Интернет алаяқтары неге көбейді?

Интернет алаяқтары неге көбейді?

Алаяқтар әлемнің кез келген жерінде отырып-ақ интернет  арқылы өз қылмыстарын жасай береді. Оған таң қалуға болмайды. Кей жандар әртүрлі сайттарға кіріп көрем деп,  қажетсіз  сілтемелерді басып, өздерінің қалай алданып қалғандарын да білмеуде. Сондықтан интернет алаяқтарына жем болмау үшін олардың түрлері мен әдістерін біліп, сақ жүргеннің артықтығы жоқ.

 

Алаяқтықтың  түрлері мен әдістері

1. Интернет алаяқтарының кең тараған алдап-арбау жолдарының  бірі – олх.kz жеке хабарландыру сервисі арқылы тауар сату. Олар тауарды сату мен сатып алу арқылы пайда табады. Негізінде тауарлар шын мәнісінде жоқ болуы да мүмкін. Олар өздерінің басқа қалада екенін айтып, ақшаны картаға аударуын сұрайды. Сосын «сілтеме жіберемін, сондағы мәліметтерді толтырсаңыз, ақша аударамын» дейді. Толтырған соң алаяқтар дереу картаңыздағы ақшаны шешіп ала қояды.  Сондықтан олх.kz арқылы тауар сатсаңыз, сізбен сатып алушы хабарласып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы тапсырысты рәсімдеу сілтемесі арқылы өтуді сұраса, сенбеңіздер. Бұл  алаяқтардың ісі! Олх.kz сайтында жеткізу қызметі жоқ.

2. Биржа арқылы ақша табу.  Жалған сайттар кейбір биржаның атын жамылып, алаяқтық жолмен жұмыс істейді. Олардың қайсысы жалған, қайсысы шын екенін халық айыра алмай, үлкен қаражаттарынан айырылып жатады. Сондықтан сайттарды ең алдымен тексерген жөн. 

3. Сіздің электронды поштаңызға немесе ұялы телефоныңызға «сіз ұтыс ұттыңыз» деген хабарлама келуі мүмкін. Кейін сол  ұтысты шешу үшін салық төлеуіңіз қажет болады. Кей адамдар қомақты қаражатқа ие болдым деп, қолдарындағы бар ақшасын аударып жатады. Айтарымыз, жалған ақпаратқа сенбеңіз!

4. Іnstagram желісі арқылы тауар сату. Ол күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар, косметика, киім-кешек болуы мүмкін. Алаяқтар мүлдем жоқ тауарды жеткізіп береміз деп халықты алдайды.  Сол үшін тауарға тапсырыс бермес бұрын интернет дүкені туралы мәліметті толық тексеріп алыңыз!

5. Сізге банк қызметкері болып қоңырау шалады. Ол сіздің шотыңыздағы ақшаны қауіпсіз шотқа аудару керектігін айтып сендіреді. Немесе сіздің атыңыздан онлайн несие рәсімдеу қаупі бар деп ақшаны сақтап қалу үшін жасырын код жібереді. Кей адамдар ақшасынан айырылып қалмас үшін өзін банк қызметкерімін деп таныстырған адамға сеніп, өзі туралы, картасындағы құпия мәліметтердің барлығын жібереді. Сөйтіп ол адам гипноз сияқты өз қолымен мәліметтерін қалай жібергенін де білмей қалады. Ал негізінде банк қызметкері хабарласып, сіздің жеке мәліметтеріңізді талап етпейді. 

   Сондай-ақ пәтер, көлік алып берем, құжат рәсімдеп берем деушілер, интернет арқылы қайыр сұраушылар да бар. Заң бойынша Қылмыстық кодексте алаяқтарға қолданар жазаның түрлері мен мерзімдері бар. Олар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.  Егер бұл алаяқтық қылмыстың жеңіл түрі болса, 4000 АЕК айыппұл салынады. Егер ауыр түрі болса немесе қылмыс бірнеше рет қайталанған жағдайда, алаяқ 5 жылдан 10 жылға дейін түзеу мекемелерінде жазасын өтемек. 

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 214
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 210
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 715
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 838
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 752

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8908
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8302
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11530
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9286
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10514