Көкшеде тау-тау астық қар астында жатыр

Көкшеде тау-тау астық қар  астында жатыр

Біз Көкше өңірінде экспедициямызды бастағанда ауа райы нілдей бұзылды. Ұшқындап қар жауа бастады. Алғашқы сапарымызды Зеренді ауданын-дағы Аққулы (бұрынғы Туполевка) ауылынан бастауды ұйғардық. Онда адыра қалған ауылды өз қамқорлығына алған кәсіпкер Қуаныш Сәдуовтың шаруашылығы бар. Оның аты – «Жасару Еңбек» ЖШС. Ол бізді ауылдың сыртында қарсы алды. Қырманына келдік. Тау-тау болып астық үйіліп жатыр.

– Қар астында қалады ғой, неге элеваторға өткізбедіңіз? – дедік біз.

– Элеваторларда орын жоқ. Жыл бойы тер төгіп өсірген еңбегіміз еш кететін түрі бар, – деп, Қуаныш мұңая жауап берді. Қуаныш жалпы осы ауылды 2018 жылы қамқорлығына алған. Жұмысы оңынан жүріп, техникалар сатып алады, мал шаруашылығымен де айналысады. Ауыл адамдары айлық алып, жұмыс істеп табыс таба бастайды. Биыл да егіні бітік шығып, дер кезінде орып алады. Енді мінеки астығы өтпей, тығырыққа тіреліп тұр. Қыс болса келді. Қар жауып, есіл астықты жауып тастайтын түрі бар. Ар жағын ойлаудың өзі қорқынышты!

– Осы өңірдегі бар элеваторды адақтап шықтым. Қабылдамайды. Қабылдағанның өзінде ең төменгі сортпен қабылдамақшы. Пәлен жыл осы салада жүрміз ғой. Астығымның сапасын жақсы білемін. Ал қарызға батып отырысымыз мынау. Осы астыққа үміт артып едік. 

Сәл болмаса Қуаныш жылап жіберейін деп тұр. Иә, нағыз обал. Облыс басшылары «Егін орағы бітті. Барлық астық қоймада» деп есеп бергелі қашан. Біз Қуаныштың ауылынан көңілсіз оралдық. Зеренді ауданының тағы бір кәсіпкері Жұмабек Төлебаевтің қырманына да бардық. Онда да осындай көрініс. Тау-тау болып үйілген астық. Элеваторда орын жоқ.

Бет қатталып жатқанда Қуаныш күйініп  қоңырау шалды. Астығы қар астында қалыпты. 

Бұл не сұмдық?! Қайда Үкімет? Қайда әкімшілік? Ау, ағайын, қыруар астығымыз қар астында шірімекші. Дабыл! Дабыл қағамыз!

 

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Дахан ШӨКШИР
13.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысы сан салалы   бірлестік
Сұхбаттасқан – Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ - 16.11.2024 137
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 146
ӘКІМДЕР НЕГЕ ҚАУҚАРСЫЗ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 15.11.2024 46
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.11.2024 109
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 220
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 187
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 146
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 220
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 187
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 198
 «ҚОЛА ДОМБЫРА» – шымкенттік оқушыда
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 13.11.2024 193
Көкшеде тау-тау астық қар  астында жатыр
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Дахан ШӨКШИР - 13.11.2024 200
ТОҚТАМАЙТЫН ТОҚТАҒАЗИН  (Ескірмес эссе)
Нұрдәулет АҚЫШ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы - 09.11.2024 1022
ЖҮРЕК ЖЫРШЫСЫ
Қанат ӘУЕСБАЙ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, PhD - 09.11.2024 1024

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8314
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7717
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10945
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8693
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9931