“AMANAT” Партиясы Фракциясының мүшелері, депутат Ұ. Тұмашинов пен Е. Саиров: Шекаралық аймақтағы қордаланған мәселені тез арада шешу керек

“AMANAT” Партиясы  Фракциясының мүшелері, депутат  Ұ. Тұмашинов пен Е. Саиров:    Шекаралық аймақтағы қордаланған мәселені тез арада шешу керек

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Қазақстан Республикасы

​​​​​Премьер-Министрінің

бірінші орынбасвры

Р.В.Склярға  

Құрметті Роман Васильевич!

​Мемлекет  басшысы  Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев   Парламентте сөйлеген сөзінде ұлттық қауіпсіздігімізді нығайту аясында, шекаралық аймақтарды дамытудың нақты шараларын қарастыру тиіс деп атап өтті.

​«AMANAT» партиясы шекаралық аудандарың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жүйелі шешу керек деп есептейді!

​Осыған орай,  халықты тұрақтандыру, ынталандыру есебінде  еңбек  етіп жүрген азаматтар  мен  азаматшалардың  жалақыларына  аудандық 1,5 деген қосымша коэффициент  қосу маңызды.

        Аталған адамдардың  еңбек өтілінің 1 жылы  1,5 болып саналуын қарастыру қажет.

​Тек осындай шаралардың арқасында  жетіспей тұрған  - дәрігер, ұстаз,  мал дәрігерлері, агроном  тағы да басқа  жас мамандардың сол аймақтарда  тұрақтануына стимул жасауға болады.

​   Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев  Бұқтырма  су қоймасының  үстінен  көпір салуға тікелей тапсырма берді.

​Бұл көпір, Ертіс өзенінің  арғы  жағында  орналасқан  бес шекаралық аудан:  Күршім, Қатон  Қарағай,  Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай халқының өмір  бойғы арманы.

​Көпір құрылысы  қарқынды түрде жүріп жатыр, бірақ биылғы жылға бөлінген  қаржының көлемі 4 мллрд. теңгені құрайды. Ол дегеніміз – қажетті қаржының  оннан бірі ғана.

​Бұл  халыққа аса маңызды, қажетті, күрделі құрылыс нысанын ​Үкімет тарапынан осылай   қаржыландыратын болса, Президенттің тапсырмасы ондаған жылдарға  созылып кетеді.

​Ол кезде айтылған  шекаралық бес ауданда тұратын  халықтың  қалмауы да  мүмкін.

         Осы мәселені жедел шешудің тетіктері қажет!

​Жауапты «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына сәйкес белгіленген мерзімде беруіңізді сұраймын.

03.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 426
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 435

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20750
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20538
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35652
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34193
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38067