ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ КӨТЕРІЛГЕН ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ  КӨТЕРІЛГЕН ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР

Қызылорданың Шиелі, Жаңақорған, Жалағаш аудандарында болдық. Жаңақорғанда Қожакент деген ауыл бар. Ұйымшыл, өте әдемі ауыл. Осы ауылда №168 мектеп бар. Өте ескі мектеп. Апатты жағдайда. Пәлен жылдан бері жазып, айтып келеміз. Бірақ биыл тағы да барғанда әлі де сол мектепте балаларымыз оқып жатқанын көрдік. Масқара емес пе? Шиелі ауданында ауру-сырқау, обыр, туберкулезбен ауыратындар, мүгедек балалар көп. Неге? Себебі мұнда уран өндіріледі. Оның зиянын айтып, ең болмаса өтемақы төлеуді ескерген билік болмай тұр. Сұлутөбе ауылында атақты Мұстафа Шоқай бабамыз дүниеге келген. Әлемге танымал перзентіміздің ауылында болғанда қатты ұялдық. Жолы нашар, газы жоқ. Оның үстіне көшелері лас, күтімсіз ауылды көріп, көңіліміз қалды. Жалағаш ауданында Жаңадария, Аққыр  деген іргесі сөгілмеген ауылдар бар. Қашықтағы  ауылдар болған соң ба, су мәселесі қиын. Көшелері қурап тұр. Аққыр ауылында мәдениет үйінің жоқтығы қанша көтерілсе де, әлі күнге дейін салынбай жатыр екен. Ауылдардан жастар осындай себептермен қалаларға кетіп қалған. 

 

Нағашыбай Қабылбек, Ерқазы Сейтқали
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 241
Жолдауға шынайы қолдау керек
Шолпан ҒАББАСОВА, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы - 04.09.2024 308
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 263
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 300

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4129
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3556
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 5771
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4533
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 5717