Бақытжан Сағынтаев: Сапалы су қалалықтардың өздерін жақсы сезінулеріне және олардың денсаулықтарына оң әсер етеді

Бақытжан Сағынтаев: Сапалы су қалалықтардың өздерін жақсы сезінулеріне және олардың денсаулықтарына оң әсер етеді

Алматы үшін ауыз су мәселесі қашан да өзекті. Қала тұрғындарын сапалы ауызсумен қамту олардың сапалы өмір сүруіне тікелей қатысты. Тіршілік көзі саналатын суды барлық тұрғындар үшін қолжетімді ету үшін жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай мемлекет халықты сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге тиіс. Бұл – 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы  бағыттарының бірі.


Бүгінде ауыз судың сапасы мен қолжетімділігі әлемдік мәселеге айналып отыр.  Себебі, халықты сапалы ауыз сумен қамту - ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі.  Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін бар күш-жігерді салу керек. Қалаға жаңадан қосылған кенттердің сумен жабдықтау және су бұру мәселелерін шешу мақсатында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың жаңа шағын аудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамытуды қамтитын «Жаңа Алматыны» дамытудың Кешенді жоспарын қабылдап, осы жоспардың іске асырылуын қолға алды.  2020 жылы 160 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің құрылысы салынып аяқталды.  Қазіргі уақытта ұзындығы 170 шақырым су құбыры және 140 шақырым кәріз желілерінің (Алғабас, Ақжар, Әйгерім-1,2, Боралдай, Құрамыс, Кемел, Қайрат, Көкшоқы, Көлсай, Каменское плато, төменгі Пятилетка, Теректі, Таусамалы, Таужолы, Жас Қанат, Шұғыла, Шапағат, Шаңырақ-1) құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Әлмерек, Нұршашқан, Өжет, Қарасу, Думан, Ақбұлақ, Қайрат шағын аудандарында, Құрылысшы шағын ауданының шығыс бөлігінде және Жетісу ауданының бірнеше ондаған көшелерінде орналасқан бірнеше мың жеке аз қабатты үй құрылыстары жаңа су құбыры және кәріз желілеріне толығымен қосылмақ.

Желілермен қатар бір мезгілде су тарту құрылыстары да белсенді салынуда, ағымдағы жылдың соңына қарай қуаты тәулігіне 15 мың текше метр болатын «Қарғалы» су тарту құрылысының жұмыстары аяқталатын болады, бұл жұмыстар 2020 жылы басталған. Аталған сүзгі станциясы Наурызбай ауданының Қарғалы, Қарағайлы, Таусамалы, Құрамыс, Тастыбұлақ шағын аудандарының 35,5 мың тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік береді. 

Сондай-ақ  Шұғыла, Тастыбұлақ, Ақжар Таужолы, шағын аудандарының 40 мыңнан астам тұрғындарын сумен жабдықтауға мүмкіндік беретін өткізу қуаты тәулігіне 22 мың текше метр құрылысты Ақсай өзенінде де салу жоспарлануда. Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі 22 мың тұрғынды сумен жабдықтау үшін (Ерменсай, Нұрлытау, Нұралатау, Ремизовка шағын аудандары кіреді) қуаты тәулігіне 9 мың текше метр болатын «Ерменсай» су  тартқышының жобалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі тұрғындардың мұқтаждығы үшін сорғы станциялары, таза су резервуарлары, жаңа су тарту ұңғымаларын қамтитын құрылыстар кешенін салу жоспарланып отыр. Ағынды сулар (жуғыштан су, ас үй раковинасынан, душтан, ванна мен дәретханадан алынған майлы су) үй ішіндегі инженерлік желілерге жиналады. Содан кейін ағындар құбырлар арқылы қалалық кәріз желісіне жіберіледі, олардың жалпы ұзындығы жүздеген шақырым қала сыртына кәріз тазарту қондырғылары-аэрация станциясына жеткізіледі. Ағынды сулар станциясында тазартудың бірнеше кезеңдері бар:
Бірінші кезеңі – механикалық: шеберханада ағынды сулар бірден бірнеше арнайы торлардан өтеді, олар ең үлкен қоқысты сақтайды. Қуатты қозғалтқыштар торды үнемі айналдырады, ал қырғыштар оған жабысып қалған нәрсені алып тастайды. Торлар қоқыстың үлкен бөлшектерін ұстап қалады да, ағынды сулар арнайы құм тұзақтарына түседі. Қалада жаңбыр жауып, жолдан арықтарға құм шайып жатқанда, аэрация станциясында жұмыс көбейе түседі. Жұмысшылар шұғыл түрде құм тұзақтарын тазалайды. Ал құм ұстағыштарда ағынды сулардан ауыр бөлшектер шығарылғаннан кейін, бұл құм бастапқы тұндырғыштарға түседі. Бұл үлкен бетон конструкциялары ағынды сулардан барлық жағымсыз заттарды бөліп алу үшін жасалған. Негізінен май жиналады. Екіншіден, ағынды суларды биологиялық тазартуға жіберу үшін алдымен судан май тамшыларын мұқият алып тастау керек. Екінші кезең – биологиялық тазарту, арнайы үлкен аэротенка-бассейндерде. Олар ластанудың көптеген түрлерін сіңіретін белсенді тұнба деп аталатын оттегімен қамтамасыз ететіндей етіп жасалған. Белсенді тұнба қарапайым микроорганизмдерден және бактериялардан тұрады. Әрбір аэротенк бөлімдерге бөлінеді, түбінде ауа берілетін аэраторлар орнатылады. Бұл ағынды сулардағы зиянды қоспаларды өңдеу үшін белсенді тұнбаға қажет тұрақты ауа ағыны.
Одан әрі тазартылған су «Сорбұлақ» жинағышына жіберіледі. Резервуардағы судың бір бөлігі ауыл шаруашылығында техникалық дақылдарды суару үшін қолданылады. «Алматы Су» МКК көше және магистралды кәріз желілеріне қызмет көрсетеді. Қалалық кәріз желілерінің көпшілігі өздігінен ағатын коллекторлар болғандықтан кәріз жүйесіне түсетін кез келген қоқыс сарқынды суларды ағызуға кедергі келтіріп жатады. Үлкен қоқыс түбіне түсіп, уақыт өте келе коллекторлардың бітеліп қалуына әкеліп соғады.

Алматы қаласының сумен жабдықтау жүйесіндегі ауыз судың сапасы үнемі жоғары және қауіпсіз деңгейде. Бұл тұжырымды 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 200 мыңнан астам су анализін жүргізу нәтижелерінен алуға болады. Күн сайын мегаполис 650 мың текше метр суды тұтынады, қалада 3,6 мың шақырымнан астам су құбыры желісі тартылған. 

Тармақталған сумен жабдықтау жүйесі үнемі бақылауды қажет етеді: тәулік бойы ағын судың жағдайы 100-ден астам органолептикалық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талданады. Тұтынушылардың шүмегіне жетпес бұрын, тау өзендерінен келетін су төрт кезеңде 10-15 сағаттық тазарту циклінен өтеді. Бірінші кезеңде ол су жиналатын жерден шұңқырға түседі – арнайы бөлімдері бар үлкен дөңгелек бассейн. Мұнда кез келген ірілі-ұсақты заттар ұсталып қалады. Екінші кезеңде арнайы зат қосылады – коагулянт. Ол ұсақ бөлшектерді біріктіреді, содан кейін олар жоғары қарай көтеріледі. Коагуляция үшін реагенттер ретінде хлорлы темір мен күкіртқышқылды алюминий қолданылады. Содан кейін су сүзгілерден өткізіледі. Осыдан кейінгі төртінші кезең – дезинфекция, 2009 жылға дейін бұл үшін газ тәрізді хлор қолданылған. Бүгінде барлық су тазарту қондырғыларында ас тұзын электролиздеу нәтижесінде алынған натрий гипохлориті қолданылады. Жер асты ұңғымалары жер асты суларын антропологиялық ластануға ұшырамаған 150-500 м тереңдіктен көтереді. «Алматы Су» мамандарының айтуынша, ағынды сулар химиялық құрамы бойынша теңдестірілген. Бастапқы суда ауыр металдар жоқ және ол қосымша сүзуді қажет етпейді. Қалалықтардың өмір сүру сапасын арттырудағы бірінші кезектегі мәселе қалалық инфрақұрылымды модернизациялау. Алматы қаласы аумағында мекен ететін тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар алдағы уақытта да атқарыла бермек.

Гаухар ТҰРСЫНҚОЖА
26.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616