Парижде өтіп жатқан паралимпиада ойындарына атыраулық спортшылар да қатысып, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев пен жеңіл атлетикадан Гүлбақыт Қайыржанова үздік бестікке ілінді.
Сонымен пара дзюдодан Ғалымжан Смағұлұлы, Ерлан Өтепов, Альфия Тілекқабыл, Зарина Райфова, Жұрқамырза Шүкірбеков бақ сынайды. Ал, волейболдан ұлттық құрамада Қуаныш Тажиков, Бауыржан Сартаев, Пердебай Намұратов, Ақылбек Шикібаев, Берік Ізмағанбетов, Жанғали Сүйеуов, Нұртау Мұқанбетқалиев және Ерлан Битеміров бар.
Айта кетейік, ел намысын қорғауға аттанған 44 спортшының ішінен алғашқылардың бірі болып Пара нысана көздеуде тарихи медальға Еркін Ғаббасов күміс жүлдемен қол жеткізді.