ЕАЭО-ның шаңырағы ортасына түсетін күн алыс емес

ЕАЭО-ның шаңырағы  ортасына түсетін күн алыс емес

 

АҚШ Сенаты Ресейді терроризмді қолдайтын елдердің тізіміне қосу жөнінде мәселе көтеріп отыр.  Егер Ақ үй сенаторлардың сөзіне құлақ асатын болса, бұл жайт Қазақстанға да оңай тимейтін түрі бар. Өйткені Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 26 млрд АҚШ долларынан асып жығылады. Сарапшылардың пікірінше, Ресейге салынған санкциялардың бір ұшы Ресейдің серіктестеріне таяқ болып тиіп, Еуразиялық Экономикалық Одақтың шаңырағы ортасына түсуі ықтимал. Осы мәселеге қатысты пікір білдірген экономист      Айдар Әлібаев: «АҚШ Ресейді терроризмді қолдайтын елдердің тізіміне қосуды көздейді. Бұл тізімге бірнеше ел ғана кірген. Менің білуімше, бұл мемлекеттер – Солтүстік Корея, Иран және Сирия. Ресей бұл тізімге кірсе, қосымша санкциялар салынады. Бұл Ресейді өркениетті әлемнен бұрынғыдан да бетер оқшаулай түсіп, оның сауда-саттығы мен қаржылық мүмкіндіктерін қазіргіден де шектей түспек. Сөйтіп, Ресейдің ахуалы нашарлайды. Ресей басқалар онымен Еуразиялық экономикалық қауымдастық ішінде «одақтасымыз» деп айтуға ауыз бармайтын қадамдар жасап жатыр. Мәселен, Ресей ешкімге ескертпестен бидай, жүгері, қант және басқа да тауарларды сатуға тыйым салды. Одақтастар бұлай етпесе керек. Ресей Каспий құбыр консорциумында бізге үш мәрте қиындық туғызып үлгерді. Қазір көлеңкелі импортпен тауар алдырту үшін  Қазақстанды кеңінен пайдаланбақ. Егер Ресей терроризмді қолдайтын елдердің тізіміне енгізілсе, бұл мүмкіндіктер тағы да тарыла түседі. Қазірдің өзінде Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер өздеріне: «Бұл ұйымда қалу экономикалық тұрғыдан орынды ма, Украинада агрессиялық соғыс жүргізіп жатқан Ресеймен одақтас болу тиімді ме?» – деген сұрақтар қоя бастады. Егер тізімге енсе, бұл сауал бұдан да өткір қойылары сөзсіз. Меніңше, Қазақстан билігі  Еуразиялық Экономикалық одақтан шыға қоймас. Бірақ осындай оқиғалардың, санкциялардың, экономикалық тұрғыдан пайдасы жоқтығының кесірінен, оның үстіне Ресей терроризмді қолдайтын елдердің тізіміне кірсе,  Еуразиялық Экономикалық одақ өздігінен тарап кетеді. «Халықаралық терроризмді қолдаушы мемлекетпен қалай бір экономикалық немесе әскери одақта болуға болады?» – деп кез келген адам ойлана бастайды. Мұндай сұрақ тек Қазақстанда ғана емес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы мен  Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдердің бәрінде туындайды. Қырғыздар да, армяндар да және басқа елдер де ойлана бастайды. Еуразиялық Экономикалық одақтың өмір сүруі мен оның орындылығы жайындағы сұрақ күшейе бермек. Меніңше, бұл одақтың шаңырағы ортасына түсетін күн алыс емес. Одақ құласа, одан өзгере қоятын ештеңе жоқ. Мәселен, біздің Ресеймен шекарамыз 7,5 мың шақырымға созылып жатыр. Тарихи байланыс күшті. Қаласақ та, қаламасақ та, біз Ресеймен қоңсы өмір сүріп, сауда-саттық жасай беретін боламыз. Еуразиялық Экономикалық одақ құласа да, экономикалық байланыс үзілмейді.   Барлық көршілерімізбен экономика, сауда-саттық, әлеумет, мәдениет, өнеркәсіп, әскери салалар бойынша екіжақты келісімшарттар жасаймыз. Әр тараптың ұлттық мүдделері ескерілетін болады. Бұл – дұрыс нәрсе. Мен білетін шындық, біз заңды жолмен иә заңсыз жолмен болса да, Ресеймен бәрібір сауда-саттық жасаймыз. Бүгін Ресей жан-жақтан бұғатқа түсіп отыр. Еуропаға шығатын жолдардың бәрі жабық. Ұшақтары ұшпайды, теміржол торабы да, автокөлік тас жолдары да бекітілген.  7,5 мың шақырым шекара – Ресей үшін әлемге ашылған терезе емес, үлкен қақпа. Яғни сауда-саттық үшін де, заңсыз сауда үшін де, түрлі тауарлар мен өнімдерді әкелу үшін де, адамдардың басқа жаққа кетуі үшін де, ұшақтары ұшуы үшін де, көліктері жүруі үшін де Ресейге Қазақстан керек. Әрине, билік өте сақ болуы қажет. Жарияланған санкцияларды  сақтауы тиіс. Ресейге ресми түрде көмектеспегені жөн. Қайталама санкцияға ұрынсақ, мұның арты өте қиын болады. Өйткені Қазақстанның экономикасы соншалықты күшті емес. Нөлдік экономика деуге болады. Әйтпесе, бәрі құрдымға кетеді.

Бірақ заңсыз, көлеңкелі импорт-экспорт, сауда бәрібір жалғасады. Бұл жағдай орта және шағын бизнеске өте пайдалы болып жатыр. Олар бәрібір сауда-саттық жасай береді. Ресеймен арадағы шекарада мыңдаған «тесіктер» бар. Контрабанда гүлденеді. Бұдан қашып құтыла алмаймыз», – деген болжам жасады. 

 

 

Ермек Сахариев
04.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590