Ауыл шаруашылығын дамыту — негізгі мәселенің бірі

Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Ауданда ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні аталып өтті.
Шара облыс басшысы Ербол Шырақпайұлының бейнеқұттықтауымен ашылып, сала мамандарын облыс әкімінің Құрмет, Алғыс хатымен және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі және аудан әкімінің Құрмет, Алғыс хаттары, бағалы сыйлықтармен марапаттадым. Сонымен бірге, ауылшаруашышылық саласының жұмысшыларына шипажайларға жолдама табысталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ауыл шаруашылығын дамыту — негізгі мәселенің бірі. Ауылдың жағдайын жақсарта алмасақ бәрімізге сын» деп, осы салаға үлкен мән берді.
Елдің дамуы, ауылдардың дамуымен тікелей байланысты. Біздің Сарысу — өндірісі мен экономикасы қатар дамыған аудан. Ауданда 1792 шаруа қожалығы тіркелген. Биылғы жылы өндірілген өнім көлемі — 22 млрд. теңгеден асты. Жыл санап егістік алқабының көлемі де ұлғаюда, алайда, биыл өңірдегі құрғақшылыққа байланысты өнім көлемі аз болды. Жаңа технологияны тарта отырып, өнім көлемін арттыру жұмыстарын қолға аламыз. Төрт түліктің басы артып, сүт пен ет өнімдерінің көлемі де артуда.
Халықтың тұрмысын арттыру мақсатында жолға қойылған «Ауыл аманаты» жобасының жемісін ауыл тұрғындары көруде. Тұрғындар есік алды, ауыл сыртындағы жерлерін игеріп, мал басын көбейтіп, қосалқы шаруашылықтарын дамытуда.
Жыл санап ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылып, биылдың өзінде 340,0 млн. теңгеге 48 дана техника алынса, алда 42 дана техника алу жоспарда. Шаруалардың тірлігін дөңгелетуге мол мүмкіндік беретін субсидия алу да жолға қойылған. Биыл шаруалар 71.7 млн теңге субсидия алды.
Осындай жүйелі жұмыспен тынымсыз еңбектің нәтижесінде ауданымыздың ауыл шаруашылық саласының болашағы да жарқын болады.
Шара барысында шаруа қожалықтардың қызметкерлері арасында спорттық жарыстар мен ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесі мен жәрмеңкесі, техникалар көрмесі және облысқа танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен гала концерт өтті.
Құрметті сала қызметкерлері мен ардагерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі
03.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚОС ҚАНАТ   (Эссе-элегия)
Бауырдан Омарұлы - 21.02.2024 33
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 21.02.2024 23
ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРҒА АУДАНЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕУЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі - 21.02.2024 21
АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 21.02.2024 19
Зиялы қауым өкілдері жастармен кездесті
Тараз қаласының әкімдігі - 20.02.2024 53
Көрерменнің ерекше қошеметі
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - 20.02.2024 40
Баянды бастамалар жылы – Берік Уәлимен сұхбат
Автор Гүлнұр Ғазизқызы, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі - 28.12.2023 957
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 2837

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 6278
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 5609
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 5842
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 5691
5
Өміріңді сақтандыр, өкінбейсің!
Show more
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 2023-05-31 5586