Батысқазақстандық университетте Тәуелсіздік күніне орай жыр байқауы ұйымдастырылды

Батысқазақстандық университетте Тәуелсіздік күніне орай жыр байқауы ұйымдастырылды

 

24 қараша күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жырлаймын тәуелсіз елімді» атты мәнерлеп өлең оқу байқауы ұйымдастырылды.

Жастардың бойындағы шығармашылық қабілетін ұштау, оларды отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Парасат» ақпараттық білім беру және Тілдерді дамыту орталықтары ұйымдастырған іс-шараға университеттің 1-курс студенттері қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Алдымен сөз алып, үміткерлерге сәттілік тілеген аталмыш орталық директоры Айгүл Есенаманова кешке қатысқан оқытушылар мен студенттерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. – Ел Президенті өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл-қыздарымыз. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген болатын. Тәуелсіз елдің жастарына барлық мүмкіндіктер жасалуда. Мысалы, біздегі кітапханадан осындай үлкен «Жастар коворкинг орталығын» ашып, мұнда студенттерге сабағына еркін дайындалуға, қалаған кітабын немесе газет-журналдарын оқуға жағдай жасап қойдық. Орталыққа келіңіздер, кітап оқыңыздар, – деген Айгүл Базарқызы білімді жастар – кемел елдің келешегі екенін атап өтті.

Бұдан әрі қазақ қаламгерлерінің егемендік туралы жырларын оқу үшін үміткерлерге кезек берілді. Сайысқа қатысушылар үлкен дайындықпен келгендерін байқатты. Өлеңді мәнерлеп оқып, топ алдында өздерін емін-еркін ұстап, жиналғандардың қошеметіне бөленді.

Мәнерлеп өлең оқу байқауы нәтижесі бойынша Асан Кунасов – бірінші, Мұрагер Құмар – екінші, Шамшырақ Есенғалиева – үшінші орындарды иеленді. Өзге қатысушылар «Алғыс хаттармен» марапатталды.

БҚАТУ медиа орталығы
25.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 32
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 28

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1186
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7233
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11097
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7297
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7442