Бүтінді бүлдіргеннен кімге пайда?

Бүтінді бүлдіргеннен кімге пайда?

Екі мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз қаласы өзінің бай шежіресімен қатар, көз тоймайтын көркімен де ерекшеленіп келеді. Әсіресе соңғы жылдары облыс орталығында еңселі нысандар бой көтеріп, шаһардың келбетіне сән қосты. Тұрғындардың серуендеп, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған саябақтар мен өзге де демалыс орындары да қаланың келбетін одан сайын айшықтай түсуде. Мұның барлығы – халықтың игілігіне берілген дүниелер. Алайда көптеген жерлесіміз осыны жете ұғынбай жүрген сияқты. Салдарынан бүтін дүниелерді бүлдіруге құмар азаматтардың қатары азаймай тұр. Әрине, бұл қуанатын емес, мұңаятын жағдай…

Мәселен, күні кеше тараздықтар ұлу жылын сән-салтанатымен қарсы алды. «Көне Тараз» мәдени-тарихи кешенінде өткен көңілді думанға ағылған халықтың қарасы қалың болды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жайнаған халықты көріп, көңіл қуанды. Әйткенмен аталмыш кешенде орналасқан субұрқақтарды, бағаналарды қиратып, бүлдіріп кеткен «тентектердің» ессіз әрекетін көргенде сол қуанышымыз су сепкендей басылды.
Өкінішке қарай, мұндай жайттар соңғы уақытта жиілеп кетті деуге болады. Мәселен, былтыр «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Жеңісті жақындатқан жампоздарға арналған ескерткіш (адам есімдері жазылған) тақтайшаны қиратқандардың әрекеті де арқамызға аяздай батқан еді. Одан қалды еліміздегі ең ұзын субұрқақ «Желтоқсан толқынының» өткел жақтауларын қиратқандар әлі тиісті жазасын алған жоқ…
Жалпы бізге ешкім сырттан келіп жоғымызды түгендеп, жыртығымызды жамамайды. Себебі ел игілігіне берілген әрбір нысанды салуға, оны күтіп ұстауға мемлекеттің қыруар қаржысы жұмсалады. Оның үстіне бұл дүние-лер – тек бір ғана адамның жекеменшігі емес, барша халыққа ортақ дүние. Ендеше, оларды бүлдіріп жүргендердің бұл теріс қылығы мемлекетке ғана емес, өздеріне де жаны ашымайтынын айқын аңғартып отыр. Туған елін, жерін сүйетін адам мұндай ессіздікке бармаса керек-ті. Мұндай әрекеттерге өзгелер емес, өзіміздің жерлестеріміздің жол беріп отырғаны қынжылысымызды күшейте түседі. Осындайда тентегін тезге салатын қариялардың, үйдегі ата-ананың өнеге-ақылы ауадай қажет-ақ.
Тарихтың темірқазығы Тараз бүгінде жастардың ордасына айналып келеді. Мұндағы әрбір дүние – сол жастарға қалатын теңдессіз мол мұра. Сондықтан оларға тек әкімдік қана емес, баршамыз жауаптымыз. Осыны санасында саңылауы бар әрбір тұрғын, әрбір жас жете түсінгенін, түсіне отырып содан сабақ шығарғанын қалаймыз.
Сөздің тоқетері, бүтінді бүлдіру ешкімге пайда әкелмейді!

Дәулет Төленді, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі
10.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666