АРЫСТА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АРЫСТА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
 
Арыс қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі ерекше аталып өтті. Қала әкімі Қайсар Маңқараев, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл тыл еңбеккерлері, ақ жаулықты аналарға құрмет көрсетті.
✔️Қала басшылығы мереке күні ұзақ жылдар еңбегімен, төзімділігімен, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз үлесімен ел құрметіне бөленген асыл аналардың үйлеріне барып, оларды айтулы мейраммен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.
✔️Құттықтаулар алдымен 92 жастағы Досалиева Алтын ананың шаңырағында басталды. 1932 жылы дүниеге келген Алтын апаның балалық шағы мен жастық кезеңі елдің ең қиын жылдарымен тұспа-тұс келді. Әке-шешесі колхоздың малын баққан, өзі де жолдасымен бірге Ақдала совхозында мал шаруашылығымен айналысып, шопандық қызмет атқарған. Ғұмырын еңбекке арнаған асыл ана зейнетке осы салада жүріп шықты.
✔️Келесі кезекте қала басшысы 91 жастағы Мырзахасимова Ұлбике ананы құттықтады. 1933 жылы Еңбекші елді мекенінде дүниеге келген ол соғыс басталғанда небәрі 8 жаста болатын. Бала күнінен еңбекке араласып, Жеңіс үшін тылда аянбай қызмет етті. 1962 жылы соғыс ардагері Құлжанов Жамалбек атамен шаңырақ көтеріп, бүгінде 4 қыз, 3 ұл өсіріп, тәрбиелеген ардақты ана. Алтын алқа иегері атанған Ұлбике апа 24 немере, 47 шөберенің ақылшысы әрі тілекшісі. Еңбек жолында Ақдала совхозында шөпші, сауыншы болып еңбек етіп, сол салада зейнетке шыққан.
✔️Мерекелік құттықтау 94 жастағы Ескараева Айжарқын ананың шаңырағында жалғасты. 1930 жылы Славян ауылында дүниеге келген Айжарқын апа соғыс жылдарында жастайынан еңбекке араласты. 1949 жылы тұрмыс құрып, жары екеуі мал шаруашылығымен айналысты. Бүгінде 5 қыз, 2 ұл өсірген ардақты ана, 37 немере мен 76 шөберенің ақ тілеулі әжесі. Ол да «Алтын алқа» иегері атанып, елге өнеге болып отыр.
✔️Қала басшысы ардақты аналарды мерекемен құттықтап, олардың ұзақ та мағыналы ғұмыры мен елге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
09.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

К ОТКРЫТИЮ ТУРИСТИЧЕСКОГО СЕЗОНА В ТУРКЕСТАНЕ ГОТОВЯТ 2,5 ТОННЫ НАУРЫЗ КОЖЕ
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области - 12.03.2025 20
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУБЕРКУЛЕЗ АУРУШАҢДЫҒЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 12.03.2025 18
АРЫСТА ТЫЛДА ЕҢБЕК ЕТКЕН АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.03.2025 108

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 1920
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2163
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17049
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15773
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19134