ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы елімізде әр жылы лайықты атап өтіледі. Биыл Ташкент облысында да кең тойланды. Облыс әкімі Зойир Мирзаевтың басшылығында өткен мерекеде әр халық өзінің ұлттық құндылықтарын насихаттап, әдет-ғұрыптары мен мәдениетін дәріптеп, ұлттық спорт түрлері мен қолөнерін көрсетіп, киімдерін киіп,  шараға қатысқан жұртты тәнті етті. Бұл мерекеге тек мұсылман халықтары ғана емес, елімізде жасайтын 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері түгел қатысты. Наурыз — жаңару, тазару мерекесі. Сондықтан да облыс көлемінде өткен мереке бірліктің, бейбітшіліктің және ұлтаралық татулықтың символы ретінде ерекше атап өтілді. 

Облыстағы барша аудандар мен қалаларда өткен мерекелерде де өзбек, қазақ, қырғыз, тәжік, әзербайжан, ұйғыр, корей, татар, тағы басқа ұлт өкілдері қатысып, әрқайсысы жер-жерлерде өткен мерекелік іс шараларда ұлттық құндылықтарын насихаттады. Соның ішінде біздің қазақтарда отау тігіп, салт-дәстүрлерімізден көріністер көрсетіп, ән мен жырын шалқытып, датархандарын ұлттық тағамдармен толтырды. 

Ташкент облысының әкімшілік орталығы ретінде жаңадан бой көтерген Нұрафшан қаласында өткен шараға облыстық Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Дәмір Қалдыбаев және орталықтың белсенділері қатысты. Олар мұнда ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді насихаттады. 

— Біз тіккен отауда облыс әкімі З.Мирзаев қонақ болып, ұлттық құндылықтарымызды жоғары бағалады. Ташкент облысында қоныстанған халықтар ежелден бауырлас екенін тілге тиек етті, — дейді Дәмір Қалдыбаев. — Наурыз мерекесінде ғана емес, облыста өтетін барлық іс шараларда белсенділік танытамыз. Бұл мерекелерге қатысудағы мақсатымыз, ұлттық құндылықтарымыз бен ана тілізді сақтауға және оны насихаттауға бағытталған. 

Мерекелік шаралар Қыбырай, Жоғарышыршық, Бостандық, Ташкент, тағы басқа аудандар мен қалаларда жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар облыста 123 мектепте оқушылар қазақ тілінде білім алса, соның ішінде 40 мектеп таза қазақ тілінде жұмыс жүргізеді. Бұл мектептерде де Наурыз мерекесі кең тойланды. Солардың бірі Қыбырай ауданындағы №23 жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Мектеп оқушылары сынып жетекшісі Гүлбану Тұрғынбаевамен аудандық мерекеге де қатысып, «Қара жорға» биін билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді. 

Мереке қарсаңында облыс орталығы Нұрафшан қаласында, аудандар мен қалаларда, сондай-ақ ауылдарда көптеген нысандар пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, 100-ден астам елді-мекен ауыз сумен қамтылып, жолдаар жөнделді, 30 ауылдық азаматтар жиынының ғимараты, 11 спорт нысаны және 3 дәрігерлік мекемесі халық игілігіне тапсырылды. Осылайша көпұлтты Ташкент облысының тұрғындарына қолайлы жағдай, заманалық мүмкіндіктер жасалынып, шынайы ұлтаралық татулық өзінің жарқын көрінісін тапты.

Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы.
23.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 63
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 42
Пресс-релиз
- 28.09.2023 16
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 63
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 840

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2570
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2401
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2509
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2489
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2537