Ауылда тұңғыш киномеханик болған ана

Ауылда тұңғыш киномеханик болған ана

Қазақта «Атаның салған жолы бар, Ананың тіккен тоны бар» деген қанатты сөз бар. Бұл сөз Қордай ауданы Кенен ауылында бар ғұмырын ел игілігі үшін еңбек еткен қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы киномеханик әйел Рәпия Халыққызы мен ауыл баласына «Әліппені» үйретіп, 40 жылдай мектепте сабақ берген Ордабай Сәдібековтерге арналған секілді. Ордабай ата мен Рәпия ана сонау Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейін қос өзендей қосылған тағдырларында қилы қиын күндер көп болса да мойымай, қарсы тұрып, 7 баланы аялап өсірген бақытты отбасы болды. «Жақсы мұраптың соңынан су ереді» демекші, бар ғұмырларын ауыл өмірінің мәдениеті мен біліміне арнаған ардақты ана Рәпия мен құрметті ұстаз Ордабай ақсақалдың өмір жолы жас буынға үлгі-өнеге. Жас ұрпақ ел қадірлеген ата-апалардың басынан кешкен өмір жолдары туралы жарық көрген «Жақсылыққа жарасады жақсылық» пен «Рәпия» атты бастарынан кешкен өмір жолдарында қилы оқиғалар жинағы топтастырылған құнды кітаптарды оқып, зор ғибрат, тәлім-тәрбие алады деген ойдамыз. Елдің ыстық құрметіне бөленген Рәпия Халыққызы мен Ордабай Сәдібековтің өмір жолы да өзгеше ғұмырдария.

Жуырда қазақтың ақиық ақын-композиторы Кенен Әзірбаевтың ауылында ақ түйенің қарны жарылған, қуанышты да сауапты күн болды. Жылдар бойы армандап, толассыз жасаған еңбектің берекетін көрген күн болды. Қазақтан шыққан тұңғыш киномеханик әйел, «КСРО Кинематографиясының үздігі» құрмет белгісі» және «Октбярь революциясы» ордендерінің иегері, Қазақстанға еңбегі сіңген Мәдениет қызметкері, Жамбыл облысының құрметті киномеханигі, ел құрмет еткен ана Рәпия Халыққызының атында Қордай ауданы Кенен ауылында мұражай бөлме ашылды. Бұл мұражайды Сәдібековтер әулеті өз қаражатына жасап, ашқан еді.

Мұражайдың ішіне ардақты анамыздың көзі тірісінде қолына ұстаған заттары мен тарихи құнды жәдігерлер қойылған. Сонымен қатар мұражайдың бір бұрышына Рәпия анамыздың өмірлік жары, Қазақ СССР оқу-ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қордай ауданында алғаш болып «Құрметті азамат» атағын алған жанның бірі, 40 жыл ұстаздық етіп, бала оқытқан ардақты жан Ордабай Сәдібеков туралы да мұражай көрермендердің назарына ұсынылып отыр. Ордабай ақсақал кезінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың қолынан бата алған, ақиық ақын Кенен Әзірбаевтың ауылдасы. 

Сонымен мұражай кабинеттің ашылу салтанатына Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы, Қордай ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы Біржан Әлімбетовтер мұражай кабинеттің ашылу лентасын салтанатты түрде қиды. Ауыл халқы мен Алматыдан арнайы келген мәртебелі қонақтарда мұражайдың ішін аралап көріп, қойылған әрбір фото архивпен танысып, құнды жәдігерлерді назарға алып, әсерленіп шықты. Көпшілік мәдениет үйінің орталық залына кіріп жайғасқаннан кейін, мерекелік шараның екінші бөлімі ауылдың өнерлі ұл-қыздарының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Мәдениет үйінің меңгерушісі Жазира Орынқызының үйлесімді ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарада атақты режиссер Ораз Әбішев түсірген «Рәпия» атты деректі фильм және атақты ананың өмір жолы туралы жарасымды жасалған слайдтар көрсетіліп, ауыл халқы үлкен әсер алып, қол соғып құрметтеп отырды. Бейнефильмді көрген ауылдың ата-апалары өткен күндерін еске алды. Алғашқы сөзді алған Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы Кенен ауылында ашылып отырған мұражайдың аудан үшін үлкен маңызы зор рухани құнды орын болғанын тілге тиек етті. Кенен ауылының тумасы, Қордай ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы Біржан Әлімбетов Рәпия ананың ескі клубта қойған киносын көріп өскенін әсерлене айтып берді. Сонымен бірге ауылда ашылып отырған бұл кабинет мұражайдың ел мақтан ететін орын болатынын және осы мұражайды жылдар бойы құнды жәдігерлерін тірнектеп жинап, ашуға себеп болған Сәдібековтер әулетіне зор алғысын жеткізді. Шара барысында жыр шумақтары оқылып, ауылдың әнші апалар тобы мен мектептің мың бұралған жасөспірім бишілері тамаша өнерлерін көпшілікке тарту етті. Әсіресе, көптің көңілінен орын алған атақты Кенен Әзірбаев атамыздың шәкірті Асылқұл Бүрбаевтың ұлы Ерлан Бүрбаевтың кеш иесіне арнап шығарған өлең жолдары болды. 

Кеш барысында Алматыдан келген қонақтарға да сөз берілді. ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Құрымбаев аяулы ананың фамилиясының өзіне мән беріп, «Халыққызы халық үшін туған екен, ендеше, елі құрметтеген анаға қандай алғыс айтсақ та жетіп жатыр» деп тоқтаса, ҚР Ғылым академиясының қауіпсіздік қызметінің басшысы, полковник Сайфутдин Шамсутдинов, Қазақстан Кітап палатасының редакторы, белгілі журналист Нұрымжан Мауыт және елге танымал ардагер-фотограф Қуантқан Сапаровтар Рәпия ананың қолынан дәм татып, ғибратқа толы әңгімелерін тыңдағандарын сөз етіп, осындай қуанышты шараға куә болып отырғандарына шексіз алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар, 20 жылдай асыл ананың жанында жүріп, бел шәкірті болған Серік Сұраншыбайұлы Омаров ағамыз да сахнада ол кісіден үйренген тәлім-тәрбиенің өміріне үлкен бағдаршам болғанын айта келіп, Рәпия анаға осындай ашылып отырған мұражайды ауыл халқы көптен күткендігіне ерекше тоқтала кетті. Ауыл ақсақалдар алқасының төрағасы Тұрсымбек, Сиязбай, Аман ағаларымыз аяулы анамыз туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. «Бір кісі жаққан отқа мың кісі жылынады» деген екен бабаларымыз. Бар ғұмырын ауыл мәдениетінің өркендеуіне өзі қойған кинолары арқылы ерен еңбек сіңірген ардақты анамыз Рәпия Халыққызына арналған алғашқы игілікті іс-шара осылай мәресіне жетті. Қонақтарға ас беріліп, Рәпия Халыққызы мен Ордабай Сәдібековтің рухына арналып құран бағышталды. «Бүгінгі күн – ертең тарих» демекші, бұл күн де ертең тарих болып өткен күннің қойнауына кіретініне сенім зор. Қордай ауданында алдағы жылы үлкен мұражайдың қабырғасы қаланбақшы, сол мұражайда Рәпия Халыққызының атында бір бөлме ашылатыны туралы аудан әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы сеніммен айта кетті. Қазіргі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза халыққа тұлғаларды насихаттап, тұлғалар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуді жолға қойып отыр. 40 жылға жуық табанынан тік тұрып елге қызмет еткен Рәпия Халыққызына ауыл, ауданнан көше аттары беріліп жатса, нұр үстіне нұр болар еді. Ел аман, жұрт тыныш болса, алдағы уақытта ол күнге де жетерміз деген ниеттеміз. 

Ақын Ордабайұлы
24.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 30
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 61
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 26
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 31
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 27
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 58
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 61
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 262
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 258
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 880

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8954
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8350
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11575
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9332
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10560