Бейсенкүлдің әлемі

Бейсенкүлдің әлемі

Бейсенкүл Бураханова-Кубекова 1963 жылдың 23 қарашасында Қызылорда облысы Шиелі ауданында туылған. Қызылорда көркемсурет студиясын, Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Арқалық педагогикалық институтының сурет-графика факультетін бітірген. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі. Халықаралық және республикалық конкурстарға, симпозиум мен плэнерге әрдайым қатысады. Ақтөбе қаласында тұрады.

 

ОТТАН СУЫРЫЛҒАН СУРЕТ ДӘПТЕРІ

Мен ес білгелі атам мен әжемнің қолында өстім. Ол кісілер көптеген ғибратты әңгімелерін, бар ақылдарын айтып отыратын. Қаратаудың етегінде тұрдық, жүздеген қой, ешкі, төрт түлік малдарымыз болды. Мен мектепке баратын болғасын малдарды сатып, ауылға көшіп келдік. Ауылда үлкен жер алып, атам, әжем, әкем, анам, заңгер Жүніс ағам, обкомда қызмет атқарған жиен жездем Бəйкенже көке, бəрі жабылып, үлкен үй салды. Мектепке барған соң ешкімге көрсетпей суреттер сала бастадым. Бейнелеу өнеріне деген қызығушылығым табиғатқа құмарлығымнан басталған еді. Көкпеңбек аспан, жасыл жайлау, көкорай шалғын шөптер, әсем гүлдер... Суреттерімді үйде төсеулі жатқан киіздің астына жасыратынмын. Бірақ неге екенін қайдам, менің сурет салғаныма үйдегілер қарсы болды. Сондықтан да тығып жүрдім. Бір күні әжем көріп қойып, біраз суреттерімді жанып жатқан пештің есігін ашып, салып жіберді. Сол арада мен де қосыла дəптерлерімнің артынан пешке ұмтылып, отқа екі қолымды тығып жібердім. Əжем қорыққаннан шыңғырып жылап жіберді де, мені құшақтап артқа қарай құлады. Екі қолымның күйген иісі үйді алып кетті. Содан әжем еденде төсеулі жатқан киіздің шеттерін пышақпен кесіп алып, екі қолымды орап таңып тастады. Өзі қатты жылап жүр, атам ренжіп: «Жөйттің қызы, менің баламды өлтіре жаздадың!» – деп ол да жылап жүр. Міне осындай жағдайдан соң әжем де, атам да рұқсаттарын беріп, өздері суретке керекті нəрсенің бəрін алып беретін болды. Кейін есейген соң суретшінің оқуына түсіп, арман-мақсатыма жеттім.

 

АТА-ӘЖЕМ ӨЖЕТ КІСІ БОЛҒАН

Бурахан атамның əкесі имам Барқынбай баба оқымысты кісі болған екен. Мешіті бар, сол қартайған кезінде бабамның мешітіне бірнеше Алаш азаматтары жасырынған екен. Содан бабамды Алашордаға көмектестің деп итжеккенге Сібірге айдаған екен, жолда қайтыс болып кетіпті. Атам соны ылғи айтып отыратын. Ал әжемнің ата-анасын Омбының түрмесіне қамап, Ресейдің əскерлері біраз қинайды. Содан әжем ер мінезді өжет кісі болатын, сол жерге барып солдаттармен төбелесіп, жасырын әке-шешесін алып қашады. Қытайдың шекарасына келгенде қызыл əскерде қызмет жасайтын алыс туыстары ұстап алады. Əрі қарай сұмдық күндерді бастан кешеді. Бірақ атам мен әжемнің бір-біріне деген адал махаббаты бəрін жеңіп шығады. 1941-1945 жылдары ұлдары Мінайдар көке мен Мəлгаждар көке соғыста қайтыс болып кетеді. Тағы бір ең кіші Кенжебансары атты сұлу қыздарын қызылдар қамшымен ұрып өлтіреді. Аруақтардың жандары жəннатта болсын!

Бейсенкүлдің картиналарында ерекшеліктер тек жазу мәнерінде ғана емес, оның әрбір композициясының астарында өте терең ойлар бар. Суретшінің ішкі дүниесіндегі сырлары мен армандарын картина бетіндегі әрбір көзге нақты көріне бермейтін детальдар арқылы оқуға болады. Ешбір кездейсоқ берілген затты көре алмайсыз. Бейсенкүлдің картиналарына үңілген сайын осы жер бетінде жаңа параллельді тылсым дүние бар екеніне сенгің келеді. Осы қасиеттер Бейсенкүлдің еңбектерінде тұнып тұр. 1998 жылы Бірінші арнайы жеке көрмесі өлкетану мұражайында болды. 2000 жылы қарашаның 23 күнінде Екінші арнайы жеке көрмесі өнер мұражайында өтті. 2010 жылы Үшінші арнайы жеке көрмесі өнер мұражайында өтті. 2010 жылы облыс әкімі сыйлығының лауреаты Облыстық мәдениеті мен өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Елеусін Сағындықов марапаттады. 2020 жылы 6 мамырда Төртінші арнайы жеке көрме болды.

 

Жәдігер КЕНБАЙ, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 31
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 30
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 29
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 63
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 67
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 265
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 262
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 883

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8959
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8353
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11579
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9337
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10563