Патриоттық акция мәреге жетті

Патриоттық акция  мәреге жетті

Астанада 100-ге жуық жұмысшы Әнұранды шырқады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен сөйлеген сөздерінде «Адал азамат» тұжырымдамасы мен «Еңбек адамы» идеясын үнемі алға тартып келеді. Президент ел дамуының қозғаушы күші – қарапайым жұмысшылар, өз ісінің шеберлері мен адал еңбегімен нанын тауып жүрген азаматтар екенін жиі айтады. Бүгінгі қоғамда дәл осы еңбек адамдарының мемлекетшілдік ұстанымы мен отаншылдық рухы ерекше бағаланады.

Осы құндылықтардың жарқын көрінісі ретінде, Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «Бәйтерек» монументі алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын салтанатты түрде орындау рәсімі өтті. 

Патриоттық іс-шараға елорданың тазалығы мен көркіне күн сайын үлес қосып жүрген «Астана Тазалық» қалалық мекемесінің 100-ге жуық қызметкері қатысып, Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.

Біздің мекемеде 1500-ден астам адам қызмет етеді. Олардың бір бөлігі бүгінгі іс-шараға қатысты. Бұл біз үшін патриоттық рухты нығайтуға, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға және ел бірлігін дәріптеуге өз үлесімізді қосу мүмкіндігі, – деп атап өтті «Астана Тазалық» ЖШС баспасөз хатшысы Қымбат Бақыткелді.  

Іс-шараның мақсаты – патриоттық рухты нығайту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және қоғамда азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.

«Таза сана – таза қала» қағидатын басшылыққа алған кәсіпорын қызметкерлері қала тазалығын сақтаумен қатар, елге деген құрмет пен бірлік құндылықтарын насихаттауға да ерекше мән береді.

Біз үшін бүгінгі шараның маңызы зор. Мемлекеттік Гимнді бірге орындау – елімізге, мемлекеттік рәміздерімізге деген құрметтің белгісі. Қызметкерлері күн сайын қаланың тазалығы үшін еңбек етеді. Осындай патриоттық іс-шараларға қатысу – біз үшін үлкен мақтаныш. 

Барша қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! – дейді «Астана Тазалық» ЖШС қолмен жинау бридагасының шебері, 6 жылдан аса еңбек ететін қызметкер Айгерім Шілімбетова.

 

16.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде қала педагогтерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті
Мейрамгүл ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 02.09.2026 270

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27686
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27176
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44539
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40256
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44879