АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

  АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

      Әлеуметтік өзгерістерді жоғарыдан емес, төменнен бастайтын бір күш бар. Ол – азаматтық қоғам. Халықтың белсенділігі, бастамашылдығы мен ынтымағы кез келген мемлекеттің дамуын айқындайды. Қазақстан соңғы жылдары осы қағиданы берік ұстанып, азаматтық қоғам институттарын күшейтуге басымдық беріп отыр. Бұл бағытта нақты стратегиялық жоспарлар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әсіресе, 2020 жылы бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» осы саланың дамуына жаңа серпін берді.

     Қазіргі таңда елімізде 23 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге, жастар саясатын дамытуға, білім беру мен ғылымды қолдауға бағытталған. Атап айтқанда, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдайтын ұйымдардың үлесі – 7,78%, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейтін ұйымдар – 15,68%, ал білім, ғылым, спорт саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ саны 20%-дан асады.

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамның дамуын елдегі демократиялық процестердің негізгі қозғаушы күші деп санайды. Ол өз сөзінде: «Жалпыұлттық азаматтық бірегейлік этникалық ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Ол азаматтық қоғамның жаңа моделінің негізін қалыптастыруды көздейді», – деп атап өткен болатын. Президенттің бұл сөзі азаматтық қоғамды жан-жақты қолдау және дамыту қажеттігін айқындайды.

     Бүгінде қоғамдық кеңестердің құрамына азаматтық сектор өкілдерінің қатысуы артып келеді. 2023 жылы олардың үлесі 86%-ға жетіп, жастардың қатысуы 10%-ға дейін көбейді. Сонымен қатар, волонтерлік қозғалыс та кеңінен дамуда. Соңғы үш жылда еріктілер ұйымдарының саны үш есеге, ал белсенді еріктілер саны бес есеге артқан.

    Болашақта да азаматтық қоғамды қолдау жалғасын табады. 2025 жылға дейінгі тұжырымдаманың аясында төмендегідей нақты жұмыстар жүргізіледі:

1. Үкіметтік емес ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі ұлғайтылады.

2. Қоғамдық кеңестердің беделі мен әсерін арттыру мақсатында заңнамалық өзгерістер енгізу көзделуде.

3. Волонтерлік қозғалысты дамыту үшін арнайы оқыту бағдарламалары мен жобалар жүзеге асырылады.

4. Азаматтардың өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуын арттыру үшін қоғамдық тыңдаулар мен талқылаулар саны көбейтіледі.

5. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері енгізіледі.

    Бұдан бөлек, 2025 жылдан кейінгі кезеңге де жаңа жоспарлар дайындалмақ. Екінші кезеңде (2025-2030 жылдар) азаматтық қоғамның әлеуетін одан әрі арттыру, оның елдің саяси, әлеуметтік өміріне ықпалын күшейту бағытында қосымша шаралар қолға алынбақ.

           Азаматтық қоғамды дамыту – бір сәттік науқан емес, үздіксіз үдеріс. Қазақстан бұл жолда нақты нәтижелерге қол жеткізсе де, жұмыс мұнымен тоқтамайды. Алда атқарылар іс көп. Қоғамның үніне құлақ түру, әр азаматтың бастамасын қолдау, мемлекеттік басқаруға халықты кеңінен тарту – біздің тұрақты мақсатымыз. Өйткені азаматтық қоғамды дамыту – ел дамуының берік негізі. Қоғамның шынайы күші билік ғимараттарының биіктігімен емес, халықтың белсенділігімен өлшенеді. Қай елдің азаматтары ел ісіне немқұрайлы қарамай, өз даусын, пікірін ашық айта алса, сол елдің болашағы берік болмақ.

Саяжан ҚАЙДАР
21.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 46
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 96
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 30
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАШИНА ТЕХНИКАЛЫҚ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 127

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3437
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3648
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18570
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17255
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20674