Алматылық тұтынушыларға 100 млн теңге қайтарылды

Алматылық тұтынушыларға  100 млн теңге қайтарылды

Жыл сайын тұтынушылардың құқықтарын бұзу туралы шағымдардың саны артып келеді. Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2024 жылдың басынан бері тұрғындардан 4 мыңға жуық өтінішті қарады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев мәлімдеді.

Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі халыққа кеңес беру, ақпараттандыру, сондай-ақ сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Тұтыну құқығын бұзудың көптеген мысалдары бар. Олар бүкіл елде кездеседі. Мамандар талаптардың өсуін тұтыну мәдениетінің өсуімен байланыстырады. 2024 жылдың 5 айында Департамент азаматтардың 4000-ға жуық өтінішін қарады. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша жоспардан тыс 20 тексеру жүргізілді. Тұтынушыларға 100 918 331 теңге қайтарылды. Сондай-ақ, осы кезеңде Департамент 102 әкімшілік жаза қолданды.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі бұзушылық тұтынушының шағымына 10 күндік күнтізбелік мерзімде жауап бермеу, сауда саласында-әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заңнамада белгіленген сауда үстемесін бұзу болып табылады», – деді Нұрлан Абдиев.

Департамент жұмысының маңызды бағыты сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Өтініштердің негізгі үлесі Департамент жүйелі түрде қарайтын бөлшек сауда және электрондық сауда саласына тиесілі. ТКШ қызметтері саласында өтініш түскен кезде Департамент мәселені жедел шешу үшін Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

Білім беру қызметтері, медициналық қызметтер көрсету саласына, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру саласында келіп түсетін өтініштер, мұнда өтініштердің негізгі ағымы тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушылық қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыру жолымен келіп түседі, Департаменттің жұмысы тұтынушының пайдасына жедел шешім қабылдау үшін ішкі істер органдарымен тығыз ынтымақтастықта жасалады. Сондай-ақ, байланыс қызметтері саласындағы өтініштерге қатысты мәселелер бойынша Департамент Алматының ұялы байланыс операторларымен өзара белсенді іс-қимыл жасайды.

ӨКҚ спикері тұрмыстық қызмет көрсету саласында тұтынушылар көбінесе сапасыз қызмет алатынын атап өтті. Департамент тұтынушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, сотқа дейінгі ары қарай соттарға үшінші тұлғалар ретінде қатысу талаптарын жасауда құқықтық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ, Департамент Алматы қаласының қоғамдық ұйымдарымен қала азаматтарының тұтынушылық құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізуде.

Осы көрсеткіштерді талдау нәтижесі тұтынушылық құқықтық мәдениеттің артуы туралы да, жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өскенін көрсеткен.

«Сапалы өнім» әлеуметтік жобасы аясында Алматы қаласының қоғамдық ұйымдары тамақ өнімдерінің қауіпсіздік сапасының сәйкестігін анықтау үшін шетелдік өндірушілердің 19-ға жуық өнім атауын сатып алып, тамақ өнімдерінің сынақ зертханасына сараптама жүргізуге жіберілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес 13 бизнес субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Департамент қызметіндегі басым бағыт тұрақты негізде жүргізілетін және оның шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу туралы мәселелер қаралатын азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбектері бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның отырыстарын үйлестіру және өткізу болып табылады», – деді Н. Абдиев.

Ол 2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша комиссия қызметінің нәтижелері бойынша 17 отырыс өткізілгенін, тиімсіз делдалдар түріндегі бұзушылықтардың 202 фактісі, сондай-ақ сауда саласындағы заңнаманың бұзылуы анықталғанын және жойылғанын, жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты 186 әкімшілік хаттама жасалғанын атап өтті.

«Ұсынылған материалдардың нәтижелері бойынша сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қабылданады, сондай-ақ тұтынушылар үшін өнімнің соңғы құны төмендетіледі», – деп нақтылады Нұрлан Абдиев. 

Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтары мен сатушылардың міндеттерін, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда қызметін реттеу туралы» Заңның жаңадан енгізілген өзгерістерін түсіндіре отырып, түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі. «Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады», – деп толықтырды Нұрлан Абдиев.

Сонымен қатар  Т.Қасымғалиев «Қазіргі қоғамда бұл заң өте қажет. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Заңы. Тұтынушы мен сатушы, тауар өндіруші, қызмет көрсетуші арасындағы қатынастарды реттейтін нормативтік акт, бұл барлық талаптарға жауап береді. Қазіргі уақытта тараптар арасындағы құқықтық қатынастардың ұтымды тетігі болып табылады. Кез келген тұтынушы, сатушы бұл заңды білуі тиіс», – деп атап өтті.

Азаматтар заңды құқықтары бұзылған жағдайда Мақатаев көшесі, 45 мекенжайы бойынша «Фемида» қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығына хабарласа алады.

Гауһар ТҰРСЫНҚОЖА
24.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11646
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629