АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ТҮРКІ ХАЛҚЫНА ОРТАҚ ҰЛЫ ТҰЛҒА

Белгілі түркітанушы, қазақ тіл білімі және әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, Алаштың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орайластырылған ғылыми конференция өтті. Конференцияда сөз алған Әзербайжан Республикасының Білім министрі Эмин Амруллаев: «Қазақ халқының қоғамдық және мәдени оянуына қызмет еткен көрнекті қоғам қайраткері, ағартушы және лингвист  А. Байтұрсынұлының қызметі түркі әлемінің бай мұрасының жарқын үлгісі болып табылады», – деді. 

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің құттықтау сөзінде: «Тіл білімінің, әдебиеттанудың және оқыту әдістемесінің бастапқы мазмұны Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінде. Оның сол еңбектердегі ғылыми тұжырымдары мен қорытындылары әлі күнге дейін оқыту үдерісінде де, ғылыми бағытта да кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезде әліпби түзуде, терминжасамда немесе тіл үйрету үдерісінде біз оның еңбектеріне соқпай кете алмаймыз. Өйткені ол – негіздердің негізін жасаған аса көрнекті оқымысты, ағартушы ғалым», – деп атап өтті. 

Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев өз сөзінде: «А. Байтұрсынұлының мерейтойы бізге тарих алдындағы асыл жауапкершілігімізді, халыққа қызмет етудің қасиетті дәстүрін еске салады», – деді.

Конференцияда отандық және шетелдік түркітанушы, ахметтанушы ғалымдар, атап айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов, Н.Назарбаев университетінің вице-президенті Қ. Даирова, Әзербайжан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Насими атындағы Тіл білімі институты Түрік тілі бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымының докторы Эльчин Ибрахимов, Түрік Республикасы Памуккале университетінің профессоры, доктор Нергиз Бирай, академик Ш. Құрманбайұлы, Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры Қ.Сартқожаұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Б. Әбдуәлиұлы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің доценті Қ. Кемеңгер баяндама жасап, ұлт ұстазы, ұлы реформатор, Алаш қозғалысы қайраткерінің ғалымдық қызметіне және ғылыми еңбектеріне жан-жақты тоқталды.

Конференция аясында Халықаралық түркі академиясының әзірлеген «Түркістан – түрк елі энциклопедиясы», «Түркі әлемінің тұғырлы тұлғалары», «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» кітаптарының тұсаукесері болды.

Ғылыми конференция Халықаралық Түркі академиясы Ғылыми кеңесінің мүшелері – білім және ғылым салалары министрлерінің отырысы аясында өтті.

 

30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424