Мүмкіндігі шектеулі жандарды демейтін орталық

Мүмкіндігі шектеулі  жандарды демейтін орталық

Алматы  қаласының «Шапағат» көпсалалы оңалту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне, денсаулығын оңалтуға бағытталған шараларды жүзеге асырады.Орталықта 18 жастан І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға сегіз түрлі бағытта әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. 

Орталықтың материалдық базасы орталық сенсорлық бөлме, эрготерапия, физиотерапия, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, емдік дене шынықтыру, механотерапия мен кинезотерапия, жаттығу залы мен жуынатын бөлме, массаж кабинеттерімен қамтылған. Медициналық блокта емдік дене шынықтыру, уқалау бөлмесі, оқшаулау, физиоемдеу, дәрігер мен емшара бөлмесі бар. Орталық директоры Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, «Шапағат» көпсалалы оңалту орталығы бүгінгі таңда 56 мүмкіндігі шектеулі жанға қызмет көрсетіп отыр.

Мұнда қызмет алушыларды ыждағаттылыққа, тазалыққа баулу, өз-өзіне қызмет көрсетуін жетілдіру, жаны жаралы жандардың өмір сүруге деген құлшынысын оятып, дүниетанымын кеңейту, әдемілікке тарту, еңбек ету қабілетін арттыруда  әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар, дәрігерлер, психолог, еңбек терапиясы нұсқаушылары секілді 27 қызметкер еңбек етеді. Олар қызмет алушыларға тек медициналық және оңалту шараларын жүргізумен шектелмейді. Онан бөлек, ғимарат ішін жарымжан жандарға отбасындағыдай жағдай қалыптастырып, жылылық, әдемілік, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтындай етіп безендірумен айналысады. Оған орталықпен танысу барысында көз жеткіздік.

– Бізге келетін адамдар – ерекше жағдайдағы жандар. Сондықтан мамандарымыз олардың әрқайсысының ерекшеліктеріне сәйкес арнайы жоспар бекітіп, сол бойынша жеке-жеке жұмыс жасайды. Қызмет алушыларымыздың әр сағаты, әр сәті жоспарлаулы. Таңертең арнайы жаттығулар жасаумен басталатын әр күн түрлі ем-шараларға толы. Олардың қимыл-қозғалысын дамыту мақсатында мамандарымыз уақытпен санаспай жұмыс істейді. Әсіресе, еңбек терапиясының маңызы зор. Бұл мақсатта сурет салып,   қолөнермен айналысудың пайдасы мол, – дейді директор.

Әлеуметтік-медициналық, психологиялық қызметтер дәрігердің нұсқаулығымен әр адамның жағдайына қарай жүргізіледі. Қимыл-қозғалысынан айырылған адамдар үшін массаж, басқа да қалпына келтіретін ем-шаралар тағайындалады. Мүгедектігі бар жандар ерекше күтімді қажет етеді. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамға кіріктіру және ата-аналардың жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Осы орайда заманауи орталық көптің көкейінен бірден шықты. Қызмет алушылардың ата-аналары дән риза. Ата-анаға өте қолайлы. Сегіз сағаттық күн тәртібінде жұмыс жасайтын орталықтың тыныс-тіршілігі жоспарлы түрде өтеді.

Орталықта емдік дене шынықтыру тек қана дәрігердің тағайындауымен және ЕДШ нұсқаушысының қадағалауымен жүргізіледі. Емдеу дене шынықтырудың әдісін және құралын таңдау үшін аурудың ерекшелігі және қызмет алушының жағдайы есепке алынады. Емдік дене шынықтыру залы заманауи тренажерлармен жабдықталған, – дейді  «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ емдік дене шынықтыру нұсқаушысы Құрманғали Мәмбетов.

Берекелі істің басында білікті басшы тұратыны белгілі. Бұл орайда мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту орталығының басшысы Алимбекова Нұрзия Ағабекқызын өз ісінің шебері, ұтқыр ойлы басшы деуге негіз бар.Нұрзия Ағабекқызы – 2007 жылдан бастап әлеуметтік салада еңбек етіп келе жатқан маман. Сондықтан саланың қыр-сырына қанық екені сөзсіз. Оның бойындағы ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік, көпшілдік қасиет ұжымды ұйыстырып, берекелі тірлік тінін тарқатуға септігін тигізуде. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік жасап, олардың оңалуына үлес қосып отырған орталықтың алға қойған мақсаты да айқын.

 

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
21.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 177
ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КІЛЕМ ФАБРИКАСЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 70
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 110
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 130
 МАҚТААРАЛДА ЖЫЛЫНА 80 МЫҢ ТОННА МАҚТА ТАЛШЫҒЫН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 21
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 93
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 510
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 477
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 500
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 493
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 491
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 506
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 496
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9735
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9109
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12344
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10114
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11323