Жалпы кез келген мемлекет тіршілігі Конституциялық заңда көрсетілген құқықтық заңдармен реттелетіні белгілі. Мәселеге осы тұрғыдан келсек, ел тіршілігінің барлық саласын мемлекеттік органдар басқаратыны да ақиқат. Ондай органдардың негізгі қызметі – заң мен құқық тәртібін, адамның құқығы мен бостандығын қорғау, қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресу болып табылады. Ал, осындай аса маңызды істі жүзеге асыратын құқық қорғау органдарына сот, төрелік сот, Конституциялық сот (Қазақстанда Конституциялық кеңес), прокуратура, ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік (Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік), кедендік бақылау, әділет органдары жатады. Кең мағынада алғанда, Құқық қорғау органдары ұғымы бірқатар беймемлекеттік институттарды да: адвокатураны, аралық сотты, т.б. қамтиды. Күшейтілген қылмыстық-құқықтық қорғау жүйесіне қауіпсіздік шаралары мен әлеуметтік шаралар да кіреді. Құқық қорғау органдарына: сот, төрелік сот, конституциялық сот, прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, әділет, төрелік, кедендік бақылау, қаржы полициясы органдары және т.б. жатады. Жоғарыда аттары аталған құқық қорғау органдарының іс-әрекеті аясына кибербуллинг те кіреді. Соңғы кездері цифрлық қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін, балалар арасында теріс бағыттар тек кибербуллингтен емес, басқа да келеңсіз жәйттерден белең алып келе жатыр, сондықтан әлеуметтік желілерді бұғаттау керек деген пікірлер жиі айтыла бастады. Осы мәселеге қатысты өз ойын білдірген «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов: «Кибербуллинг – қандай да бір сөз бостандығын шектеу емес, оны олай деп деп әсірелеудің керегі жоқ. Шын мәнінде журналистер қоғамға жағымсыз кері ақпарат беруге мүдделі емес. Олар керісінше, еліміздегі заңдандыру мәселелеріне ден қояды. Сондықтан БАҚ өкілдері ондай пікірлерден қорықпауы керек деп ойлаймын. Себебі, елдегі қолданыстағы Заң сырт елдердегі кері топтардың әрекетіне қарсы жүргізіледі. Бүгінгі таңда заңды қарастыру барысында әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі қаралды. Алайда, бұл заңға Сенат өз ұсыныстарын айтып, оған өзгерістер енгізуді талап етті. Сенаттағылардың айтуынан белгілі болғандай, әлеуметтік желідегі контент тек қана балаларға қатысты болса ғана ол мәселені Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аясында құрылған жұмыс тобы қарастыруы тиіс екендігі айтылды. Әлбетте, мұндай бағыттағы іс-шараларды тынымсыз жүргізу қажет те, өйткені суицид бойынша еліміз әлемдік деңгейде алдыңғы қатарда келеді. Оның бірден-бір себебі – әлеуметтік желідегі әлімжеттіктің белең алғаны. Себебі қазір гаджет кез келген жасөспірімнің қолында бар дүние. Олардың сол арқылы қандай да бір ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігі мол. Оның ішінде өздеріңіз білетіндей, «Синий кит» деген де бар. Бұдан басқа әртүрлі кері бағыттағы топтардың құрылуы мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Міне, сондықтан да бұл заңды құқықбұзушылықтың алдын алу шарасы деп қарастыруға болады», – дейді.