ОЙЫНЫҢ ОСЫЛҒЫР!

ОЙЫНЫҢ ОСЫЛҒЫР!
Кеше заңға қол қойылды: ойын бизнесі, лудомания мен лоторея қызметіне қатысты құқықтық норма күшіне енді!
🇰🇿 Президент Тоқаев мәселені Сарайшық құрылтайында көтерген, сол сөзден соң мәселе өзгеше сипат тапты, жоба әзірленді, Парламент талқылады, ақыры міні, Заң бар!
✅ Мемлекеттік қызметкер бәс тіге алмайды. Егер бәс тіккені әшкере болса, қызметтен қуылады!
✅ 21 жасқа толмаған тұлғаларға ойнауға тиым салынады, оларға мүмкіндік берген орталықтар лицензиядан айырылуы заңмен қаралады!
✅ Құмар ойындардың жарнамасының өрісі қысқарды. Сыртқы жарнама, смс хабарлама, масс медиа, кино мен видео түріндегі жарнамаға тиым салынды!
✅ 21 жасқа толмағандарға энергетик сатуға да тиым салынды!
🤦🏻‍♂️ Ойын - ошақтарды ойран етті, шаңырақтарды ортасына түсірді. Талай арыстай азамат әлсіздігінің құрбаны боп, бала-шағасы, ата-анасын зар жылатып, осы ойынның соңында жүріп өлді...
📍 Маңғыстауда, Бейнеудегі ашынғаннан ойынхананы өртеген азаматтың видеосын бәріміз көрдік. Жетіскеннен істелген қадам емес, арыстай азамат не істерін білмей осы қадамға барды...
📍 Алматы облысында әйелі мен екі баласын өлтірген қылмыскердің жағдайы да осы ойынның кесірінен қиындаған. Лудоман сорлы ойынға басымен кіріп кеткен, сүйтіп өзіне ең жақын адамдардың өмірін қиған...
📍 Қазақстанның қай қаласында да ойын ойнап, қарызға кіріп, ақыры сол қарыздың кесірінен асылып өліп қалған жағдайлар, таныстарымыздың таныстары бар...
❗️ Букмекер ұтылмайды, ойыныңды осып жібереді!!!
✅ Заң дер кезінде қабылданды. Жылдам баюдың елесімен жарыққа ұмтылған көбелектей боп жүрген жастар да кейін қайтатын болар.
❗️Айтпақшы, құқық қорғаушылар 200 мыңнан астам баланың жасы үлкендер арқылы сайтқа кіріп, солар арқылы ойнап жүргенін біліп отырған көрінеді. Яғни, ендігі жерде бұлай ойнағанға да, ойнатқанға да жаза бар. Сондықтан, балаңыз немен айналысып жүргенін қадағалаңыз!
Әйтпесе, ойыныңыз осылады!!!
Алмас Алтай
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ХАЛЫҚҚА  БЕРЕРІ МОЛ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 61
АҚСЕЛЕУ ауылы – орындалған арман
Сұхбаттасқан – Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 17.10.2024 55
Кейкі батырдың жүрегіндегі түк
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 50
МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚ  ЖАЙЛЫ САБАҚ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 51
МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ ӨТКЕН ШАРА
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 61

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6318
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 5755
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 8952
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 6750
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 7953