Орталық Азия елдері «Бірыңғай денсаулық» іс-қимылының негіздемелік бағдарламасын мақұлдады

Орталық Азия елдері «Бірыңғай денсаулық» іс-қимылының негіздемелік бағдарламасын мақұлдады

АЛМАТЫ, 2023 жылғы 28 қараша – ҚазақстанҚырғыз РеспубликасыТәжікстанТүрікменстанжәне Өзбекстан елдері үкіметтерінің өкілдеріадамдардыңжануарлардың денсаулығын жәнеэкологияны нығайту мақсатында көпсалалыөңірлік ынтымақтастықтың негізін қалайтын«Орталық Азиядағы бірыңғай денсаулық» іс-қимылының негіздемелік бағдарламасынмақұлдау үшін Дүниежүзілік банк ұйымдастырғанөңірлік конференцияға жиналды.

 

Ұзақ мерзімді жоспар және инвестициялықтұжырымдама бола отырыпНегіздемелікбағдарлама «Бірыңғай денсаулық» тәсілін тиімдііске асыру мақсатында денсаулық сақтауқоршаған ортаны қорғауауыл шаруашылығыэкономика және қаржы сияқты секторларарасындағы өзара іс-қимылды көздейді.Бағдарлама үш басым бағытты айқындайдызооноздық инфекциялармен күресумикробқақарсы препараттарға тұрақтылықтың алдын алужәне азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігінқамтамасыз ету.

 

Орталық Азия елдері COVID-19 пандемиясыныңпайда болуына әлі де болса осалдық танытадыжәне климаттың өзгеруі бұл қауіпті арттырадыЖануарлардан адамға берілетін ауруларды жылсайын бүкіл әлемде 1 миллиардтан астам адамжұқтырадыОлар мал шаруашылығыныңөнімділігіне айтарлықтай зиян келтіреді жәнесауда мүмкіндіктерін едәуір шектейді.

 

Бруцеллез (сарып) – жануарлардан адамғаберілетін ауру – жыл сайын Орталық Азиядағыадамдардың денсаулығы мен малшаруашылығына 76,2 млнАҚШ доллары көлемінде зиян келтіреді. «Бірыңғай денсаулық» тәсілі осы аурумен экономикалық тұрғыдан тиімдікүресуге мүмкіндік береді, ал салааралықэпидемиологиялық қадағалау мен тоңазытыпсақтау жүйелерін біртіндеп ендіру келесі 25 жылда123-294 млн. АҚШ доллары шамасында пайдакелтіреді.

 

«Негіздемелік бағдарлама Орталық Азия елдерінің пандемияға дайындық және оларға денқою саласындағы ынтымақтастығын кеңейтужолындағы маңызды қадам болып табыладыАдамдардыңжануарлардың денсаулығын жәнеқоршаған ортаны қорғау үшін өңірдің барлықелдерінің тығыз өзара әрекеттесуі қажет, - деді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскурякова. - Дүниежүзілік Банк ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесетінінмақтан тұтады және біз «Бірыңғай денсаулық» тұжырымдамасын іске асыру үшін қажеттіинвестицияларды тартуға дайынбыз.

 

«Орталық Азиядағы бірыңғай денсаулық» іс-қимылының негіздемелік бағдарламасы өңірелдерін азық-түлік жүйелерін нығайту жәнеәртүрлі әлемдік нарықтардағы сауданы кеңейтугеарналған құралдармен қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылығы өңірдің ЖІӨ-не елеулі үлес қосадыжәне Орталық Азияның кең ауылдықаймақтарының негізгі активтерінің бірі болыптабыладыал Негіздемелік бағдарламаны жүзегеасыру ішкі өндірісті тұрақты кеңейтугемалшаруашылығы және ауыл шаруашылығыөнімдерінің экспортын жандандыруға жәнеауылдық жерлерде экономикалық мүмкіндіктержасауға қолдау көрсетуге қабілетті.

 

Сонымен қатар, «Бірыңғай денсаулық» тәсіліОрталық Азиядағы экожүйелердің денсаулығынжақсарту есебінен ландшафттардыңбиоәртүрлілігі мен өнімділігін сақтауға ықпал етуімүмкін, ал жабайы табиғаттыжайылымдардыңнашарлауын және қоршаған ортадағы микробқақарсы препараттардың қалдық құрамын бірлескенаймақтық қадағалау экожүйелердің денсаулығын, мал шаруашылығының өнімділігін және адамденсаулығын жақсартудың қажетті шарты болыптабылады.

 

 

Егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін веб-сайтқа кіріңізhttp://www.worldbank.org.kz

Facebook желісіндегі біздің парақшамызға кіріңізhttp://www.facebook.com/worldbankkazakhstan

Twitter арқылы соңғы жаңалықтарды алып отырыңызhttp://www.twitter.com/worldbank

YouTube-тегі біздің арнамыз сіздер үшін жұмысістейдіhttp://www.youtube.com/worldbank

28.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14411
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14334
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29479
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28108
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31643