ОТПАНТАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ ТАНЫМ: ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ОТПАНТАНУ ЖӘНЕ  ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ ТАНЫМ:  ҒЫЛЫМИ ҚАУЫМДАСТЫҚ ҚҰРУ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. «Отпантану және ұлттық тарихи таным» ғалымдар мен зиялы қауым алқасы (бұдан әрі – Алқа) Маңғыстау облыстық Мәдениет басқармасына қарасты «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығы жанынан құрылатын тұрақты ғылыми-консультативтік, сараптамалық және қоғамдық-танымдық құрылым болып табылады.

1.2. Алқа қазақ халқының тарихи жадын, ұлттық дүниетанымын, этномәдени мұрасын, рухани сабақтастығын және түркі өркениетімен тарихи байланыстарын ғылыми тұрғыдан зерделеу мақсатында қызмет атқарады.

1.3. Алқа заңды тұлға болып табылмайды және коммерциялық немесе саяси мақсаттарды көздемейді.

1.4. Алқаның ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік және тұжырымдамалық қызметін «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығы қамтамасыз етеді.

 

II. МИССИЯСЫ МЕН МАҢЫЗЫ

2.1. Алқаның миссиясы – ғылым арқылы тарихи танымды тереңдету, тарихи таным арқылы ұлттық сананы кемелдендіру және ұлттық сана арқылы елдік құндылықтарды нығайту.

2.2. Алқа Отпан феноменін ұлттық тарихи танымның символдық және ғылыми өзегі ретінде қарастырады.

2.3. Алқаның маңызы:

– ұлттық тарихи жадыны жүйелеу;

– мәдени мұраны ғылыми айналымға енгізу;

– этномәдени сабақтастықты сақтау;

– ұрпақтар арасындағы рухани байланысты нығайту;

– тарихи-танымдық ғылымның жаңа бағытын қалыптастыру.

 

III. ҚЫЗМЕТ ҚАҒИДАТТАРЫ

– ғылымилық;

– академиялық адалдық;

– тарихи шынайылық;

– ұлттық жауапкершілік;

– рухани сабақтастық;

– пікір алуандығы;

– ғылыми тәуелсіздік;

– мемлекетшілдік;

– мәдени мұраға құрмет.

 

IV. ОТПАНТАНУ ҰҒЫМЫ

4.1. Отпантану – Отпан таудың тарихын ғана емес, ұлттық тарихи жадыны, рухани сабақтастықты, қоғамдық бірлікті және елдік құндылықтарды кешенді зерттейтін ғылыми бағыт.

4.2. Отпантану Ұлттанудың құрамдас ғылыми саласы болып табылады.

4.3. Ол келесі бағыттарды қамтиды:

– тарихи жады;

– Амал және Көрісу мәдениеті;

– Ұран от дәстүрі;

– қарашаңырақ институты;

– ұлттық дүниетаным;

– этномәдени мұра;

– түркілік тарихи сабақтастық.

 

V. АЛҚАНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ЖАС ШЕГІ

5.1. Алқа құрамына ғылым, мәдениет және гуманитарлық сала мамандары қабылданады.

5.2. Негізгі құрам:

– ғылым докторлары;

– ғылым кандидаттары;

– философия докторлары;

– зерттеушілер;

– жоғары оқу орындарының оқытушылары;

– мәдениеттанушылар;

– тарихшылар;

– этнологтар;

– фольклортанушылар;

– өнертанушылар;

– тәуелсіз зерттеушілер.

5.3. Жас мөлшері:

– жас зерттеушілер тобы: 20-25 жас;

– негізгі ғылыми құрам: 25-75 жас (тұрақты активтердің жас мөлшері).

Ал азаматтардың жеке ғылыми жұмыстары, зерттеулері, ұсыныстары немесе кеңестері болса, оларды Алқаның ғылыми сараптауына ұсынуына жас тұрғысынан шектеу қойылмайды.

 

VI. БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ (ТӨРАЛҚА)

6.1. Алқаның жоғарғы басқарушы органы – Төралқа.

6.2. Төралқа құрамы:

– Төраға;

– Төрағаның орынбасары;

– Ғылыми хатшы;

– Салалық бағыт жетекшілері.

6.3. Төралқа Алқа мүшелерінің арасынан ашық немесе жабық дауыс беру арқылы сайланады.

6.4. Төралқа өкілеттілігі:

– жылдық жұмыс жоспарын бекіту;

– ғылыми бағдарламаларды үйлестіру;

– мүшелікке қабылдау және шығару;

– ғылыми конференциялар 

ұйымдастыру;

– қорытынды ұсынымдар қабылдау.

 

VII. САЙЛАУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ 

МЕРЗІМІ

7.1. Төралқа мүшелері Алқа мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады.

7.2. Сайлау ашық немесе құпия дауыс беру арқылы өткізіледі.

7.3. Төралқа мүшелерінің өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл.

7.4. Бір тұлға қатарынан екі мерзімнен артық Төралқа мүшесі бола алмайды.

 

VIII. АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

ТӘРТІБІ

8.1. Алқа отырысы жылына кемінде екі рет өткізіледі.

8.2. Кезектен тыс отырыс Төралқа шешімімен шақырылады.

8.3. Шешімдер көпшілік дауыспен қабылданады.

8.4. Хаттама жүргізу міндетті.

 

IX. МҮШЕЛІККЕ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТОҚТАТУ

9.1. Мүшелік ерікті түрде жүзеге асырылады.

9.2. Қабылдау критерийлері:

– ғылыми немесе шығармашылық еңбек;

– зерттеу тәжірибесі;

– қоғамдық бедел;

– ұлттық мұраға үлес.

9.3. Мүшелік тоқтатылады:

– өз еркімен;

– ғылыми этиканы бұзса;

– жүйелі қатыспаса;

– Алқаның беделіне нұқсан келтірсе.

 

X. ҚОҒАМДЫҚ САБАҚТАСТЫҚ

10.1. Алқа қоғам пікірін, шежірелік деректерді және ақсақалдар тәжірибесін құрметтейді.

10.2. Олар ғылыми дерек емес, қосымша этномәдени контекст ретінде қарастырылады.

10.3. Ғылыми қорытынды тек академиялық әдіснамаға негізделеді.

 

XI. ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ 

МӘДЕНИ ШАРАЛАР

11.1. Алқа «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығында жоспарланған мәдени, ғылыми-танымдық және қоғамдық іс-шараларды ғылыми тұрғыдан сүйемелдейді.

11.2. Алқа аталған іс-шараларды бұқаралық, қоғамдық және ғылыми негізде дәріптеуге, ұйымдастыруға және олардың мазмұнын жетілдіруге қатысады.

11.3. Алқа мемлекеттік қадағалау мен қолданыстағы заңнама талаптары шеңберінде әдістемелік ұсынымдар әзірлейді және ғылыми-консультативтік қолдау көрсетеді.

11.4. Алқа ғылыми қауымдастық өкілдерін, зиялы қауым мүшелерін, мәдениет қайраткерлерін және білім иелерін Отпан мұрасын зерттеу мен насихаттау жұмыстарына жұмылдыруға ықпал етеді.

11.5. Алқа Отпантану бағытын ұлттық деңгейде орнықтырып қана қоймай, халықаралық ғылыми және мәдени кеңістікке шығаруға ұмтылады.

 

XII. «БІРЛІК ОТЫ» РӘСІМІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

12.1. Жыл сайын Амал мерекесі аясында өткізілетін «Бірлік оты» рәсімі Отпан таудағы дәстүрлі қоғамдық-рухани іс-шаралардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

12.2. «Бірлік оты» рәсімі Адай ата (қарашаңырақ ұғымы, қазақ шежіресі) ұрпақтарының өзара келісілген ішкі кестелік тізбесі негізінде дәстүрлі тәртіппен өткізіледі.

12.3. Жауапкершілікті алған ру сол жылғы «Бірлік оты» рәсімін (Амал мерекесін) ұйымдастыруға және өткізуге, қоғамдық негізде төрағалық етуге, қалыптасқан ережеге сай қызмет жасауға міндетті. («Адай Ата-Отпан тау» мекемесінің, ғылыми Алқа кеңесінің қадағалауында болады.)

12.4. «Адай Ата – Отпан тау» этномәдени орталығы қоғамдық жұмыстарды ғылыми Алқамен өзара үйлестіру арқылы жүзеге асырады.

 

XIII. ҚОРЫТЫНДЫ МАҢЫЗЫ

13.1. Алқа – ұлттық тарихи танымды ғылыми жүйеге түсіретін тұрақты интеллектуалдық алаң.

13.2. Оның қызметі ұлттық бірлік, тарихи жады және рухани сабақтастықты нығайтуға бағытталған.

13.3. Отпантану – тек ғылыми бағыт емес, ұлттың өзін-өзі тану кеңістігі.

ҰСТАНЫМ

«Отпантану – Отпанды тану ғана емес, Отпан тағылымы арқылы Ұлтты тану».

САБЫР АДАЙ,

«Адай Ата – Отпан тау» 

этномәдени орталығы 

тұжырымдамасының авторы

 

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫНЫҢ ЕСКЕРТУІ

Бұл материал автордың (Сабыр Адайдың) жеке 

ғылыми-танымдық көзқарасы негізінде әзірленген 

(ЖОБАЛЫҚ) мақала болып табылады.

 

18.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25903
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25351
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42756
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38586
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43150