ДАРЫНЫМЕН ДАРАЛАНҒАН ДАРАБОЗ

ДАРЫНЫМЕН ДАРАЛАНҒАН ДАРАБОЗ
Өткен сейсенбі күні Алматыдағы Ұлттық кітапханада жазушы, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Пернебай Дүйсенбиннің 80 жас мерейтойы «Дарынымен дараланған дарабоз» атты шарамен бастау алды.
Шараға жазушылар, өнертанушылар мен ғалымдар, белгілі өнер адамдары, әншілер, жазушының шәкірттері және республикалық бұқаралық ақпарат құраларының басшылары қатысты.
Шараға қатысқандар әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, жазушы Пернебай Дүйсенбиннің қолынан қаламы түспей, ел руханиятының дамуына үлес қосып жүргенін айтты. Қаламгердің шығармашылығына тоқталып, қаламынан туған құнды туындылар уақытпен бірге жасап, өскелең ұрпақ үшін берері мол екендігі айтылды.
Белгілі өнер қайраткерлері мерейтой иесінің құрметіне ән-жырдан шашу шашты.
Айта кету керек, Пернебай Дүйсенбин 1943 жылы 13 қазанда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. Ол мектепте оқып жүрген жылдары тырнақалды туындыларын-өлеңдерін, әңгімелерін газеттерде жариялады. 1958 жылы оның салған суреттері Москвадан шығатын «Пионерская правда», Алматыдан шығатын «Дружные ребята» газеттерінде жарияланып, көпке танылды.
Пернебай Дүйсенбин 1990 жылдан КСРО және 1994 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. «Жұмбақ жұлдыз», «Кішкентай генералдар», «Ән салыңызшы, Әке», «Елгезек ертегілер елінде», «Тектінің тұяғы еді» атты кітаптардың авторы. 2003 жылы тарихи – танымдық «Шежірелі Сарысу», 2007 жылы «Үркердей болып көшкен жұрт...», 2008 жылы «Сарысунама» атты тарихи-деректік томдарын шығарды.
Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен республикалық «Жалын» баспасы бірлесіп өткізген жабық бәйгесінің 1979,1980,1981,1986 жылдардағы лауреаты. 1994 жылғы республикалық «Балауса» баспасының, 1996 жылғы «Парасат» журналының лауреаты. 2013 жылы Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің II жүлдесін, Жамбыл облыстық «Үздік журналист» конкурсының І жүлдесін иеленді. 2015 жылы «Есен-сау жүріңізші, асыл Ата» атты повесіне Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің Бас жүлдесі (Гран-при) берілді.
Сарысу ауданының Құрметті азаматы.
Сарысу ауданы әкімдігі
24.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 26
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 32
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 28
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1186
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7233
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11097
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7297
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7442