоныстандыру, қала басынан жұмыс тауып беру секілді жоба болған еді. Мұндай жобалардың біразы жемісін берген жоқ. Бүгінде Маңғыстау облысында ресми тіркелген 16 мыңнан аса жұмыссыз бар», – деп атап өтті Ж.Досполова.

 

Бүгінгі таңда облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 29 937 адамды құрайды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастамасымен өз-өзіне қызмет ету орталықтары жасақталған. Олардың бірқатары мектеп ғимаратында, ал ауылдық округтерде әкімдіктерде орналасқан. Министрлік тарапынан бір-бір компьютер жиынтығымен жабдықталған. Бұндай орталықтарда арнайы кеңес беруші ассистенттер қызмет көрсетеді. 

«Әлеуметтік саланы жаңғырту жүйелі жүргізіліп келеді. Соның ішінде сандық форматқа көшіру үдерісі жылдам іске асуда. Мәселен атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, оған қосымша кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы беру, мүгедектерге арналған әлеуметтік көмек барлығы сандық ақпараттық жүйеге көшірілді. Еліміздің әлеуметтік қорғау саласында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру және қоғам өміріне белсенді араласуға жағдай жасау мақсатында жүйелері жұмыстар жасалып келеді. Соның бірі ретінде, мүгедектігі бар адамдарға арналған «Әлеуметтік қызметтер» порталы.  2020 жылдан бастап мүгедектіктігі бар адамдарға арналған оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалтудың техникалық құралдарымен қызмет түрлерін алуға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік қызметтер» порталы жұмыс жасайды. 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардың 5 979 өтініші әлеуметтік қызметтер порталы арқылы орындалды. Мүгедектігі бар адамдарға ғаламтор желісі арқылы «Әлеуметтік қызметтер» порталына кіруге мүмкіндік жасау мақсатында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өз өзіне қызмет көрсету бұрыштары жасақталды. Бүгінгі күні 7 бөлімде 21 бұрыш жұмыс жасайды. Сонымен бірге әлеуметтік қорғау саласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға Маңғыстау облысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 36 ұйымбар. Оның ішінде 4стационарлық медициналық әлеуметтік мекеме. Мүгедектігі бар адамдар  «Әлеуметтік қызметтер» порталында өзіне ұнаған тауарын немесе қызмет түрін таңдай алады. Ал шалғай ауыл-аймақта компьютерлік сауаты төмен мүгедектер өз-өзіне қызмет ету орталықтарына барып, қалаған дүниесіне қол жеткізе алады. Сондықтан барлық елді мекендерде өзіне-өзі қызмет ету орталықтарының санын ұлғайтқымыз келеді», – деп мәлімдеді Ж.Досполова.

Мүгедектігі бар адамдарға қызмет түрлері мен тауарларға қолжетімділігін және тез арада қамтамасыз ету мақсатында «Әлеуметтік қызметтер» порталында Маңғыстау облысы бойынша: 2 оңалтудың техникалық құралын жеткізуші; 2 санаторлық курорттық емдеу ұйымы; 36 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйым; Жеке көмекші қызметі көрсететін 2 ҮЕҰ және 1319 жеке тұлға; Ымдау тілі маманың қызметін көрсететін 2 ҮЕҰ тіркелген.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйден арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 219 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды.Маңғыстау облысында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға стационарлық жағдайда 4 медициналық әлеуметтік мекеме жұмыс жасайды. Былтыр құзырлы мемлекеттік органдармен және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдерімен 5 тексеру жұмыстарыжүргізілді. Оның ішінде, Қазақстан Республикасының Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, Ақтау қалалық прокуратурасы, «Amanat» партиясының жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау кеңесінің тексеру комиссиясы, адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдері және ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес облыстық құрылған тексеру комиссиясы тексеру жұмыстарын жүргізді. 

Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір медициналық-әлеуметтік мекемеде қоғамдық кеңесқұрылған. Қоғамдық кеңеске қоғам белсенділері, мемлекеттік орган өкілдері және жергілікті өкілдік орган (мәслихат) депутаттары кіреді. Кеңестің басты қызметі қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан қызмет сапасы мен қызмет алушылардың құқықтарының қорғалуы болып табылады.

Сонымен бірге қызмет алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және  құқықтарын қорғау мақсатында 2021 жылы 169 бейнекамера қондырылды. Қазіргі кезде 514 бейнекамера жұмыс жасайды. Бейнебақылау камераларының барлығы Ішкі істер департаментіне қосылған, әр ай сайын тексеріліп тұрады. 

 

Жаңа нысандар бой көтерді

Партия жанындағы қоғамдық кеңес отырысында биылғы «Балалар жылына» орай ұйымдастырылатын іс-шаралар легі жөнінде Маңғыстау облыстық білім басқармасының адамгершілік, рухани тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің басшысы Құралай Газимова баяндады. 

«Үкімет қаулысымен Балалар жылының республикалық іс-шара жоспарында 50 шара қарастырылған. Осы құжатты негізге ала отыра облыс деңгейіндегі жоспарды жасақтадық. 119 тармақ ішінде білім,  денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ішкі саясат пен жастар саясаты басқармасымен бірлескен жобалар көзделген. Маңғыстау облыстық білім басқармасы өз тарапынан 56 тармақтан құралған жеке жоспар жасақтады. Осы жоспарға сәйкес 3  млрд. - тан аса қаражат қарастырылған. Оның ішінде білім беру бойынша бірқатар нысандар ашылады. 19 жекеменшік балабақша, 2 мектеп пен Ақтау қаласында 1 түзету кабинеті  халықтың игілігіне беріледі. Бұған қоса білім саласында балаларға қосымша білім беруге мелекеттік тапсырыс орнатамыз. Бұған 3 мың бала қамтылады. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да бар. Сондай-ақ 21 мектептің материалдық-техникалық базасы жаңғыртылады. Мектеп-интернаттарда жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Мектептерде орнатылған бейнекамералар жергілікті полиция департаменттеріндегі ақпараттық орталыққа байланыстырылған. Бұған дейін күзет ұйымдарымен Ақтау мен Өзен қаласында, Мұнайлы ауданындағы мектептер қамтылса, биыл барлық мектептерде күзет мекемесін енгізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ дабыл түймелерімен қамтылып отыр. Бұдан бөлек 16 мамыр мен16 маусым аралығында «Барлығы балалар игілігі үшін» акциясы өткізілуде. 1 маусым Балалар күніне орай «Бала еңбегіне қарсы 12 күн»  атты бала еңбегін пайдалануға қарсы республикалық акциясы да кең ауқымда өткізілмек», – деп атап өтті Қ.Газимова.

Голрох Жеменей
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678