Балалар контенті әркез назарда болу керек

Балалар контенті    әркез назарда болу керек

Барлық балалар  күніне 30 пайыз уақытын теледидардың  алдында өткізеді.  Бұл  –сарапшылардың зерттеуі бойынша мәлімет.  Көптеген елдерде   телеиндустрия саласында балаларға сапалы контент  өндіру ісіне аса назар аударуда.  Баланың таным-түйсігін кеңейтетін интеллектуалдық бағдарламалар мен мультфильмдер көрсетуге көңіл бөліп отыр. Электронды ақпарат құралы әрқашанда өсіп келе жатқан балаларымыздың  тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізетін идеологиялық құрал екені бесенеден белгілі.

Бала тәрбиесіне өркениетті елдер қатты көңіл бөледі.  Жас жеткіншектердің тәрбиелі, өресі биік тұлға болып өсуіне дамыған мемлекеттерде  ата-ана ғана емес, үкімет те назар аударуда. Мәселен Қытай елі сәбилеріне  патриоттық бағыттағы мультфильмдерді көрсетеді екен. Ал Жапонияда  жеткіншектерді ата-бабалар жолымен тәрбиелейді.  Ұлттық салт-дәстүрді   насихаттап, келешекте мықты, отансүйгіш ұрпақ етіп өсіруге баулиды.  Америкада балаларға танымдық бағыттағы телеөнімдер көрсетіліп отырады. Қытайлық өрендерге патриоттық бағыттағы мультфильмдерді көрсетуге басым мән берілген. 

Ал Қазақстанда ше? Өкінішке орай, бізде мемлекеттік тілдегі балалар контенті аз болып тұр. Балаларымыз  көбінше  әлеуметтік платформадағы орыс, ағылшын тіліндегі мультфильмдерді көреді.  Соның арқасында қазақ балалары өз ана тілінде сөйлей алмайды, өзге тілді жақсы меңгерген. Ата-аналар да «қазақ тіліндегі контент аз, сапасы онша емес» деп қынжылады. Иә, осы жағдай  баяғыдан бері көтеріліп келеді. Ендеше, біздің қазақстандық мамандар балаларға арналған  хабарларды шығаруды тезірек қолға алғаны дұрыс. Бұл қазіргі өзекті мәселе болып тұр. 

Қазіргі таңда  көп балалар әжесінің ертегісін тыңдап, атасымен әңгімелесуден гөрі  теледидардағы мультфильмдерді көруді тәуір көреді. Соның салдарынан  ешкім үйретпесе де  орыс, ағылшын тілдерін тәуір үйреніп  алады. Өз ана тілінде  сөйлей алмайтын сәбилер көбейді. Балаларымыздың тілі қазақша шығуы  үшін  отандық телеарналардың  атқарар рөлі зор.  Ол үшін тәрбиелік, танымдық және тілдік мақсаттағы  қазақтілді контент  керек.

Аннимациялық фильмдердің   баланың мемлекеттік тілде сөйлеп үйренуіне ықпалы зор. Соңғы жылдары қазақ қоғамында барлық телеарналардағы балалар мультфильмдерін қазақшаға көшіретін уақыт жеткені жайлы  мәселе көтерілуде. Ең басты мәселе – қазақтілді контент санын, балаларға арналған арналар мен бағдарламалар санын  арттыру.  Негізінде,  балалар үшін талапқа сай келетін мультфильмдер шығару оңай шаруа  емес.  Бұл көп  қаржыны талап етеді. Дегенмен де  шет тілдеріндегі  дүниелерді қазақшалап кішкентай көрермендерге назарына ұсынып, мемлекет көмектесуде.  Сонымен қатар шетелдік арналарда көрсетілетін телеөнімдерді қазақшалау күн тәртібіне кірді.  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі  Nickelodeon және TiJi телеарналарымен келіссөзге отырып,  кішкене көрермендердің  сұранысына ие Nickelodeon және TiJi телеарнасының таңдаулы бағдарламалары көрсетіле бастады. 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
26.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16518
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16370
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31545
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30164
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33757