Ауылшаруашылығының тоз-тозын шығарған кім?

Ауылшаруашылығының тоз-тозын шығарған кім?

Шу ауданының Жиенбет ауылында туып-өскен, жасы 80-нен асқан, құлағының есту қабілеті нашар екеніне қарамастан жүрісі ширақ Сауытбек Мәдімарұлын көптен бері танитынмын. Ол аяқталмаған 7 кластық білімімен оннан астам кітаптың авторы атанды. Жақында  Сауытбек ақсақал маған арнайы келіп, Алматыдағы «Үш қиян» баспасынан өткен жылы жарық көрген «Дана ғой Димекең» кітабын  сыйға тартты. Жарықтық Димекең жайлы жазылған шығарманы кім жек көреді, бірден оқуға кірістім. Кіріспесінде: «байлықтың үш түрі бар. Бірінші – мал байлығы. Ол – дүние, ақша, алтын, зауыт, фабрика, жылжымайтын мүліктер. Бұл – материалдық байлық. Екінші байлық – тән байлығы...» деп,  Димаш Ахметұлы Қонаев осы  үш  байлықтың ішіндегі  ең қымбатты, ең мәнді де шексіз рухани байлық екенін, сондықтан ұрпағымызды ең алдымен рухани бай етіп тәрбиелеуіміз керек екенін айтады. 

Ал Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы баламасыз Президенттікке сайланысымен «айы оңынан туып», бірте-бірте әбден орнығып жайғасқан соң, ойына келгенін істей бастады.  Осы орайда  халықаралық «Жас Түркістан» журналының  2000 жылы 3 санында жарық көрген «Президентіміз бізді қайда әкелді?» және 2011 жылы «Үш қиян» баспасынан жарық көрген «Қайрат. Желтоқсан. Тәуелсіздік.» кітабымда да жарияланған осы  мақаламда Н.Назарбаевтың жалғанды жалпағынан басқан қылмысты әрекеттерін ашып көрсете келе қысқартылған жобасын ұсынып отырмын:

1.  Халықтың 80-90 пайызы ауылда тұрады.

Жекешелендіруді солақай саясатпен жүргізе отыра, өндірістерді тұралатып қоймай, Қазақстанның тыныс-тіршілігі – ауылшаруашылығын үлкен күйзеліске ұшыратты. Яғни жергілікті ұлт өкілдерінің 80-90 % тұратын ауылдардың ту-талақайы шығып, халықтың басым көпшілігі жұмыссыз қалды...

 

2. Заңдарымыз кімдердің мүддесін қорғайды?

Еліміздегі заң жүйесі дұрыс қалыптаспаған. Яғни өміршең емес. Ата Заңымыздың өзі халықтың келісімінсіз шығарылған. Президентіміздің қалауымен өзгертіліп, толықтырылып отыруын қалай түсіне аламыз?!

Сонда бүкіл мемлекетіміздің, халқының мүддесінен, талап-тілегінен жалғыз Елбасының мұң-мұқтажы артық болғаны ма?.. Өркениетті елдердегідей, Президенттік сайлауды да уақытылы өткізбей, 1995 жылы  референдум арқылы  ұзартып алып (жергілікті әкімдерге сол референдумның дұрыс еместігін айтқанмын), өткен Парламентпен  жасырын келісіп, кейін өкілеттігін 7 жылға ұзартып алды. Бұл да қонышынан басқандық емес пе?

 

3. Коррупциямен қалай күресіп жатырмыз?

...«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» демекші, «СолДат» апталығының 18 санындағы «Назарбаевтар отбасының ұшан-теңіз байлығының төркіні неде?» атты мақаланы оқып, жағамды ұстадым. Нұрсұлтан Әбішұлы Жерорта теңізінің жағалауы, Лондон, Мәскеудегі бірнеше ондаған млн доллар тұратын вилла-коттедждерді не үшін сатып алған? «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, Индонезиядағыдай мемлекеттік төңкеріс болып кете қалса, туыстарымен сол жақтарда бой тасаламақ па?.. Халқы қайыршылыққа ұшырап отырған Нұрсұлтан ағамыз байлығы жағынан әлемдегі ең бай алпауыттардың сегіздік тізіміне енеді екен. Швейцариялық тергеуші Даниэл Дэво Назарбаевтың ондаған млрд долларлық жеке есепшотын тауып алыпты...

 

4. Жер ешкімнің жекеменшігі емес.

Ата-бабаларымыз қанымен, жанымен қорғап келген біздің жеріміз бен байлығымызға қызығушылар өте көп. Президентіміз жеріміздің тұтастығын сақтау жөнінде айтарлықтай ағаттықтар жіберген сыңайлы. Бұл ретте де қалың жұртшылықпен келіспей,  едәуір жерімізді Қытайға тарту етті. Керек болса, кезінде сол Қытайдан  Кеңес Үкіметі Шығыс Түркістанды бізге қайтару туралы талап еткен жоқ па? Қазірде үкімет басшыларымыз әртүрлі себептер айтып, Қытайға берген жеріміз жайлы ақталуда. Сөйтіп жүргенде, өз ағамыз – Өзбекстанмен жер дауы бұрқ ете түсті! Менің түсінігімше, өзбек ағайындар: «Діні де, тілі де бөлек қытайларға бірнеше жүз шаршы шақырым жерді қиғанда, түбі бір туысқан бізге неге жер бермейді?» – деп ойлайтын болу керек...

 

5. Азып-тозған мемлекетке космодромның керегі бар ма?

Әрқашанда алғашқылардың бірі болып бастама көтеретін Нұрсұлтан ағамыз: «Біз ядролық атом қаруынсыз-ақ гүлденген мемлекетке айналамыз», – деп, Қазақстандағы барлық жойқын атом қаруларын асыға-үсіге  Ресейге тапсырды. Сөйтіп, бүкіл мұсылман елдерінде  жоқ ядролық күштерден айырылып қалдық. Қазақстан әлсіз мемлекеттер қатарынан орын алды. Ал осындай мемлекетке  космодромның қажеті қанша? Кезінде осы мәселені қозғап, 1992 жылы 4 қарашада «Алматы ақшамында» «Қазақстанға космодром қажет пе?» атты мақалам жарық көрген еді. Содан бері қанша уақыт өтті. Енді сол космодромнан біз қандай пайда көріп отырмыз?  Протон зымырандары Сарыарқа өңіріне құлап, халықты үрейлендіріп қана қоймай, залалды қауіптер төндіруде. Қазақстан басшылары осы келеңсіздіктерді негізге ала отырып, ғарыш айлағын мүлдем жауып тастау керек еді. Кейіннен өз мамандарымыз оқып, білім алып жетілгенде ғана қайтадан ашса (онда да басқаларсыз, тек өз еліміздің мүддесі үшін ғана) болар еді. Өкініштісі, Ресейдің құзырынан тағы да шыға алмай, Байқоңырды пайдалана беріңдер деп, жайбарақаттық танытуда. 

Бүгінде  Дінмұхамед  Қонаевты қалың жұртшылық  сағынышпен еске алатындықтан, оның  аты Алатаудай асқақтағанның үстіне шарықтай биіктеп барады. Ал қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбайдың әлеуметтік желі арқылы ашына: «Осы уақытқа дейін Назарбаевтың көргені ұлы той болса, енді Назарбаев әулетін Ұлы соттар күтіп тұр!» – деп, бекерден-бекер айтқан жоқ... Лайым солай болғай!

М. УАҚТЕГІ, Әлем халықтары Жазушылары және ҚР Журналистер Одағының мүшесі
25.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 21
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 55
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 164
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 374
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 347
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 962

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9040
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8437
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11665
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9426
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10645