Астана полициясы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ерекше мән беруде

Астана полициясы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға ерекше мән беруде

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні еліміздегі барлық этностардың мәдениеті мен тілін құрметтеуге, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және халық бірлігін нығайтуға арналған мереке.

 

Осыған орай Астана қаласы Полиция департаментінде мемлекеттік тілді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің символы, ел бірлігінің басты діңгегі. Сондықтан да департамент қызметінде ісқағаздарын жүргізу, ресми құжат айналымы мен халыққа қызмет көрсету саласында қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге айрықша назар аударып келеді.

Департаменттің Ақпараттық саясат бөлімінің құрамындағы мемлекеттік тілді дамыту бойынша топ мемлекеттік тілде іс жүргізудің жай-күйін тексеруді, әдістемелік көмек көрсетуді, семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ мемлекеттік тілге қатысты құжаттардың орындалуын бақылап, тиісті ұсыныстар енгізеді.

Бұл шаралар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге Қазақстан халқы тілдері күні мерекесінің басты мақсаты – ел бірлігі мен сыйластықты нығайтуға өз үлесін қосады.

 

09.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27530
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27038
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44378
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40125
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44720