«Медиа және ақпараттық сауат» электив курс емес, негізгі пән болуы керек»

«Медиа және ақпараттық сауат» электив курс емес, негізгі пән болуы керек»

«Ағылған ақпарат заманында өмір сүріп отырмыз. Бүгінде инфодемия қатты «дамып», фейк таратудың жаңа технологиялары, фишинг, вишинг және басқа да алаяқтықтың жаңа түрлері пайда болуда. Біз ақпарат заманының қауіп-қатеріне дайын емеспіз. Ақпаратты саралай білуді білмейміз. Бүгінгі күні балаларға қатысты қаншама қылмыстар орын алып отыр. Кейде ата-аналар білместікпен балаларын өздері қауіп-қатерге итермелейтін жағдайлар да кездеседі. Мәселен, әлеуметтік желіге баланың үйінің, баратын балабақшасы мен мектебінің жанында түскен суреттерін жариялап жатады.

 

Қылмыскер дәл жаныңыздан табылуы мүмкін екенін естен шығармаңыздар. Тексерілмеген ақпаратты таратуға заңмен тыйым салынғанын білмейтін адамдар да бар. Сондықтан медиасауатты болу - заман талабы. Білім беру жүйесінен бастап ақпаратты дұрыс тұтынуды, бөтен адамдармен сөйлеспеуді, ашық дереккөзге жеке мәліметтерді жарияламауды үйрететін уақыт келді. «Медиа және ақпараттық сауат» электив курс емес, негізгі пән болуы керек»,-деп өзекті ойымен бөлісті «Қазақстандық Медиа Желі/ KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Бақтыгүл Бұрбаева.

27.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14288
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14220
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29366
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28003
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31534