Ел экономикасын өркендетуде өзіндік орны бар ұжым

Ел экономикасын өркендетуде өзіндік орны бар ұжым

Қазіргі экономикалық жаһандану жағдайында аймақтық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі, егеменді мемлекеттердің шекаралық аумақтар кеңістігін орталықсыздандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың өсуі, әлеуметтік деңгейінің жоғары болуынан туындаған әлеуметтік қатынастар, қоғамның дамуы, сондай-ақ ресурстар, технология және өндірістің басқа факторлары үшін күресте бәсекелестіктің күшеюі күрделене түсуде.

Бұл жағдайда бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігі аймақтық және халықаралық деңгейлерді қамтамасыз етуге ұмтылатын кез келген мемлекеттің, оның ішкі қоғамдық-саяси тұрақтылығы мен экономикалық жүйе және халықаралық саяси салада үстемдікке қол жеткізуде дамуының басты міндетіне айналады. Бүгінгі күні аталған міндеттерді жүзеге асыру жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімді жұмыс істейтін жүйесі есебінен, жаңа бағдарламалар мен технологияларға бейімделуге, қабылдауға ашық, ұтқырлыққа қабілетті кәсіби кадрлардың болуы негізінде, тиімді жұмыс істеуінің арқасында жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда біртұтас мемлекет форматында еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын білікті мамандармен қамтамасыз ететін жоғары оқу орындарының рөлі өте зор. Осындай ортаны көбінесе өз білім беру қызметін халықаралық нарықта жылжытатын және жоғары білікті мамандарды даярлайтын жоғары оқу орындарының ақпараттық-имидждік саясаты есебінен қамтамасыз етеді.  

 

Жастарымыз – тың идеялардың қайнар көзі

 

Қазіргі нарықтық жағдайда бәсекеге қабілетті білікті мамандарды даярлауда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің орнын ерекше атап өткен жөн. 

Биыл 90 жылдығын тойлап жатқан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – әлем елдері мойындаған, көшбасшы, инновациялық, сапалы білімнің негізгі көзі, білімді де білікті мамандарды дайындайтын білім мекені. 

ҚазҰУ Қазақстан жоғары оқу орындары арасында ғылыми-технологиялық және инновациялық мүмкіншіліктер жағынан қарасақ, теңдесі жоқ жетекші университет болып табылады. 

Мемлекетіміздің Президенті Қасым Жомарт Тоқаев: «Жастар – қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Сондықтан өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін дұрыс арнаға бағыттап, тиімді пайдалануымыз керек» деген болатын. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің басты мақсаты да осы.

Жас ұрпаққа сапалы білім беруде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес технологиялар» кафедрасының үлесі де зор.  «Бизнес-технологиялар» кафедрасы қазіргі өзгермелі нарық жағдайында өзінің өзектілігін арттырып, маңыздылығын қалыптастырып отырған маркетинг және логистика саласындағы мамандарды дайындайды. 

Белсенді дамып келе жатқан инновациялық технологиялар мен креативті, бәсекеге қабілетті мамандарға деген өзекті қажеттілікті ескере отырып, отандық өнімді зерттеумен, талдаумен, жылжытумен, оңтайландырумен және отандық өнімді ілгерілетумен айналысатын жоғары білікті отандық маркетологтарға, логисттерге сұраныс артып отыр. Кафедраның қызметі қазіргі заманғы мамандарды даярлаудың оқу-әдістемелік процесін жетілдіруге, маркетинг, логистика, кәсіпкерлік және Қазақстан экономикасы мәселелерінің кең және әр алуан кешені бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Қазіргі уақытта «Бизнес-технологиялар» кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің лицензиясына сәйкес бакалавриат бағыты бойынша «6В04107 – Маркетинг» және «6В11301 – Логистика (салалар бойынша)»; магистратура бағыты бойынша «7M04129 – Маркетинг», «7M11301 – Логистика (салалар бойынша)», «7M04130 – Маркетинг (РХДУ)», «7M11302 – Халықаралық логистика (РХДУ)» (2 жылдық ғылыми-педагогикалық бағыт) және докторантура бағыты бойынша «8D04111 – Маркетинг», «8D11301 – Логистика (салалар бойынша)» мамандықтар даярлайды және оларға логистиканың, маркетингтің, интернет-коммерцияның, ішкі және халықаралық нарықта қызмет көрсету саласында тиімді менеджменттің заманауи аспектілерін үйретіп, болашағы жарқын маман иесі атануына зор үлесін қосуда.

«Бизнес технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., қауымдастырылған профессор  (доцент) Зәуреш Болатханқызы Ахметова «Үздік ЖОО оқытушысы – 2019» грантының иегері. З.Б.Ахметова университеттің, факультеттің қоғамдық, ұйымдастырушылық және зерттеу жұмыстарында белсене атсалысып отырған тұлғалардың бірі. 

Кафедра құрамы да жоғары кәсіби қызметкерлерден қалыптастырылған, олар: Қазақстан Республикасының көрнекті академик-профессорлары, еңбек сіңірген ғылыми қызметкерлері және доценттері: э.ғ.к., профессор м.а. З.Б.Ахметова, э.ғ.д., профессор У.К.Шеденов, э.ғ.д., доцент Б.Қ.Қазбеков, э.ғ.к., профессор м.а. Ж.Т.Қожамқұлова, э.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Товма, э.ғ.д., доцент М.У.Бейсенова, э.ғ.к., доцент К.М.Камали, т.ғ.к., доцент м.а. С.Қ.Ахметқалиева, э.ғ.к., доцент м.а А.К.Кажмуратова, э.ғ.к., аға оқытушы. А.Т.Бейжанова, э.ғ.к., аға оқытушы Э.Е.Баймуханбетова т.б.

Кафедра дайындаған білім беру бағдарламалары FIBAA (Халықаралық бизнес әкімшілігін аккредиттеу қоры), KAZSEE және ТАРА аккредитациясы, ББСҚЖТА (білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік)  сияқты жоғары білім сапасын бағалау агенттіктерінің беделді халықаралық аккредитациясынан өтіп, 1-орынға ие болып, өз сапасын дәлелдеп отыр. Нәтижесінде кафедра әртүрлі ұйымдық-құқықтық меншік нысанындағы кәсіпорындар үшін жоғары білімді және креативті маркетологтар мен логисттерді дайындау мүмкіндігін арттырып отыр.

 

Кәсіби дағдыларды меңгеру – басты міндет

 

Кәсіби дағдыларды меңгеру, тәжірибелік сабақтардан өту, студенттерге, магистранттарға, кафедра докторанттарына қонақтық лекциялар, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру мақсатында «Орталық Азия жарнама қауымдастығы», «Magnum Cash&Carry» – ірі сауда-саттық және бөлшек сауда желісі, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағы, DAMU Logistics индустриалды-логистикалық орталығы және т.б. компаниялармен сенімді ынтымақтастық орнатып, тығыз байланыс жасауда. Оның айқын көрінісі пандемия кезіндегі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ресей халықтар достығы университеті және Алтай мемлекеттік университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес кафедра академиялық ұтқырлықты күшейтуі. Университетте алғаш рет бакалавр бағыты бойынша 2021-2023 жж. академиялық ұтқырлық бойынша сырттан келген 86 студентке онлайн форматта білім беруі. Ресейден келген сыртқы студенттерге арналған «Стратегиялық маркетинг» курсы бойынша қысқы мектептің де өз жұмысын сәтті жүзеге асырғандығын атап өтуге болады.

Ең үлкен жетістіктерінің тағы бір көрінісі «Маркетинг»  және «Логистика» бағыттары бойынша диссертациялық кеңестің жұмысын бастауы.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы Ресей халықтар достығы университетімен (Мәскеу қ., Ресей) қос дипломға студенттерді «Маркетинг және жарнама», «Көлік қызметі» оқыту бағыттары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізуде, ол өз кезегінде бітіруші түлектердің сұранысқа ие мамандық иесі атануына үлкен үлесін тигізері сөзсіз. «Халықаралық логистика» бойынша қос дипломды енгізу туралы келісімге қол қойылып, 2022 жылы «Халықаралық маркетинг» бойынша қос дипломды енгізу туралы келісім ұзартылды. Бұндай бағыттарда жұмыстардың жасалуы да кафедраның даярлап отырған мамандықтарының болашағын айқындай түспек.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бір топ ғалымдары: Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы, э.ғ.к., профессор м.а. Л.А.Бимендиева, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. З.Б.Ахметова, э.ғ.к., профессор м.а. Ж.Т.Қожамқұлова, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыс бойынша орынбасары, доктор PhD, э.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Товма, аға оқытушы Н.Б. Шуренов QS рейтингінде 157-орынға ие Оңтүстік Кореяның Ханьян университетіне (Сеул) барып қайтты.  Іссапар «Аумақтық маркетингке негізделген жаңа Қазақстанды құру жағдайында моноқалаларды жаңғырту» бағдарламасы аясында жүргізілді. Сапар барысында Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Кореяның білім беру саласындағы мәселелері талқыланды, атап айтқанда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика жоғары мектебінің «Маркетинг» БББ-на (бакалавриат) аталған екі университет арасындағы бірлескен БББ-ның шеңберінде «Оңтүстік кореялық компаниялардың брендтерінің смарт стратегиялары» пәнін енгізу туралы келісімге қол қойылды (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Hanyang University, Сеул қаласы (Оңтүстік Корея). Осы бағдарлама аясында «Маркетинг» мамандығының студенттері оңтүстік кореялық профессордан онлайн курстан өтіп, қабылдаушы есебінен Сеулге тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие.

 

Ғылыми жобаларды игеру университеттен басталады

 

Кафедраның ғылыми-зерттеу қызметі әртүрлі ғылыми жобаларға қатысумен тығыз байланысты екендігін де атап өткеніміз жөн. «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары ғылыми-зерттеу және іргелі, қолданбалы зерттеулерді белсенді жүргізуде, сонымен қатар оқытушылар жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, растаушы сертификаттар алуда. Олардың бірнешеуін атап өтер болсақ, ҚР БҒМ-нің бағдарламасын бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша э.ғ.д., қауымдастырылған профессор С.Т.Зиядин жетекшілігімен «Цифрлық экономикаға көшу жағдайында Қазақстан Республикасының туристік секторын әртараптандыру: стратегия және іске асыру тетіктері» тақырыбындағы жобасы, Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша э.ғ.д., қауымдастырылған профессор С.Т.Зиядин жетекшілігімен «Цифрлық туризм мазмұнын жаңғырту: мобильді қосымшалар, панорамалық 3D турлар, интерактивті карталар және QR кодтары» жобасы, халықаралық жобалардың бірі «Ресей мен Қазақстан компаниялары арасындағы өндірістік және технологиялық ынтымақтастықты маркетингтік қолдау» тақырыбындағы Ресей Федерациясының Білім және ғылым министрлігінің РХДУ-мен бірлескен жобасының жетекшісі э.ғ.к., доцент З.Б.Ахметова, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруы бойынша «Қазақстан Республикасын цифрландыру жағдайында білім экономикасын қалыптастыру және дамыту: тұжырымдамалық негіздері және іске асыру перспективалары» жобасының жетекшісі доктор (PhD) Н.А.Товма, ҚР БҒМ-нің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларын гранттық қаржыландыру бойынша «Бағдарламалық қамтамасыз етуді, оның ішінде магистральдық теміржол жолдарын диагностикалауға жауапты бөлімшелер қызметкерлерінің уақытын бақылауға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу» жобасының жетекшісі – PhD докторы Н.Д-У.Адилова, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы бойынша «Аумақтық маркетингке негізделген Жаңа Қазақстанды құру жағдайында моноқалаларды жаңғырту» жобасының жетекшісі – доктор (PhD) Н.А.Товма т.б.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының марапаттары мен жетістіктері тек мұнымен шектелмейді. Кафедра оқытушылары медальдармен, грамоталармен және атақтармен марапатталды: З.Б.Ахметова э.ғ.к., профессор м.а. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен, кәсіподақ мүддесін қорғаудағы лайықты қызметі үшін Қазақстан «Парасат» кәсіподақ ұйымының «Құрмет» медалімен марапатталып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Маркетинг принциптері» (Philip T. Kotler, Gary Armstrong) бейне курстың авторы, Ресей халықтар достығы университетіндегі (РХДУ) жетекші әлемдік ғылыми-білім беру орталықтары («5-100» жобасы) арасында жетекші Ресей университеттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағдарламасының қатысушысы, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Стратегиялық бренд-менеджмент» (Ричард Розенбаум-Эллиотт, Ларри Перси және Саймон Перван)  бейне курсының авторы болып табылады. У.К.Шеденов – Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР ҒА сыйлықтың лауреаты. «Құрмет» орденімен, мемлекеттік және көптеген қоғамдық медальдармен, ҚР БҒМ, Алматы қаласы әкімдігінің, университеттің және басқа да ұйымдардың Құрмет грамоталарымен марапатталған. Н.А.Товма – «Қоғамдық заң ғылымындағы жаңа есімдер» байқауының лауреаты (Ресей Федерациясы, Мәскеу), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. «Тұңғыш Президент Қоры» байқауының гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулері үшін «Ұлт көшбасшысы» лауреаты, Қазақстан ҚР ҒБМ дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының үш дүркін лауреаты болып танылды. «Үздік ЖОО оқытушысы – 2023» атағы берілді.  Ж.Т.Кожамкулова – Қазақстанның дарынды жас ғалымдарына арналған Мемлекеттік ғылыми стипендиясының лауреаты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кредиттік оқыту жүйесі бойынша материалдар әзірлегені және семинарлар өткізгені үшін алғыс хаттармен, Ednet, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. А.К.Қожахметова доктор (PhD) студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының республикалық байқауында жеңіске жеткені үшін ҚР БҒМ бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. «ҚазҰУ – 2021 үздік жас ғалымы» атағы берілді. Аға оқытушы Н.Б.Шуренов – 2023 жылғы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері. «Мельбурн Корольдік технологиялық университетінде қалалық маркетинг» тақырыбы бойынша тағылымдамадан өтеді (Мельбурн, Австралия). Н.Д.-У.Адилова доктор (PhD) – 2023 жылы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері. «Математика, академиялық жазу және зерттеу әдістемесі» зерттеу тақырыбы бойынша Constructor University тағылымдамадан өтеді (Бремен, Германия). Кошкина О.В. доктор (PhD) – 2023 жылы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша «Болашақ» Президенттік стипендиясының иегері. «Білім беру менеджменті» бағыты бойынша Джордж Вашингтон университетінде, АҚШ-та тағылымдамадан өтеді.

 

Кафедраның халықаралық аренадағы орны ерекше

 

Кафедра халықаралық серіктестермен өте берік және кең байланыстар орнатуда. Бұл өз кезегінде білім сапасын арттыру және мамандар даярлау мақсатында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды академиялық ұтқырлық, біліктілікті арттыру, қысқа және ұзақ мерзімді тәжірибе, тағылымдамадан өту және бірлескен жобалар үшін серіктес ЖОО-ға жіберу мүмкіндіктеріне ие екендігінің айқын дәлелі. «Бизнес технологиялар» кафедрасының докторанттары РХДУ (Ресей Федерациясы, Мәскеу), Mugla Sitki Kocman University (Түркия, Мугла қаласы), Development and Economics history at the University of Padua (Италия, Падуа), Budapest Metropolitan University (Венгрия, Будапешт), Торос университеті (Түркия, Мерсин), Нигде Омер Халесдемир университеті (Түркия, Нигде қаласы), Yeditepe University (Түркия, Стамбул), Силезия технологиялық университеті (Польша, Катовице) тәрізді әлемнің бірқатар ірі университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие.

Соңғы жылдар ішінде «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары Universite de Lille, Франция, Лиль; Escuela Politécnica Superior de Edificación de Barcelona, Испания, Барселона; The University of Technology Sydney, Австралия, Сидней; Sabanchi Business School, Турция, Стамбул; Hanyang University, Корея, Сеул; Ресей Халықтар достығы университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.); Валенсия политехникалық университеті, Испания, Валенсия; La Sapienza, Италия, Рим; Marmara University, Түкия, Стамбұл; European Institute of Applied Science and management, Чехия, Прага; The University of Sopron, Sopron, Hungary тәрізді QS рейтингіне кіретін жетекші университеттерде тағылымдамадан өтуде.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылар құрамының Scopus мәліметтер базасы бойынша Хирша индексі 65-ті құрап отыр.

«Бизнес-технологиялар» кафедрасы E3S Web of Conferences 159, 05001 (2020) BTSES-2020 индекстелетін халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді. Кафедраның үлкен жетістігі – Scopus деректер базасында индекстелген Springer баспасынан шыққан кітап – Studies in Systems, Decision and Control. Бас редакторлары: Ғ.Мұтанов, А.Серікбекұлы. 

«Бизнес-технологиялар»  кафедрасына бакалавриат, магистратура, докторантура деңгейінде курстарды оқыту үшін  Финляндиядан, Бразилиядан, Латвиядан, Германиядан, Румыниядан шетелдік профессорлар шақырылып отырады: Jyvaskyla университетінің (Финляндия) PhD доктор, профессоры Айжаз Шейх, Санта-Катарина Федералдық университетінен (Бразилия) PhD докторы Bianchi Isaias, ж.ғ.б.д., техника ғылымдарының кандидаты, Көлік және телекоммуникациялар институтының профессоры, Фраунгофер атындағы Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру және автоматтандыру институтының ғылыми қызметкері Толуев Юрий Иванович (Рига, Латвия), Тарговиштедегі Валахан университеті, Бухаресттегі Экономикалық ғылымдар академиясының PhD докторы Dumitru Goldbach (Германия) т.б.

«Бизнес-технологиялар»  кафедрасында «Smart Marketing and Logistics» ғылыми-зерттеу орталығы ашылып, табысты жұмыс істеуде. Орталықтың қызметі: білім беру қызметі, ғылыми мектептер мен пәнаралық курстарды құру, кеңес беру, отандық және халықаралық грант конкурстарына қатысу.

 

 

Шығармашылық және спорттық байқаулар жеңімпаздары

 

Кафедра студенттері түрлі конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады. Мысалы, «Қазақстан педагогикасы 100 білім саласы: білім, ғылым, әдебиет» республикалық байқаулары, «Маркетинг» мамандығы бойынша халықаралық сырттай олимпиада, «6В04107 – Маркетинг» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада, «Фараби әлемі» Студенттер мен жастардың халықаралық ғылыми конференциясы, «Логистика негіздері» пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада, Қазақстан-Герман логистикалық форумы, «Маркетинг», «Логистика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарының республикалық байқауы, «Ғарыш» Еуразиялық ғылыми мектебі Дүниежүзілік экономика: идеялар, стратегиялар, өзара іс-қимыл», «Көлік логистикасы» пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада т.б.

«Бизнес-технологиялар»  кафедрасының студенттерінің арасында республикалық және халықаралық шығармашылық және спорттық байқаулардың жеңімпаздары да өз жетістіктерімен мақтанышымызға айнала алғандары да бар. Олар: «Маркетинг» мамандығының студенті семсерлесу спорт түрі бойынша Савин Александр Азия чемпионатында қола медаль, әлем чемпионатында үшінші орын, 2022 жылы Энвер мемориалдық кубогын жеңіп алды. Сырбек Бексұлтан Алматыда өткен түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, дзюдодан ұлттық құрама сапына іріктеу жарыстарына қатысты. Кердесбай Нұржан факультет аралық жарыста «Тоғызқұмалақ» ойынынан өз өнерін көрсетті. Сонымен қатар, Алматы қаласында өткен топтық гимнастикадан эстафеталық жарыста Шәріп Аяулым 2-орынға ие болды. Футболдан да шәкірттеріміз түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр, оның айқын мысалы Батырхан Бақдәулеттің «Қазақша күрес» республикалық турнирінде үшінші орынға ие болуы.

Республикалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында ұйымдастырылған SDU-CUP пікірсайыс сайысында Жакен Нұрхан 3-орынға ие болса, Латифов Санжар Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және реформатор, ағартушы Жәңгір Бөкейұлының туғанына 220 жыл толуына арналған «Zhangir Cup II» республикалық пікірсайыс турнирінде бірінші орынға ие болды. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі мен «Азаматтық әкімшіліктерді қолдау орталығы» және «Адырна» қоғамдық қоры ұйымдастырған пікірсайыс турнирінде NPF форматындағы 4-ші үздік талпыныс үшін жастарды әлеуметтендіру және оңалту, сондай-ақ Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының жобалық кеңесі ұйымдастырған «Табыс формуласы» турнирінде 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Рақышова Аяжан қалалық «Маусымашар НПФ» пікірсайыс турнирінің «Үздік серпіліс» номинациясын алды. «Алтын сапа» ХПО мүшелері Ракишова Аяжан мен Алимова Гүлнұр ҚазПУ университетінде өткен «VI Cup QYZPU» республикалық пікірсайыс турнирінде 1-орын және 150 000 теңге жүлдесіне ие болды.

Өздерінің жетістіктерімен марқайтып отырған студенттеріміздің қатарында Үсен Жұлдыз, Әлімбаев Темірлан, Темірғалиева Гүлнұр, Ғаниқызы Аружан, Өміржан Дәурен және Жамбыл Бауыржан сынды студенттер «Студенттік – алтын уақыт» тақырыбындағы I халықаралық шығармашылық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып отыр.

Көптеген студенттер Халықаралық экономика, менеджмент және ақпараттық жүйелер институтының бакалаврларға, магистрлерге және мамандарға арналған ғылыми жұмыстар халықаралық конкурсында (Ресей); студенттер мен жас ғалымдардың «FARABI ALEMI» халықаралық ғылыми конференциясында; экономика, қаржы және есеп саласындағы бакалаврлар, магистрлер мен мамандарға арналған ғылыми жұмыстардың халықаралық конкурсында  (Ресей, Орел) және т.б. 1-дәрежелі диплом иегерлерінде атап өтуге болады.

Белсенді студенттерге әртүрлі стипендиялық бағдарламалар лайықты түрде беріледі. Солардың ішінде Көшетаев Диасты мақтанышпен атап өтуге болады. Ол үш жыл қатарынан мемлекеттік президенттік стипендияны, Н.Назарбаев қорының студенттік стипендиясын жеңіп алып, Академик Ш.Есенов атындағы жеке қордың шәкіртақысының иегері, Назарбаев мемлекеттік стипендиясының иегері атанды. Жыл сайын біздің студенттер «KAZLOGISTICS» форумына қатысып, жүлделі орындарға ие болып, ақшалай шәкіртақы алады. Сонымен қатар Аманбай Айжан – Будапешт қаласындағы Янош Кодалони университеті (Венгрия), Ержан Әйгерім – Цукуба университеті (Жапония) тәрізді студенттеріміз әлемнің жетекші университеттерінің халықаралық стипендиялық бағдарламаларын жеңіп алуда. Магистранттарымыз Ержанқызы Аружан, Аманжолы Әділет және Қараман Аида әл-Фараби атындағы ҚазҰУ серіктесі Ресей Халықтар достығы университетінің шәкіртақысын жеңіп алды. РХДУ университеті арнайы «RUDN Top Student Mobility» стипендиясын тағайындады. «6В11301-Логистика (салалар бойынша)» мамандығының 3-курс студенттері Әжмұратова Нұрай, Даулетова Дильназ және Мақатқызы Мерейім «Қазақстан Республикасының Президенті» стипендиясының иегерлері атанды. 

Кафедра студенттері «Студенттік кеңес», «Сұңқар», «Мәслихат» және «Көмек» еріктілер ұйымы сияқты университеттің әртүрлі өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенділері болып табылады. «Бизнес-технологиялар» кафедрасы жыл сайын халықаралық және республикалық деңгейде инновациялық жобалар («Айналаңды нұрландыр», «100 кітап», «Green Campus», ТДМ және т.б.) аясында білім беру іс-шараларын ұйымдастырады. Бұл DAMU Logistics, «Қазақтеміржол» АҚ, Орталық Азиялық жарнама қауымдастығы, OLX компаниясы, Armat зергерлік компаниясы, Adverso Group жарнама агенттігі, «Ottoman group» және «Magnum» компаниялары сияқты серіктес жұмыс берушілерден, сондай-ақ серіктес университеттермен: Ташкент мемлекеттік көлік университеті, Ресей халықтар достығы университеті, Алтай мемлекеттік университеті және т.б. көшбасшылық лекциялар, шеберлік сабақтарын өткізу болып табылады. 

Кафедра ғылым қайраткерлерін ұмытпайды, сондықтан 2021 жылдың 18 қарашасында белгілі экономист, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Жанпейісқызының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан экономикасы» жетекшілік дәрісі өтті.

Қазіргі уақытта кафедрада ғылым саласындағы заманауи даму процестеріне және тұрақты даму, білім трансферті және Қазақстан экономикасын дамытудың инновациялық технологиялары қағидаттары бойынша жоғары білімді мамандарды даярлауға ықпал ететін интеллектуалды және шығармашылық ұжым қалыптастыра алды.

 

З.Б.АХМЕТОВА, 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

Университеті,  Экономика және 

Бизнес Жоғары мектебі, 

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к., профессор м.а. 

 

Н.М.ТУРЛЫБЕКОВА, А.Б.АЛИКБАЕВА,

 Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

Университеті,  Экономика және 

Бизнес Жоғары мектебі, 

«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 112
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 309
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 303
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 926

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602