Экономикалық өсімсіз көсегеміз көгермейді

Экономикалық өсімсіз  көсегеміз көгермейді

Экономикасы дамыған елдің болашағы кемел. Бұл –  дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Қоян жылы ел экономикасының қалай дамуына алаңдаушылық білдіріп, өз ойын ортаға салған экономист Мақсат Халық: «Өткен жылғы ең қиын жағдай инфляцияның қарқынды сипат алуы болды, яғни бір жылдық инфляция 20,3 пайыздан асып жығылды. Ал азық-түлік инфляциясы 25 пайыздан асты. Соңғы он төрт жылда мұндай жағдай болмаған. Бұл – экономикамыздың жағдайы ауыр деген сөз. Инфляция бірінші кезекте халықтың әлеуметтік жағдайына қатты әсерін тигізіп отыр. Халықтың табысы өсіп жатқан жоқ. Шынайы тұрғыдан алып қарасақ, халықтың табысы өте аз. Ол инфляция деңгейін қуып жете алмай келе жатыр. Соның салдарынан ел азаматтарының төлем қабілеті нашарлап барады. Бұл кедейшілік деңгейінің өсуіне ұласуы мүмкін. Бұл жақсы үрдіс емес.  Меніңше, биылғы жылда да инфляция үрдістері жалғасады. Бұдан бөлек, девальвация болуы да ықтимал. Бұл сөзге біздің етіміз үйреніп қалды. Бірақ экономикада мұны девальвация деп айтпайды, бұл – теңгеміздің құнсыздануы. Осындай үдерістер жүруі мүмкін. Бұған барлық негіз бар. Себебі бүкіл әлемде ақша-несие саясаты қатаңдай бастады. Бұған дейін елдер жеңілдетілген ақша-несие саясатын жүргізіп келген-ді. 

Бұдан бөлек, Қытай, АҚШ және Еуропа экономикасында рецессия болады деген болжам бар. Бұл туралы жақында ғана Халықаралық валюта қоры мәлімдеді. Рецессия – дағдарыс деген сөз. Дағдарыс фазасына өткенде бұл мемлекеттердің өндірісі қысқарады. Өндіріс азайғанда шикізатқа деген сұраныс төмендейді. Демек, мұнай бағасы арзандайды. Осындай факторлар рубльдің де, теңгенің де құнсыздануына себеп болуы мүмкін. Қытай экономикасында рецессия болады деп болжануының тағы бір себебі – тұрғын үй нарығында ипотекалық дағдарыс күтіліп отыр. 2008 жылғы АҚШ-тағыдай ауқымды дағдарыс болмаса да, белгілі бір дәрежеде құрылыс нарығына жағымсыз әсер етеді. Көрші отырғаннан кейін мұның салқыны Қазақстанға да тиеді. Елімізде құрылыс нарығында, әсіресе, екінші нарықта көпіршік бар екенін талай экономистер айтып жүр. Мұндай үдерістер туындаса, осы көпіршік жарылуы әбден мүмкін. Бағалар күрт төмендеуі ықтимал. Бұл бір жағынан халық үшін жақсы болып көрінуі мүмкін. Бағалар реттеліп, тұрғын үй бағасы түседі. Бірақ бұл құрылыс компанияларының банкротқа ұшырауына әкеліп соғады. Мұның кесірінен үлескерлер үйлерін уақытында ала алмай қалуы мүмкін. Құрылыстар қаңтарылып қалады. Бұдан бөлек, құрылыс нарығында көп адам жұмыс істейді. Бұл әзірге тек болжам ғана.

Геосаяси жағдай тұрақталып, әлемдегі қаржы жүйесі, ақша айналымы реттелсе, бәрі қалыпқа түсуі мүмкін. Кейбір деректер бойынша, мұнай бағасы өсе түсуі мүмкін. Өйткені Қытай карантиндік шектеулерді қысқартып, шекарасын ашып жатыр. Бұл іскерлік мүмкіндікті жандандырады. Осы сценарий орын алса, мұнайға және басқа да ресурстарға сұраныс қайта артады. Бұл Қазақстанға да оңтайлы әсер етеді. Қазақстан Каспий құбыр консорциумына байланып отыр. Бұл мәселені шешуге ұмтылып та жатыр. Өзге де транзит жолдары қарастырылып жатыр. Бұл мәселелер түбегейлі шешілсе, Қазақстан үшін биыл оңтайлы жыл болады деуге негіз бар. Дейтұрғанмен, мұнай бағасы қазір аса төмен емес. Пандемия кезінде барреліне 30 долларға дейін түсіп кеткен еді. Әзірге мұндай жағдайға дейін жеткен жоқ. Мұнай бағасы аздап түссе де, бұл Қазақстан экономикасына, экспорт көлеміне аса ықпал етпейді. Экспорттық әлеуеттің жақсы болуы теңгені тұрақты етеді. Осы жылы 90 миллион баррель мұнай өндіруді, 71 миллионын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Осы үдеден көрінсек, экспорттық әлеуетімізде артықшылықтар сақталады. Осындай балама мүмкіндіктер де бар. 

Өз басым еліміздің экономикасының тұрақты болғанын қалаймын. Біздегі саяси өзгерістер әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ұласса, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарса деген ниетім бар. Сонда халықтың да мемлекетке деген сенімі артады. Бұл экономикада үлкен рөл ойнайды. Халықтың мемлекетке сенімі болса, онда еңбек өнімділігі артады. Ертеңге сенімі болса, азаматтарымыздың еңбекке деген құлшынысы болады. Осы себеп экономикалық өсімді тудырады. Бұл – өте маңызды фактор.  Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бюджет қаражатының үлестірілу тиімділігін арттыру және тағы басқа маңызды мәселелер үкіметтің осы жылы атқаратын жұмысына тікелей байланысты болмақ», – дейді. Білікті маманның болжамы шындыққа ұласа ма, жоқ па, оны алдағы уақыт көрсетеді, әрине. Ендеше, әліптің артын бағалық, оқырман қауым. 

 

Ермек Сахариев
23.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 76
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 80
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 182
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 182
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9197
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8594
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805