2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға бөлінетін гранттардың саны 36%-дан 60%-ға дейін артады.
Техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін IELTS деңгейі 5.0 балға төмендетілді. Бір жыл тілдік дайындықтан өту мүмкіндігі де қарастырылған.
"Инженерлік-техникалық қызметкерлер" жеңілдетілген санатын енгізу қарастырылып жатыр.
Ауылдық жерлерден келген үміткерлерге де жеңілдік жасалады. IELTS нәтижесімен ағылшын тілін меңгеру деңгейі 5.0 балға дейін төмендетіледі. Ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімі 3 жылдан 2 жылға дейін қысқартылады.
"Олар алдымен тіл курстарынан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін бағдарлама бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізімінен оқу орнын таңдай алады", - дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Әнуар Жанғозин.