Барыс жылы несімен есте қалды?

Барыс жылы несімен есте қалды?

    Аталған сауалға орай NEGE порталы өткен жылға азын-аулақ шолу жасап көрді. Портал: «Тарих қонауына егіп бара жатқан Барыс жылы дүрбелеңмен басталып, саяси жаңалыққа толы болды. Бұл жыл мемлекет үшін де, халық үшін де оңай болған жоқ. Қаңтар оқиғасынан кейін талай отбасы қара жамылды, ел экономикасы құлдырап, қымбатшылық бүйірден қысты»,— деп жазады. Енді солардың кейбіріне тоқталық өтсек. 

    Ең алдымен «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры туралы. Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында «Қазақстан халқына» қоғамдық әлемуеттік қорына тұрақты жарна аударатын ірі компаниялар тізімін бекітуді тапсырған еді. Мемлекет басшысы: «Бұл Президенттің иә Үкіметтің немесе басқа мемлекеттік органның қоры емес. Бұл – барлық қазақстандықтардың қоры, халықтың қоры. Ол әкімшіліктің немесе Үкімет жанында жұмыс істемейді. Беделді бақылау кеңесі құрылады, әділ жауапты басшы тағайындалады, оның қызметінің толық ашықтығын, есептілігін және қоғамның бақылауында болуын қамтамасыз етеміз. Жоспарлар, бюджет және жобалар сайтта жарияланады. Барлық ақпарат ашық болады. Қорды қаржыландыру жеке және мемлекеттік көздерден жүзеге асырылады», – деді. Президенттің айтуынша, қорға халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту да жоспарланған. «Қазақстан халқына» қоры денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау салаларындағы нақты мәселелерді шешумен айналысады делінген. Яғни, сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларға көмек беру, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балалар үшін спорт нысандарын салу көзделген. Қор ашылғаннан кейін елге танымал кәсіпкерлер, лауазымды тұлғалардың біразы ақша аударғаны туралы ақпараттар жарияланып, кейін бәсеңдеп қалған-ды. Ал қор арқылы қанша сырқат баланың еміне ақша жұмсалғаны туралы ақпаратты көзіміз шалмады.

   Өткен жыл «Балалар жылы» деп жарияланды.   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап: «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деген еді. Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтқан-ды. Ол қалай іске асқандығы қалың жұрттың көз алдында.

    Өткен жылы екі бірдей жолдау жарияланды. Президент ол жолдауларында негізінен әлеуметтік салаға басымдық берді. Жұрт оған: «Бұл – Жаңа Қазақстанға бет бұрған, өзгеріс пен жаңашылдықты көздеген мемлекеттің жолдауы»,— деп баға берді. Оның: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»,— деп аталуының да мәні осында жатқан сияқты. «Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды», – деген президент медицинадағы олқылықтар туралы: «Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі»,— деді.  Президент айтқандай, бұл салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.Осыны алға тартқан Президент: «Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет. Келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған. Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілуі тиіс»,— деді.  Президент айтқан нақты тапсырмалардың орындалу барысы уақыт еншісіне.

    Барыс жыдындағы басты оқиғаның бірі — әйелдердің зейнет жасы туралы заң.  Президент әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру талайдан жыр болған мәселеге нүкте қойып, әйелдердің зейнет жасын «тоқтату» туралы заңға қол қойды. Қабылданған түзетулерге сәйкес, әйелдерге арналған зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас болады.

     Жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленетін болды. «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізу керек» деген президент 2023 жылғы 1-і қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз»,— деп, бала тууға қабілетті аналарды қуантып қойды. «Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейтіледі. Бұл қадам осындай жағдайға тап болған жандарға септігін тигізіп, қызметке тезірек оралуына мүмкіндік береді», – деді. Атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамның бірі болмақ. 2023 жылдан бастап, Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу жоспарланып отыр.

    Ең төменгі жалақы – 70 мың теңге. Мемлекет басшысы: «Мемлекет ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа тәсілін енгізеді. Бұл әдіс оның мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді. Біз зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді», – деді.

   18 жасқа толмаған балаларға есепшот ашылады. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа толмаған балалардың есепшотына аударылады. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады.

    Балабақша тәрбиешілерінің жалақысы көбейеді. Президент Қ.Тоқаев: «Қазақта: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,— деген сөз бар. Сондықтан мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет», – деді

   Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысына мектеп салынады. Президент өз Жолдауында: «Орта білім беру жүйесінің өткір проблемасы – мектептерде орын жетіспеушілігі болып отыр. 225 мың орын тапшы. Шұғыл шаралар қолданылмаса, 2025 жылға қарай ол миллион орынға жетуі мүмкін. Бұған дейін мен 2025 жылдың соңына дейін кемінде 800 мектеп салуға тапсырма берген едім. Бүгін 1000 мектепке дейін жеткізу міндетін қоямын. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлардың заңсыз тапқан қаржысы олар сотталған соң мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек», – деді. Биылғы қоян жылы да аталған тапсырмаларды орындау әрі қарай жалғасын тапса, нұр үстіне нұр болмақ.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8756
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8156
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11385
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10370