ОРАЗАҒА 3 НӘРСЕНІ ДАЙЫНДАУ

ОРАЗАҒА 3  НӘРСЕНІ ДАЙЫНДАУ

1. РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ.

Көптен бері көрмеген қадірлі бір қонақты күтіп алар кезде үй іші ыбырсып жатса, бар жұмысыңызды тастап, үйіңізді тазартуға кірісесіз ғой, иә! Сол сияқты өзіңізді 11 ай күттіріп, есігіңізден енгелі тұрған қасиетті Рамазанға дайындықты Шағбаннан бастап кеткеніңіз жөн. Өткен бір жыл ішінде қандай күнәлар жасадыңыз, қандай сауаптардан құр қалдыңыз, бәрін саралап, електен өткізіп, өз-өзіңізден есеп алыңыз. Жамандықтан тыйылып, жақсылықты арттырудың жолын іздеңіз. Ол үшін 11 ай бойы харамға қараған көздеріңіз үшін, харамды естіген құлақтарыңыз үшін, харамды ұстаған қолдарыңыз үшін, харамға барған аяқтарыңыз үшін Алла алдында тәубе етіңіз. Сонда ғана жаңа Рамазанға сақадай-сай әзір болып барасыз. Есіңізде болсын, Рамазанға дайындықты Шағбан айынан бастағаныңыз абзал. Ал, алдағы қасиетті айға әзірліксіз кіру нендей өкініш!

2. РАМАЗАНҒА НИЕТ.

Рамазанда жасаймын деген құлшылықтарыңызға Шағбан айынан бастап ниеттен. Алдын ала ниет етпей, ешбір амал қабыл болмайды. Рамазанға шынайы түрде ниет еткен соң, отыз күн оразаға қатысты үкімдерді үйрене бастағаныңыз жөн. Сол үкімдерді қазірден бастап, яғни Шағбан айында үй ішіңізге және жақын туыстарыңызға айтып түсіндіре беріңіз.

3. ӨЗ НӘПСІҢІЗДІ ТАҚУАЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ.

Қазірден, яғни Шағбан айынан бастап өз нәпсіңізді тақуалыққа тәрбиелеңіз. Өйткені Рамазан – тақуалықты одан әрі арттыруға мүмкіндік беретін ай. Алладан қорқа білу – мұсылманға міндет. «Әй, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгеніндей, сендерге де ораза парыз етілді» – деп басталатын аяттың «мүмкін тақуалық қыларсыңдар» деген сөздермен аяқталуында үлкен сыр бар. Бұхариден келген хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Алла оның жеп-ішуден тыйылуына мұқтаж емес», – деп айтқан.

16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 139
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 296
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 507

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 139
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 183
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 296
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 295
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 405