Ғарышты бағындырған Тоқтар батырдың ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге

Ғарышты бағындырған Тоқтар батырдың ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге

Тоқтар Әубәкіров батырдың есімін бүкіл ТМД елі білетіндігінде сөз жоқ. Қазақтың даңқын төрткүл әлемге жайған, ұлтының намысын жаныған Тоқтар батырымыз сексеннің сеңгіріне шығып, дәп қазір тойлап жатырмыз. 

Шынында да ел басына күн туғанда жерін, халқын қорғаған Қабанбай, Жанқожа, Наурызбай, Кенесары, Жалаңтөс батырлардың қатарына Тоқтар ағамызды да қоюға әбден болады. Ол қазаққа аса көзқарасы дұрыс емес Кеңес империясы кезінде тасты жарып шыққан гүлдей Кеңес одағының батыры атағын алған баһадүр азамат. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде таңғажайып ерлік көрсеткен қазақтарға осы жоғарғы атақты қимаған Мәскеу Тоқтарға бұл батырлықты қалай беріп қалды? Мәселен Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, т.б. осы атақты ала алмады. Олар алуы тиіс еді. Өкінішке қарай, мұндай арам пиғыл тек соғыс майданында ғана емес, басқа да салаларда кеңінен орын алды.

Тоқтарға да әу баста осындай пиғыл танытылды. Орыстың адал азаматтары Мәскеудің мұнысына көнбеді. Нағыз батырлықты көріп, біліп отырған олар Мәскеуден осы атақты тартып алып берді десек, артық айтқандық емес. Қарқаралының тумасы Тоқтар батыр 1976-1991 жылдары 50-ден астам ұшақ түрін ерттеп мініп, таңғажайып хас шеберлік танытып небір сынақтарды жасады. МИГ-29, МИГ-31, МИГ-25, МИГ-23, МИГ-27 сынды сол кездегі дыбыстан да жылдам ұшатын әскери ұшақтардың кез келгенімен ешкім жасамаған түрлі модификацияларды асқан шеберлікпен жүзеге асырды. Тоқтар батыр тұңғыш рет МИГ-31Б ұшағымен әуеде екі рет жанармай құйдырып, жерге қонбай солтүстік полюске ұшып, теңдессіз ерлік көрсетті. Ол кім көрінгенге берілмейтін КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқыш-сынақшысы атағын жеңіп алды.

Тоқтар батырдың  өмірін  кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етуге ұсынуға әбден болады. Әке-шешесінен ерте айрылды. Соған қарамастан ол тек алға ұмтылып, алдына меже етіп қойған арман-мақсаттарының бәріне жетті. Мұны ерлік демей көріңіз. Тәуелсіздік кезінде де тұла бойы намыс пен қайрат-жігерден жаралған Тоқтар елі, халқы, ұлты үшін көп еңбек етті, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерілді. Батыр мінезді қаһарман, қайсар жан ұлт тағдыры сынға түскен шақта мірдің оғындай сөздерімен тек шындықты айтты. Сол үшін билікке жақпаған кездері де болды. Иә, елдің атын ер шығарады дейді ғой. Біз батыр ағамызбен мақтанайық. Бүкіл ел болып оның мерейтойын тойлап, кейінгі ұрпаққа оны үлгі етейік. Оған оның өмірбаяны, ерлік жолдары, азаматтығы толық дәлел. Тоқтар батыр – әлемнің 256-шы, КСРО-ның 72-інші, қазақтың тұңғыш ғарышкері, Қазақстан әуе күштерінің генерал майоры, Кеңес одағының батыры, ҚР халық қаһарманы. Оның есімі тарихта алтын әріптермен жазулы. Мерейтойыңыз құтты болсын, жүз жасаңыз, батыр аға!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ

06.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 97
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 74
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 74

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26754
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26181
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43577
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39355
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43979