Экспортеркәсіпорындар қатары 35-ке жетті

Экспортеркәсіпорындар қатары 35-ке жетті

Шымкенттік кәсіпорындар былтыр 150 миллиард теңгенің шикізаттық емес тауарын экспортқа шығарған болатын. Мамандар биыл бұл меже арта түседі деген болжам жасап отыр. 

Қалада белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорын бар. Олар әсіресе Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Латвия, Ауғанстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдеріне түрлі тауарлар жөнелтеді.

Негізінен мұнай өңдеу, машина жасау, металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі және фармацевтика салаларында жұмыс істейтін бұл кәсіпорындардың әлеуеті жоғары. Экспортқа шығатын тауарларды пайыздық межемен мәлімдейтін болсақ, мысалы мұнай және мұнай өнімдері – 16,1 пайызды, ұн – 13,4, портландцемент және цемент өнімдері – 11,3, мақта талшығы – 6,6, күнбағыс майы – 5,7, мұнай газдары – 4,6, тоқыма бұйымдары – 3,6 пайызды құрайды.

Ұлттық экономиканы шикізат экспортына тәуелділіктен арылту – мемлекеттік стратегиялық маңызға ие міндеттердің бірі. Тәуелсіздік жылдарында өзге өңірлермен қатар, әсіресе Шымкентте өнеркәсіпті өркендету, экономиканың нақты секторын дамыту үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Өнеркәсіптің даму тенденциясын негізгі 2 көрсеткішпен дәлелдеуге болады. Біріншіден, былтыр Шымкент қаласында 654 миллиард 200 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Бұл жалпы өңірлік ішкі өнімінің 25 пайызын осы өнеркәсіп саласы құрап отыр дегенді білдіреді. Екіншіден, Шымкентте 35 экспортер-кәсіпорын бар. Еліміздің ішкі нарығына – өзге өңірлеріне ғана емес, алыс-жақын шетелдерге де өз тауарын ұсынып, халықаралық нарықтағы қатаң бәсекелестікке төтеп беру оңай емес. Ал сол белесте белсенді болу үлкен нәтиже. Бұл орайда біз алдымен – «Шымкентмай» акционерлік қоғамын атар едік.

Байырғы кәсіпорынның тарихында талай жаңғырту, қайта құру жұмыстары қолға алынды. Өз нәтижесін берген бұл игі-шаралар әсірісе, кәсіпорынның соңғы онжылдықта даму көкжиегі биіктей түскенін көрсетуде. Негізгі өндірісі өсімдік майын шығару болған кәсіпорын бүгінде мақта майының қатарына біртіндеп күнбағыс, соя, мақсары және рапс майларын қосып отыр. Ал майды физикалық өңдеу арқылы тазартылған май қышқылдарын алу, оны кір сабын жасауға пайдалану ісі жаңдана түскен. Себебі кір сабынға деген сұраныс нарықта әрдайым бар. «Шымкентмай» компаниясы шығаратын «Хозяйка» және «FRESHKO» сауда белгілерімен танымал кір сабындар экологиялық жағынан таза өнім саналады. Оның құрамында жасанды ағартқыштар мен синтетикалық хошиістендіргіштер жоқ. Компания былтыр 32 мың тонна өсімдік майы мен 6 800 тонна кір сабын шығарды. Оны ішкі нарықпен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан және Түркияға экспортқа шығарған. Осылайша бұл кәсіпорын өз табысының 70,5 пайызын экспортқа жөнелткен өнім есебінен тауып отыр.

Айта кету керек, қазір Шымкентте белсенді жұмыс істейтін 35 экспортер-кәсіпорынның 29-ы «2018-2022 жылдарға арналған «ҚР Ұлттық экспорттық стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдауға өтініш берген.

– «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарлама аясында экспорттаушыларға көмек көресту бойынша келісімдерге қол қойды. Бағдарламада өңделген тауарларды шығарумен айналысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындарды өтеу қарастырылған, – дейді Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

 

 

Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ
01.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 70
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 72
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 176
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 317
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 318
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 540
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 488

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9192
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8590
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11818
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9587
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10801