Бүгінгі күні Сарысу ауданының 14 елді мекенін, соның ішінде Жаңатас қаласын, табиғи газбен қамту мақсатында 2 ауқымды жоба іске асырылуда.
Бірінші жобамен Түркістан облысындағы №18 «Шалдар» АГТС маңындағы магистралдық газ құбырынан Жамбыл облысының Сарысу ауданы Жаңатас қаласына дейін жоғары қысымды газ құбырын салу қарастырылған.
Аталған жоба аясында 96 шақырым газ құбыры тартылып, ағымдағы жылы «ЕвроХим» автоматтандырылған газ тарқату станциясын салу жоспарлануда.
Екінші жобаға сәйкес, Сарысу ауданы 14 елді мекендеріне жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысы жүргізілуде (Қызылдихан, Маятас, Жайылма, Өндіріс, Саудакент, Игілік, Жанаталап, Уюм, Сыздықбаев, Ақтоғай, Жаңатас, Үшбас, Бүркітбаев, Арыстанды). Жобаланған газ құбырының ұзындығы – 362 шақырым, соның ішінде бүгінгі күнге дейін 185 (51%) шақырымы тартылған. Жобаның құрылыс жұмысы 2023 жылға өтпелі.
Аталған жобалар іске асқан кезде, Сарысу ауданының 14 елді мекендегі 39 582 адам (соның ішіндегі Жаңатас қаласындағы 22 мың адам) табиғи газбен қамтылады. Ауданның газбен қамту деңгейі 72%-ға дейін жетеді.
Іс-сапар барысында мердігер мекеме ұйымының өкіліне құрылыс жұмыстарын сапалы әрі бекітілген мерзімінде аяқтауға, нысаның техникалық қадағалаушысына құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауға алу бойынша тапсырмалар берілді.