Бағаны бір күнде түсіре алмайсыз, Смайылов мырза!

Бағаны бір күнде түсіре алмайсыз,  Смайылов мырза!

Бағаны қадағалау туралы сын-ескертпелер Назарбаев кезінде де дүркін-дүркін айтылып келеді. Президент тарапынан айтылған соң облыс әкімдеріне дейін базар аралап, бағаны қадағалап жүргенінің талай мәрте куәсі болдық. Арасында саудагерлерге ұрысып жатқандары да болды. Өткенде Алматыда әкім болып тұрған кезде Бақытжан Сағынтаев аудан әкімдерін дүкендер мен базарлардағы бағаны қадағаламадың деп «қағып-сілкіп» алған бейнетаспасы әлеуметтік  желіде тарады.  

Мен осыған түсіне алмаймын. Социализмнен бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған «Бағаны базар қояды» деген сөз бар еді. Осы сөз дәл қазіргі нарықтық экономика жағдайына дөп келеді. Біз қазір жоспарлы экономика жағдайында емес, нарықтық экономикада өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әр саудагер өзі біледі затын қандай бағада сататынын. Оған ешкім араласпауы керек. Бұны білмейтін адам жоқ. Қарапайым адам білетін осы қағиданы әкімдердің білмеуі мүмкін емес. Біле тұра бағаны қадағалауға мәжбүр. Себебі оның да төбесінен тоқпақтап жатқан одан да құдіретті күш бар. Бұл біздің ел басқару жүйесінің іріп-шірігенін көрсетеді. Бір іріп-шіріген жүйе кетіп еді, енді Қасым-Жомарт Тоқаев командасы да сол баяғы іріп-шіріген биліктің айтқанын қайталамақ сияқты. Бағаны бұйырып төмендету бүгінін ғана ойлайтын, ертеңін ойлауға мұршасы қалмаған биліктің жанталасқан әдісі. Бөлшек сауданы олай тежей алмайсың, бөлшек сауда өндірісті алға сүйрейтін күш. 

Ал халықтың азық-түлік бағасы шарықтамай, арзан болуы керек деген талабы дұрыс. Иә арзандату керек. Бірақ бүгінгідей әкімшілік-әміршілдік әдіспен емес, оның жолын табу қажет. Егер ет қымбат болса, онда елде мал шаруашылығымен айналысатын фермерлердің мәселелерін шешуді, нан қымбат болса, наубайханалардың санын арттыруды, сөйтіп бәсекелестікті арттыруды ойлау керек. Фермер мен бөлшек сауда арасындағы делдал мәселесін зерттеген жөн. Сол кезде азық-түлік бағасы өзінен өзі арзандай бастайды. 

Азық-түлік бағасының қымбаттауына одан да басқа әсер ететін жағдайлар жетерлік. Оның бәрін санап шығу да оңай емес. Жыл сайын егін егерде немесе егін жинарда жанармай тапшылығы туындай қалатын бір жаман әдет бар ғой бізде. Ауыл шаруашылық техникаларына салынатын утилизациялық алым да азық-түліктің қымбаттауына сеп. Басқа да осы сияқты кедергілерді көптеп келтіруге болады. 

Фермерлер өзі өндірген азық-түлік тауарларын өздері сата алмайды. Мемлекет міне осы жағына мән берсе. Өнімін кедергісіз өткізуге жол ашу керек. Мысалы менің ет бағытында сиыр өсіретін бір фермер танысым өз малының етін базарға көтерме бағамен өткізе алмайтынын айтты. Базар қабылдамайды. Сатылып жатқан бағаның жартысына да өткізе алмайды екен. Міне қала әкімдері ауыл-ауылдағы фермерлермен сөйлесіп, олардың өнімдерін қалада тікелей сатуына жәрдемдессе, бағаны түсірудің оңай жолы осы емес пе? Бұл бір мысал ғана.

Ал біздің жаңадан тағайындалған Премьер-министр Әлихан Смайылов баяғы әнді қайталып, «Баға белгілеу тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтіп, бөлшек сауда нысандарының сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшерін сақтауын қадағалаңыздар» дейді. 

«Баға белгілеу тізбегін тергеу жөніндегі өңірлік комиссия» деген немене? Бұл не қылған комиссия? Комиссия жүрген жерде айыппұл болмай ма, айыппұл жүрген жерде жемқорлық бас көтермей ме?

«Бөлшек сауда нысандарының сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшерін сақтау» деген немене? Бұл деген нарықтық экономика заңдылығына кереғар тежеуіш емес пе?

Бағаны бір күнде түсіре алмайсың. Азық-түлікті біртіндеп арзандату үшін ғылымға негізделген бағдарлама мен оны жүзеге асыратын оңтайлы механизм жұмыс істемей бәрі бекер.

Нұрлыбек САМАТҰЛЫ, жазушы
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 198
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785