Шэньчжэнь, Қытай, 14 тамыз 2023 ж.
Huawei компаниясы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша өз қызметінің нәтижелерін жариялады. Жалпы көрсеткіштер болжамдарға сәйкес келеді.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Huawei компаниясының кірісі бір жыл ішінде 3.1%-ға өсіп, CNY310.9 млрд құрады, ал таза пайда бойыншакірістілік 15.0%-ды құрады. АКТ-инфрақұрылымыбизнесінің кірісі CNY167.2 млрд, тұтыну бизнесініңкірісі – CNY103.5 млрд, бұлтты бизнестің кірісі –CNY24.1 млрд, цифрлық энергетика бизнесінің кірісі– CNY24.2 млрд, ал ақылды автоматтандырылған шешімдер бизнесінiң (IAS) кірісі – CNY1 млрд құрады.
«Мен клиенттеріміз бен серіктестерімізге үнеміқолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді», - деді Huawei Директорлар кеңесінің төрағасы Сабрина Мэн. Мен сондай-ақ Huawei компаниясының бүкіл ұжымына ұйымшылдық пен адалдығы үшін алғысайтқым келеді. Huawei өзінің клиенттері мен серіктестері үшін құндылық жасауға назар аудара отырып, цифрландыру, интеллектуалдандыру және көміртексіздендіру тенденцияларын пайдалану үшініргелі технологияларға қомақты қаражат жұмсауда. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында біздің АКТ инфрақұрылымы бизнесі тұрақты болса, тұтынушылық бизнесіміз өсуге қол жеткізді. Біздіңцифрлық энергетика және бұлттық технологиялар бөлімшелеріміз сенімді өсуді көрсетсе, жаңа ақылды автокөлік компоненттеріміз бәсекеге қабілетті болып келеді».
Мұнда келтірілген қаржылық деректер аудиттелмеген, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес құрастырылған.
2023 жылдың маусым айының соңындағы айырбас бағамы: 1 АҚШ доллары = 7,2543 юань (Дереккөз: сыртқы агенттіктер).
Huawei компаниясы туралы
1987 жылы негізі қаланған Huawei компаниясыақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) инфрақұрылымы мен ақылды құрылғылардыңәлемдегі жетекші жеткізушісі болып табылады. Компанияда 207 000 қызметкер жұмыс істейді, 170-тен астам елдер мен аймақтарда өз қызметін жүзеге асыра отырып, бүкіл әлем бойынша үш миллиардтан астам адамға қызмет көрсетеді.
Біздің мақсатымыз бен МИССИЯМЫЗ - толыққосылған және ақылды әлем құру үшін әр адамның, үйдің және ұйымның өміріне цифрлықтехнологияны енгізу. Ол үшін біз ақылды әлемніңнегізін қалау арқылы барлық жерде қосылуға жәнежеліге жалпыға бірдей қол жеткізуге тырысамыз; бұлтты және ақылды технологиялар жердің барлықтөрт бұрышында қол жетімді болу үшін әр тараптандырылған өңдеу қуатын қажет жердеқажет кезде қамтамасыз ету; барлық салалар мен ұйымдарға икемді, тиімді және серпінді болуға көмектесу үшін сандық платформалар құру; үйде, жолда, кеңседе, демалыста немесе жұмыстаболсын, адамдардың өмірінің барлық аспектілерінде жасанды интеллект арқылы пайдаланушылардың тәжірибесін қайта қарастыру.