Министр мырза, халық – мемлекеттің құлы емес, қожасы!

Министр мырза,  халық – мемлекеттің құлы емес, қожасы!

 Қазақстан Республикасының 

  денсаулық сақтау министрі 

Алексей Владимирович Цойға

 

 Ашық хат

 

Оқырманның министр Цойға  5 сауалы, 18 тұжырымы

Құрметті министр мырза!

 

Дүниежүзі елдерінің басына түскен қасірет пандемиядан елімізді аман алып шығады деген үмітпен, мемлекет басшысы сізге үлкен сенім артқан еді. Сіздің алғашқы қадамыңыз Қазақстан халқының кеудесіне үміт ұялатқан еді. Бірақ кейінгі кезде еліміздегі пандемиямен күрестің нәтижесі төмендеп, оның таралып, өршуіне байланысты халық арасында сіздің жасап отырған істеріңізге наразылық пайда бола бастағанын сезесіз бе? 

Сіз осы ауыр кезеңнен шығу жолын, тек қана «вакцина егу» деген бағытты ұстанып,  бұл дерттен құтылатын басқа  бірде-бір жол жоқ деп ойлайсыз ба? Соны жұрт білгісі келеді. Егер сіз халықтың пікіріне көңіл  аударып жүрген болсаңыз, осындай сұрақтардың туындап жатқанын ұғатын боларсыз. COVID-19 вирусына  қарсы қысқа мерзімде дайындалған вакциналардың жан-жақты сынақ-тексерулер өткізілмегендіктен,  халық ішінде оған деген күмәннің  тууы заңдылық.  Соған байланысты сізден біраз сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын:

«Вакцинаның адамдардың келешегіне қандай да бір зардабын әкелетіндей зияны болуы мүмкін бе?»  деген сұраққа толық жауап алу үшін, оны сараптан өткізу ұзақ мерзімді қамтитыны белгілі. Оның жетіліп, тиімділігі мен сапасына сұрақ тудырмайтындай, тек талай жылдар өткен тиянақты тәжірибелер ғана кепіл болатыны да ақиқат. Осы асығыс жасалып жатқан вакцинациялаудан кейін адамдардың қайтып ковидпен аурмайтынына кепілдік бере аласыз ба? 

Кейінгі кезде елімізде кеңінен таралған жүрек пен қан айналымы, буын, сусамыр (диабет), құяң (гипертония), простатит (аденома) ауруларын емдеу мәселесі толық шешілмей отырғаны белгілі. Ал қазіргі адамдарға жаппай егіліп жатқан осы вакциналар аталған ауруларды қоздыра ма? Егер қоздыратын болса, одан зардап шеккендерге кім жауап береді? 

Жаппай вакцинациялау тек созылмалы аурулары барларға ғана емес, жастардың да  тағдырына үлкен қатер әкеліп, келешекте олардың дүниеге келетін балаларының денсаулығына ешқандай зияны болмайды деп кепілдік бере аласыз ба? 

Қазіргі кезде елімізде COVID-19 қарсы егіліп жатқан вакциналардың құрамында төмендегідей химиялық заттар бар деп тараған ақпарат шындыққа жанаса ма? 

Ақпараттарда айтылған химиялық заттар: формальдегид,  бетапропилактон, гексадецилтиметиламмония бромид, гидроксид алюминия, тимеросал (ртуть), полисорбат 80 және 20, ацетон.

Егер бұл химиялық заттар жоқ болса, неге осындай халықты адастырып, үрей туғызатын ақпаратты тарататындарды тоқтатып, халық арасында жүйелі түсіндіру жұмысы жүргізілмейді?                                             

* Егер осы аты аталған химиялық заттар бар болса, сіз олардың адамдарға әкелетін зияндарын біле тұра, вакцина егуді жаппай қолдану дұрыс деп ойлайсыз ба?                         

* Осы аталған химиялық заттар адамдардың ағзасын улайтын, өмірлерін қысқартатын, мүгедектікке әкеліп, бауыр, жүрек-қан айналым жүйесін, клеткаларды, адамның миы мен жүйкесін зақымдап, аутизмге және обыр науқасына алып келетіндіктен, елімізде жаппай вакцина егу, халықтың денсаулығына қатер әкелуінің аяғы үлкен опат екенін ойламауыңыздың себебін түсіндіре аласыз ба? Неге десеңіз, елімізде осы жоғарыда аталып отырған науқастармен бұрыннан тұрақты ауыратын (хронический больные) адамдарды емдеудегі нәтиженің төмендігін ескермей, сол науқастардың  ресми келісімінсіз вакцинация жасауды қалай ұғуға болады? 

* Вакцинадан басқа бұл індетпен күресуді басқа жолы жоқ дегендей, телеарна арқылы насихат жүргізген кезде сіздің орынбасарыңыз,  бұл вакцинаны алған адамдарға келетін қатер (риск) 0,017 пайыздан аспайды деп, адам өмірін, құдды бір фабрикада өсіріп жатқан құстың өмірімен теңеуін, қалай түсінуге болады?                                                                    

Сіздерге кім өз өмірін қысқартуға, не болмаса жоюға келісім берді? 

 * Бұлай әркімнің өзінің ресми келісімінсіз адам өмірімен ойнауға бірде-бір билік жүйесінің құқы жоқ. Халық – мемлекеттің басыбайлы құлағын кескен меншігіндегі құлы емес, халық – мемлекеттің иесі. Мемлекет билігі  болса,  ол халыққа қызмет ететін жүйе. Адамның өмірімен ойнаған билік  халықтың сенімінен айрылуы мүмкін. Халықтың үніне құлақ салмаған жүйенің өмірі қысқа.  Сіз осыны біле отырып, өкіметке қате ұсыныстар жасап отырғаныңызды қалай ұғуға болады?

* Адамдарға өмір сыйлайтын да, қайтарып алатын да, жалғыз – Жаратушы. Адам өмірі байлықпен өлшенбейді. Бір адамның өмірін бағалауға  миллиардтаған доллар да жетпейді. Ақша не басқа да байлықтардың адам өмірі үшін тозаңдай құны жоқ, адамның өмірімен ойнау – үлкен күнә, яғни кешірілмес қылмыс.  Осыған келісесіз бе?  

 * Вакцинаның әкелетін қатері 0.017 пайыз екенін ескерсек, онда вакцина алған 1 мың адамның 17-сі, 10 мыңның 170-сі, 100 мыңның 1700-і, 1 миллионның  17000-ы еріксіз вакцинация құрбаны болуы мүмкін. Осынша адамның өмірін қатерге тігу не үшін, кім үшін қажет деп ойлайсыз? 

* Ал енді осыған вакцина алғандардың ішінен екпенің әсерінен денсаулықтары сыр беріп, созылмалы аурулары асқынып, көз жұмғандарды қосатын болсақ, қанша адамның өмірі қиылғаны жауапсыз қалады? Медстатистика вакцинадан созылмалы ауруы асқынып қайтыс  болғандарды «екпенің зардабынан емес» деген ұстанымда болғандықтан, олар анықталмай отыр.  Осы мәселеге қашан көңіл аударасыз?

* Халықтың қамын тереңірек ойласақ, елімізде адамдардың бәріне жаппай вакцинация жасауды өте  сақтықпен жүргізіп, басқа да дертті жоятын қосымша жолдар қажет екені неге қарастырылмайды?

Біздің елде  вакцинадан басқа жолдарды қарастырып жатырмыз деген хабарды естімей отырмыз. Керісінше вакцинацияны ғана қолданумен шектеліп, оны насихаттауға көптеп жұмсалып жатқан қаржының тиімсіз  шығын болуы ешкімді ойландырмайтын сияқты.

Мысалы шетелде шығатын «Frontiers in Pharmacology» журналына «Фенофибрат» деген дәрінің белсенді түрдегі фенофибрин қышқылы адам ағзасындағы  COVID-19 вирусын жоятынын анықтағанын жариялаған. «Фенофибрат»  бұрыннан жүрек-қан айналымымен ауырған адамдардың ағзасындағы холестеринді төмендетуге пайдаланып жүрген, бағасы қолжетімді дәрі көрінеді. Ал Американың Скриппса Институты «ACS Infectious Diseas» журналында, адам клеткасындағы паразиттерді жоюға арналған «салициланидах» деген дәріні де инфекцияларға қарсы тиімді пайдалануға болатынын жазып отыр. Бұл дәрінің түрлі инфекциялардың адам келеткасына өтуін тежейді және адам ағзасына тигізетін зияны жоқ көрінеді. 

Мысалы шетелде шығатын «Frontiers in Pharmacology» журналына «Фенофибрат» деген дәрінің белсенді түрдегі фенофибрин қышқылы адам ағзасындағы  COVID-19 вирусын жоятынын анықтағанын жариялаған. «Фенофибрат»  бұрыннан жүрек-қан айналымымен ауырған адамдардың ағзасындағы холестеринді төмендетуге пайдаланып жүрген, бағасы қолжетімді дәрі көрінеді. Ал Американың Скриппса Институты «ACS Infectious Diseas» журналында, адам клеткасындағы паразиттерді жоюға арналған «салициланидах» деген дәріні де инфекцияларға қарсы тиімді пайдалануға болатынын жазып отыр. Бұл дәрінің түрлі инфекциялардың адам келеткасына өтуін тежейді және адам ағзасына тигізетін зияны жоқ көрінеді. 

Қандай да науқас болмасын, одан адамның сауығуына дәрігер емес, тек сол науқастың өзінің қуаты мен өмір үшін күресте жеңемін деген сенімі мен ынтасына байланысты екенін Гипократ айтып кеткен. Осы өсиетті орындамай, насихат пен әкімшілік әдістерді пайдаланып, жұртты психологиялық қыспаққа алу зиян әкелетінін ұқпаса, елімізде әлі талай кемшіліктерге жол ашылуы мүмкін. Қазіргі кезде, қиын да болса әр науқаспен жұмыс істеуді үйрену және олардың әлеуметтік жағдайына көмек көрсетіп, әр адамның табиғи жолмен иммунитетін көтеру қажет. Әлде мен қате айтып отырмын ба? 

Еліміздегі COVID-19 дертіне қарсы вакцинация жасау керек екеніне ешкімнің таласы жоқ. Бірақ басқа жұртқа еліктеумен сол вакцинацияны барлық адамдарға жаппай жасауды сақтықпен, ғылыми негіздегі нақтылы сараптамалардың нәтижесіне сүйене  отырып, сатылы әдістеме қолданбай ұйымдастырудағы жіберіліп отырған кемшіліктер барын мойындау қажет сияқты.                                    

* Олар: Коронавирусқа қарсы вакцина алған адамға екі айдай уақыт ішінде COVID-19 дертімен ауыруы мүмкін екендігі ескертпегендіктен, ауруға шалдыққандардың саны өсті. Екпе алғандарға өздерін қалай ұстау туралы бағыт беріп, арнайы қатал тәртіппен көпшілік жұрттан аластатылып, жүріс-тұрысына шектеу қойылмауы салдарынан вакцина алған адамдар өздерінің аурудың көзі екенін ұқпай, емін-еркін жүріп маңайындағы адамдарға вирустың көптеп, тез таралуына ықпал етіп жатыр.  

* Бір ақиқатты ұғу қажет, әлемдегі миллион (миллиард) адамның бір дәріні қабылдау қабілеті бірдей емес. Сондықтан да адам өмірін сақтау үшін, бір бекінген стандарт бойынша емдеу үлкен қателік. Әрқашан вакцинацияның нақты қандай созылмалы ауруы бар науқастарға зиян әкелетінін анықтап, екпе жасайтын адамдарды тек қана медициналық тексеруден өткізіп барып, егуді ұйымдастырудың орнына, бұл жұмысты кезекті «шоуға» айналдырып, жаппай вакцинация жүргізуді, тіпті кебір аймақтарда адамдарды маркетинг әдісін қолданып, ынталандыруға дейін барғаны аурудың өршуіне ықпал етіп отырғаны да барша жұртқа аян. Осы істерді жұрттың қалай қабылдап отырғанына құлақ асатын уақыт жеткен сияқты.

*  Жаппай коронавирусқа қарсы вакцинация өткізудегі өте сақтықпен іске асыратын мәселе, ол – жастарға вакцина егу. Өйткені қазіргі кезде әлемде бірде-бір елде бұл вакциналардың келешек ұрпаққа әкелетін зияны барын, не жоғын көрсететін дәйекті ғылыми дәлел жоқ. Қандай да бір дәрі, вакциналар жылдар өтіп нақтылы тәжірибе анықтағанша, шетелде  жасалып жатыр екен деп, жастарға вакцина егуді сақтықпен жасамау зардап шектіруі мүмкін. Өйткені қазіргі ұрпақ әкелетін жастағы адамдарға вакцина жасау, олардың келешектегі туатын сәбилеріне қандай зиян әкелетінін ешкім білмейді. Пандемия адамдардың клеткаларын зақымдайтын болғандықтан, туатын сәбидің денсаулығына үлкен қатер әкелуі ықтимал. Бұл адамзатқа келген дертпен ойнамау  керек. Өйткені COVID-19 вирусы үнемі өзгеріп, ұзаққа созылып, тез мутацияға ұшырап отыратынын  көрсетіп жатыр. Адамның клеткаларына әсер ететіндіктен оның зардабы ұрпақ үшін, ұлт үшін өте қатерлі опат әкелетінін жоққа шығаруға болмайды. Оны уақыт көрсетеді.

* Бізде дертпен күрес деп табиғатқа да зиян келтіруге жол бермейтін шаралардың қоса  жүруіне көңіл бөлінбейді. Осы мәселеге байыпты көңіл аударудың орнына, оны көтерген белсенділерді кінәлау салдарынан, жұрттың үнін өшірген жағдай орын алып отыр. Жаздай жаңбыр жаумаған ыстық уақыттағы көшелер мен аулаларды залалсыздандырудағы кемшіліктерінің салдарынан, шаң-тозанмен дем алуы нәтижесінде вируспен ауырғандарды анықтаған ешкім жоқ. Қалаларда химиялық заттарды залалсыздандыруға пайдаланған сайын, артынан үнемі су шашып, көше мен аулаларды ылғалдандырмаудың салдарынан өскен шөптер қурап, көше, алаңқайлар тақырға айналып, онда жиналған химиялық затардың қалдықтары мен вирустардың ауадағы тозаң арқылы әкелген зардабы ескерілмейді. Мысалы Алматы қаласында, шағынаудандар тұрғындары былтырғы жылдың аяғына дейін күнделікті бозторғай, жергілікті қараторғай, ирандық қараторғай, ұзақ, қарға, сауысқандардың тағы да басқа құстардың дауысынан оянатын. Биылғы жылы сол құстардың бәрі қаладан ұшып кетті. Қазір қоқыстарды аралап тамақ іздеген көгершін мен ирандық қараторғайдан басқа құстар жоқ. Қазір осы көшелер шөп шықпайтын тақырға айналғанды қойып, тіпті мықты ағаш еменнің де жапырағы сарғайып кетіп еді, тек  кейінгі жаңбырдан соң ғана көктеді. Бұл ғылыми сараптама жасамай ойсыз  істеген істің табиғатқа қандай зиян әкелгенін көрсетіп отыр.

* Еліміздегі пандемиямен аурғандардың күрт өсіуі, жаппай вакцинациялауды  басталғаннан кейін адамдардың бұл ауруға шалдығуының  ушығып кеткені айқын. Бірақ оның себебін анықтайтын ғылыми сараптамалар жоқ. Осы вакцина алған адамдардың ішінен, қайта ауырған адамдарды анықтау қажет. Ештеңені жасырып қалуға болмайды, ол – ақиқатқа қиянат. Шындық түбінде бәрі бір белгілі болады.

* COVID-19 пандемиясымен күресуді тек вакцинациямен ғана шектемей, науқастан айығуына дұрыс тамақтанудың да әсер ететінін ескеру қажет. Яғни халықтың денсаулығын сақтаудағы басты мәселе – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Оны АҚШ-тың жаңа президентінің аз ғана уақытта пандемиямен күресудегі жетістіктері көрсетті. Басқа да Еуропа елдеріндегі адамдардың иммунитеттерін көтеру үшін, табыстары шектелген жұртқа жасалған әлеуметтік көмектерге көңіл аударған адам оны  ұғады. Сіз басқарып отырған министрлік өкіметтен пандемиямен  күресуге қаржы сұрап, ұсыныс жасағанда, еліміздегі кедейшілік көріп отырған халықтың бұл дертпен күресуге әлеуметтік жағдайларының келмейтінін ескертіп, бөлінетін қаржының көлемді бөлшегін осы тапшылық көріп отырған жұрттқа көмек көрсетуге арнайы жұмсалуының қажеттігін неге айтпадыңыз?   

* Пандемиямен күрес аз уақытта шешілмейді. Бұл дертті жою үшін, адамдардың вакцинаның көмегінсіз өздерінің иммунитетін табиғи жолмен көтеру үшін, екі ай уақыт керек екенін шетел ғалымдарының жасаған зерттеулері көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекетімізде адамдардың денсаулығының деңгейін көтеру үшін, ең әуелі кедейшілік көріп отырғандарды  тегін азық-түлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру мәселесін шешу бағдарламасын COVID-19 дертімен кұресуге бөлінетін қаржы есебінде болуы қажет. Бұл жерде екі мәселе шешіледі. Бірінші, адамдарды қымбат вакцина пайдаланбай COVID-19 дертінен сақтап қалу мүмкіншілігі ұлғаяды. Екінші, орта және шағын бизнестер тұрақты жұмыс істеп, көптеген адамдар жұмыссыздық қүйден құтылып, жергілікті бюджетке тұрақты кіріс түсуі тоқтамайды.

*  Пандемияның зардабын азайтып, адамдардың бұл дертке ұшырауын жеңілдету үшін, табиғатты ластап жатқан ауылшаруашылығы мен азық-түлік шығаруға қатысы бар салалардың  пайдаланатын химиялық заттарды шектеу бағдарламасы қажет. Меншіктік түріне қарамай, еліміздегі сусындар дайындайтын кәсіпорындар, түрлі тамақтандыру орындары мен кулинарияларда химиялық, басқа да жасанды қоспаларды пайдалануды шектеу мәселесін шешу керек.     

* Пандемияның тарауының өршуі адамдар көп шоғырланған қалаларда болатынын өмір көрсетіп отыр. Оны ғылыми сараптама жасасаңдар көздеріңіз жетеді. Ауылды жерлерде бұл дерт қаладағыдай өсіп отырған жоқ. Бұған ықпал етіп отырған табиғат пен ауыл адамдарының тамақтануындағы қалыптасқан жағдайының әсерінен химиялық заттардан алатын зиянның аздығы. Сондықтан вакцинация жүргізуді ауылды жерде өте сақтықпен ұйымдастыруды ойлау қажет. Егер ойсыз қалалардағы жасалып жатқан шаралардың матрицасын пайдаланса,  жағдай ушығуы мүмкін.

* COVID-19 вирусымен күресудегі жіберіп отырған кемшіліктердің бірі, ғылыми негіздегі республика бойынша қалалар мен аймақтардағы жағдайдың айнасы болатын сараптаманың жоқтығы. Республиканың ірі қалалары мен облыстардағы вирустың тарау деңгейіне баға бергенде көрсеткіш ретінде қолданып отырған аурулардың жалпы санына ғана сүйену, жағдайды жедел түзету үшін жеткіліксіз. Сондықтан ірі қалалар мен облыстар және аудандардағы жағдайды сараптама негізіндегі арнайы көрсеткіштер арқылы бағалап отыру қажет сияқты. Республика аймақтарындағы вируспен ауырғандар санының өсуін бағалайтын арнайы көрсеткіш болуын ескеру керек. Яғни ірі қалалар, облыстар мен аудандарда тұратын адамдарының көлеміне байланысты жасалатын сараптама жүз мың,  он мың тұрғынның қаншасы вирус жұқтырып отырғанын анықтайтын көрсеткіш пайдаланса ғана  пандемияның өсу динамикасын анықтап, жедел нақтылы ем-шараларды қажеттілік туған  жерлерде жедел қолдануға болады. 

Болат ДҮЙСЕМБІ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі
21.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 78
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 600
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 717
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 629
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 639

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8775
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8175
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11404
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9158
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10389