«Ғалымдардың айтуынша, аутизм – «ХХ ғасырдың обасы». Ал цифрлық аутизм – ХХІ ғасырдың дерті. Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды. Скринэйджер, зуммер, немесе Z – ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елестете алмайтын жаңа буын. Қазіргі таңда логоневроз ауруы мен Турет синдромы күшейе бастады. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіп алдында тұр. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына «смартфон ұстап туған» буын өмірге келді», – деді Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында.
Қазақстанда «цифрлық аутизм» белгілері байқала бастады. Балалардың смартфонды ұзақ ұстауы салдарынан есте сақтау, көру және сөйлеу қабілеттері төмендеп жатыр. Олардың өз бетінше ойлауы, ұзақ мәтіндерді қабылдауы, айналаға назар аударуы қиынға соғып отыр. Алайда, сенатор заманауи технологияға қарсы тұру да дұрыс емес екенін айтты. Салдарынан Үкіметке жаңа туған нәрестелерді жаппай ретинопатия және аудиологиялық скринингтен өткізудің сапасына мән беріп, қосымша ғимарат салып, логопед және офтальмолог мамандықтарына бөлінетін мемлекеттік грант санын көбейтуді ұсынды.