Ақ халаттылар антына адал ма?

Ақ халаттылар антына  адал ма?

Қызылорда облысы және оның аудандарында адамзатқа тажал болған обыр деген дерт күннен-күнге жалмап барады. Оның себебін білген емін тапқан, адам жанының арашашысы дәрігерлерден біліктілік көре алмай келеміз. Қолынан келген қаражаты жеткендер шетелге барып ем алатынын естіп жүрміз. Алматыдағы онкологиялық ғылыми-зерттеу институтын жағалап, дертіне ем іздегендердің есебі жоқ. Менің естуімше, жасалған емдер тек тәжірибе үшін керек екен. 

Мысал ретінде менің інім Қазалы кентінде тұрған 1953 жылғы Есқұлов Жаңалықты бір жыл көлемінде емдеген болып нәтиже шығара алмай, құр әурелеп уақыт созып,  жанына жәрдемі жоқ құжаттар толтырып, неше түрлі қымбат дәрі-дәрмектерді алдырып, белгісіз оталарды жасап, өмірден тез өтуіне ықпал етті. Қолдарынан келмесе, келешегі бұлыңғыр болса, неге ескертпеген? Үстіміздегі жылдың 18 мамырында емделуге барып, 7 тамызында бар болғаны 2 айда сол ғылыми-зерттеу институтында өмірден озды. Тәуір боламын деген үміті үзілді, туған-туыстарының көңілінде өкініш пен күдік қалды. Тәуір болады, анализдері жақсы деген сөздері бекер болып шықты. Үшінші рет химиотерапия берген соң үстіне белгісіз жаралар шығып, оны емдеуші дәрігер жақсылыққа жорып, белгісіз, пайдасы жоқ емдерін жалғастырған. Алайда көз алдында жүрген емделушінің хал-ахуалын неге ескермеген? Химиотерапиядан соң бірден асқынған деп тағы да ота жасап, халін нашарлатып, жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Осы аталған жаман аурудың ақылы болғаны қалай? Немкеттілік жасап, ес-түссіз жатқан ауруға қарап күтім жасамай, жамбасы, арқасы ойылып қалған. Еш адамды кіргізбей, ауру туралы мәлімет беруден неге бас тартты? Демек науқастың ауыр халін, күтімсіздігін туыстарынан жасырды. Сонымен бірге дәріханадан алдырған дәрілерін емделушіге бермей, сол күйінде туыстарының қолына қайтыс болған соң қайтып берген. Міне біздегі медицинаның халі осындай. 

Айта кету керек, біз ес білген уақыттарда халық арасында медициналық бригада ел аралап осы ауруды зерттеп тексеріп ем алуға, аурудың алдын алуға жолдама беріп көмектесетін еді. Қазір елдің денсаулығы өте нашар. Себебі неден? Халықты қалай сақтауға болады, бұны кім ойлап жатыр? Жауап берер жан бар ма, сірә? Қызылорда облысында орналасқан Байқоңыр ұшу айлағы, онда есепсіз ракета ұшырылуы, сансыз тәжірибе жасалуы әсіресе жақын орналасқан Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарына ауыр зардабын әкеліп, емделмейтін дертке ұшыратып отырғаны медицина қызметкерлері дабыл қағып тоқтатуға ұсыныс жасамауы қынжылтады. Алайда үнсіздік, өздері аман болса халыққа тәжірибе жасап, емдеудің жолын білмей отыр. Біздің ғалымдарымыз неге үнсіз? Тығырықтан шығар жол болуы керек қой. Мынадай аты жаман ауруменен қалай күресуге болатынын білетін адам бар ма? 

Құралай ЕСҚҰЛОВА
17.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370