Рухани адамгершілік және азаматтық – патриоттық тәрбие беру мақсаты күн тәртібінен түспек емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оқушылардың заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыру мақсатында мектебімізде жүйелі іс-шаралар қолға алынған.
Аталмыш мақсаттағы іс-шаралардың міндеті мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды қолдау болып табылады. Соған сәйкес мектеп көлемінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубын құрдық.Клубтың салтанатты ашылуы қазанның 8-і күні болды. Қоғамымызда тыйылмай келе жатқан сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен ол жайлы түсінікке қарсы күрес жүргізіліп, заңдар жұмыс істеуде. Сол себепті мектеп оқушыларын осы бастан адалдыққа, ешкімнің ала жібін аттамауға баулу мақсатында білім шаңырақтарында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы өз жұмысын бастады.
Қазіргі таңда бұл клуб мектеп оқушылары арасында нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Клуб жетекшісі Саканов Болат, төрағасы-мектебіміздің 9 «В» сынып оқушысы Саттарханова Диляра. Оқушыларымыздың арасында «Адал ұрпақ» клубының жұмысына қызығушылық танытып, мүше болуға сұраныс білдірген оқушыларымыздың саны күннен-күнге артып келе жатқаны қуантарлық жағдай. Бұның өзі клубтың нәтижелі еңбегінің бір көрінісі деп білуге болады. Қазіргі уақытта мектебіміздің барлық 3554 оқушыларының ішінен мыңға жуығы осы клубтың белсенді мүшелерінің қатарында.
Шара барысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңадан қатарға қосылғандарға арнайы галстук пен төсбелгілер берілді.
Біз сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның әр азаматының адамдық борышы деп білеміз.